Пробные тесты ҰБТ 2013 каз 101 вариант

Пробные тесты ҰБТ 2013 каз 105 вариант
 
Пробные тесты ҰБТ 2013 каз 104 вариант
 
Пробные тесты ҰБТ 2013 каз 103 вариант
 
Пробные тесты ҰБТ 2013 каз 102 вариант
 
Пробные тесты ҰБТ 2013 каз 101 вариант
 
Внимание! В описании не приложил математику и физику и некоторые другие предметы. Чтобы получить доступ к ним, скачайте материал.

Назар аударыңыз!
 
1. Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі және орыс тілі тестілерінен тұрады.
 
2. Тест сынағына берілетін уақыт – 210 минут (3,5 сағат).
 
3. Сіз қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және өзіңіз таңдаған бесінші пән бойынша тест тапсыруыңыз қажет.
 
4. Жауап беруді кез келген пәннен бастауға болады.
 
5. Тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс.
 
6. Таңдаған жауабыңызды жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеңіз.
 
7. Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.
 
8. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтырыңыз.
 
9. Тест сынағы біткен соң сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.
 
ЕСКЕРТУ:
- сұрақ кітапшасын ауыстыруға;
- сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;
- жауап парағын ауыстыруға
қатаң тыйым салынады.
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ
 
1. Кәсіби сөздердің қатарын анықтаңыз
A) Ұжым, сым.
B) Атауыз, әңгелек.
C) Синоним, ағза.
D) Отарба, cадақ.
E) Әдебиет, тәрбие,
2. Қысаң дауыстылардан құралған сөзді табыңыз.
A) Кітап.
B) Қонжық.
C) Аспан.
D) Барлық.
E) Күміс.
3. Дұрыс тасымалданбаған сөзді табыңыз.
A) Си-но-ним.
B) Жыр-ау-лар.
C) Ай-на-гүл.
D) Жа-сан-ды.
E) Лек-си-ка.
4. Күрделі сөзді көрсетіңіз.
A) Айдаһар.
B) БҰҰ.
C) Үтір.
D) Тоғыспалы.
E) Өнерпаз.
5. Жіңішке дауысты дыбыстан құралған еліктеуіш сөзді көрсетіңіз.
A) Борт.
B) Гүрс.
C) Ирелең.
D) Ербең.
E) Сақ.
6. Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Алыс жолда арып-шаршаған жоқсыңдар ма
B) Біздің бәріміздің ойымызда  осы елдің абыройы тұруы керек
C) Ал бүгінгі заман өзгерді, бүгінде бәрі дайын
D) Бүгінгі болашақ қамы – ертеңгі ұлттың қамы
E) Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде
7. Синонимдерді табыңыз.
A) Келбет, пішін, ағза.
B) Алыс, жақын.
C) Алпамсадай, алым.
D) Амандасу, қоштасу.
E) Кездесу, жүздесу.
8. Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз болып келетін қос сөзді табыңыз.
A) Әрі-бері.
B) Ығы-жығы.
      C) Келін-кепшік.
D) Ауыл-аймақ.
E) Азды-көпті.
9. Көмекші есімді сөйлемді табыңыз.
A) Шапқыласқан жылқышылар екені де сезіледі.
B) – Шыңғыстың бөктері тегіс көктепті-ау! -деп, айналаға көз жіберіп келе жатты.
C) Зеңбіректің добы да, мылтықтың оғы да нысанаға тимеді.
D) Абай әңгіме айтуға бір түрлі шешен, шебер боп барады.
E) Ажалды жылан жол үстінде жатады.
10. Қате жазылған қатарды көрсетіңіз.
A) Еш қайда.
B) Еш адам.
C) Еш жерде.
D) Еш уақытта.
E) Еш нәрсе.
11. Түбірі есім сөзден жасалынған туынды етістікті   анықтаңыз.
A) Көр, бер.
B) Айтты, жайды.
C) Кел, бар.
D) Ағар, қысқар.
E) Алған, салған.
12. Мөлшер үстеуі бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Әбдірахман бүгін ауылнаймен әңгімелесті.
B) Көптен бері іздегендерім осында екен ғой.
C) Күлзипа істеген ісіне балаша мәз болды.
D) Есімбек бай онша жақсы көрмеген адамның қалыбын істеді.
E) Базарбай бір жапырақ қағазды Әбдірахманға әдейі берді.
13. Одағай сөзді анықтаңыз.
A) Япырмау, мынау Ақбөкен емес пе?
B) Жігіттер, аруды аттан түсіріңдер!
C) Иә, бұл сол күйсандықтың кілті.
D) Бәсе, ауылыңызға барыңыз.
E) Батыр, бұл айыбың ба?
14. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ол бір қызыл әскерді кездестіріпті-міс.
B) Аққулы көлдің жағасына ауыл қонған.
C) Шыбықтың бәрі бәйтерек бола бермейді..
D) Қоңыр домбыраның жағымды үні естілді.
E) Кезек жас жігітке келеді.
15.  Қабысуды белгілеңіз.
A) Ірімшігін қайнатып, құртын жайды.  
B) Көшеді ел, көшеді замандар да.
C) Біздің жұрт «Кеңбұлақты» мекендеген.
D) Боз далам, күрең далам, жасыл далам.
E) Ризамын жастыққа, текке өтпеді.
16. Мекен пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Кененмен бірге мың қаралы үй ерді.
B) Көш ұзаған сайын, жыр да ұзай берді.
C) Тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтың ең соңғы көші еді.
D) Осы арада азырақ көз шырымын алдырсақ қайтеді?
E) Қамығып тұрды Кене жұртын ойлап.
17. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтаңыз.
Хакім кітапты ұстаған күйі, Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен
тыңдады.
A) Мақсат бағыныңқылы сабақтас.
B) Себеп бағыныңқылы сабақтас.
C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.
D) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.
E) Шартты бағыныңқылы сабақтас.
18. Одағай сөзге тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз.
A) Уа қой, деймін бала.
B) Уа, қой деймін, бала!
C) Уа, қой, деймін, бала!
D) Уа, қой деймін бала.
E) Уа қой деймін бала.
19. Стиль түрін анықтаңыз.
Ұлы географиялық ашылулар кезінде Канар аралдары испандардың саяхаттарына аттанатын тірек пункті қызметін атқарған.
A) Ғылыми стиль.
B) Публицистикалық стиль.
C) Көркем әдебиет стилі.
D) Ауызекі сөйлеу стилі.
E) Іс-қағаздар стилі.
20. Сөйлемдерден омонимдік қатарды табыңыз.
A) Шағыл жерден құдық қаз. Қаңқылдап қаз ұшты.
B) Дертіне дауа іздеді. Ауасы – дертке дауа, жанға жайлы.
C) Құсқа айналады. Құстар қайтып барады.
D) Біліммен мыңды жыға біл. Мыңды төртке бөл.
E) Қаланың қақпасы ашық. Қақпадан кірді.
21. Сөйлем ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.
A) Біреуден кек алуды ойлама, ол өзіңе ыңғайсыз жай болып оралуы мүмкін.
B) Болыс қарамағындағы елді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстады.
C) Түсіндің жанын жырымның, қарадың үнсіз асқарға.
D) Ғарышқа ұшатын зымырандардың тұрқы - жүз метр.
E) Ішсе асқа, кисе киімге жарымады емес пе?
22. Күшейтпелі шырайы бар сөйлемді белгілеңіз.
A)  Табаны жалпақ та, тайпақ та емес, аяғының үсті биік, бар денесі шақпақтай.
B) Тұмсығы қалмақы қылыштай қайқая біткен.
C)  Бораш бір аққұбалау ғана, қағілездеу бала екен.
D) Көкпеңбек мұнара көк аспанның өзімен астасып кеткендей.
E) Тобықты ішінде Момыш бөлек бітімді ру болды.
23. Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.
A) Ұлттың болмысын жадына түйген, көкірегі қазына қарияларды күмбірлетіп жазады.
B) Мұндай өлеңдер ауылдан тамыр тартқан қаламгерлердің шығармаларында жетіп артылады.
C) Қазақтың даласында ұлттың киелі ұғымдары сол күйінде сақталған еді.  
D) Жусан иісі мен киесі атамекен деген түсінікпен қатар жүретінін айғақтап берді.
E) Абайдың Шұбарға жаны ашығандай болды.
24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді сөйлемді табыңыз.
A) Бұрынғы қазақтың жайын жақсы білетін адамдар айтыпты: “Би екеу болса, дау төртеу болады,” - деп.
B) “Бұрынғы қазақтың жайын жақсы білетін адамдар айтыпты: Би екеу болса, дау төртеу болады,” - деп.
C) Бұрынғы қазақтың жайын жақсы білетін адамдар айтыпты: Би екеу болса, дау төртеу болады, - деп.
D) Бұрынғы қазақтың жайын жақсы білетін адамдар айтыпты: “Би екеу болса” дау төртеу болады, - деп.
E) Бұрынғы қазақтың жайын жақсы білетін адамдар айтыпты; “Би екеу болса, дау төртеу болады” - деп.
25. Сөйлем соңынан қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.
Мынау не айтып тұр-ей, өзі
A) Сұрау белгісі.
B) Леп белгісі.
C) Нүкте.
D) Сұрау және леп белгісі.
E) Көп нүкте.
 

ҚАЗАҚ ТІЛІ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
 

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
 

1. 1643 жылы жоңғармен шайқаста Алшын Жалаңтөс батыр көмекке келді:
A) Есім ханға
B) Жәңгір ханға
C) Қайып ханға
D) Тәуке ханға
E) Тұрсын ханға
2. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына түрткі болды:
A) 1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығы
B) 45 млн. десятина жердің тартып алынуы
C) Столыпиннің аграрлық саясаты
D) Салықтың шамадан тыс көбеюі
E) Баж салығының қазақтарға міндеттенуі
3. 1917 ж. қарашаның 22-сінде М.Шоқай ашқан Бүкілтүркістандық төтенше IV съезд өтті:
A) Минскіде
B) Ташкентте
C) Түркістанда
D) Қоқанда
E) Верныйда
4. Мәскеу түбінде ерлік көрсеткен қазақ батырлары:
A) Р.Қошқарбаев, Г.Булатов
B) М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров
C) А.Егоров, З.Құсаинов
D) Қ.Сыпатаев, Т.Мырзаев
E) Л.Беда, И.Павлов
5. XX ғ. 50-жылдарында Теміртаудағы жұмысшылар наразылығының себебі:
A) ұлтаралық қақтығыстар
B) еңбекақының аздығы
C) құрылыстың баяу жүргізілуі
D) басшылардың дөрекілігі
E) әлеуметтік жағдай
6. 1960 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды:
A) Ж.Шаяхметов
B) Л.И.Брежнев
C) П.К.Пономаренко
D) Н.И.Беляев
E) Д.А.Қонаев
7. ХІ ғасырда қыпшақ хандығының қолына толығымен көшкен қағанат жері:
A) Қимақ
B) Түрік
C) Түркеш
D) Қарлұқ
E) Оғыз
8. Дың ескерткіштері көп сақталған жерлер:
A) Орталық Қазақстан, Жетісу
B) Тобыл, Торғай бойы
C) Солтүстік Қазақстан, Ертіс бойы
D) Сібір, Орал өңірі
E) Жайық, Еділ бойы
9. Әбілқайырды хан (XV ғасыр) сайлағанда қатысқан ақсүйек-шонжарлар саны:
A) 500-ге жуық
B) 600-ден астам
C) 200-ден астам
D) 400-ге жуық
E) 300-ден астам  
10. Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы қоңыраттар мекендеген өңір:
A) Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлер
B) Алтай, Тарбағатай өңірлері
C) Ертіс бойы
D) Түркістан мен Қаратау аралығы
E) Жетісу жері
11. 1570 жылдардың аяғында Хақназардың билігінде болған өңір:  
A) Жетісудың шығысы
B) Жетісудың солтүстік-шығысы
C) Шу, Талас өңірі
D) Ертіс бойы
E) Мауараннахр
12. Тәуке ханның мирасқоры:
A) Қасым хан
B) Қайып хан
C) Әбілқайыр хан
D) Хақназар хан
E) Барақ сұлтан
13. 1860 жылы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс:
A) Басталды
B) Жеңілді
C) Жаңа кезеңге өтті
D) Қазақ жеріне тарады
E) Өрістей түсті
14. 1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай көтерілісін жаншуға жіберген жазалаушы отрядты басқарған подполковник:
A) Пономарев
B) Геке
C) Рукин
D) Колпаков
E) Смирнов
15. 1886 жылғы «Ережеге» сай мұсылман тұрғындардың ісін жүргізетін төменгі сот буыны:
A) Қазылар соты
B) Халық соты
C) Бітістіруші сот
D) Билер соты
E) Хандық сот
16. Қазақстанның Ресейге қосылу процесі аяқталды:
A) ХІХ ғ. 40-жылдары
B) ХІХ ғ. соңы
C) ХІХ ғ. басы
D) ХІХ ғ. 60-жылдары
E) ХІХ ғ. 30-жылдары
17. XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің өкілі:
A) Олжас Сүлейменов
B) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
C) Шерхан Мұртаза
D) Ғабиден Мұстафин
E) Тайыр Жароков  
18. 1927 жылы Әміре Қашаубаев өнер көрсеткен ел:
A) Дания
B) Франция
C) Англия
D) Германия
E) Испания  
19. 1991 жылы 7 қыркүйекте болған Қазақстан Компартиясының төтенше съезінде қабылданған шешім:
A) Партияның атауын өзгерту
B) Қазақстан компартиясын тарату
C) Қазақстан компартиясын ұлғайту
D) Партияға жастарды көбірек тарту
E) Қазақстан компартиясының жаңа басшысын сайлау
20. Қ.И.Сәтбаевтың есебі бойынша көне заманда Жезқазғанда өндірілген 1 миллион тонна кеннен қорытылған мыстың мөлшері:
A) 100 мың тонна
B) 300 мың тонна
C) 200 мың тонна
D) 250 мың тонна
E) 50 мың тонна
21. 1960 жылы зерттелген Шығыс Қазақстан жеріндегі қорған атауы:
A) Тасмола
B) Бесшатыр
C) Шілікті
D) Берел
E) Шірік-Рабат
22. Алғаш Жібек сататын орындары болған Жапония астанасы:
A) Нарга
B) Киото
C) Эдо
D) Хиого
E) Хаката
23. XIX ғасырдың аяғында есімдері көпшілікке танылған қазақ саудагерлері:
A) Тіленшіұлы, Шопайұлы
B) Жетікұлы, Жандыбайұлы
C) Майлыбайұлы, Тілекұлы
D) Доғанбекұлы, Қалдыбайұлы
E) Жәнібекұлы, Майлыбайұлы
24. Өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғаушы, 1906 жылғы Мемлекеттік Думаның депутаты:
A) А.Қалменұлы
B) Б.Құлманов
C) М.Тынышбаев
D) Б.Қаратаев
E) Ш.Қосшығұлов
25. 1992 жылдан бастап байланысын нығайтқан халықаралық ұйымдардың бірі:
A) «Ислам конференциясы»
B) «Орталық Азия» одағы
C) «Дүниежүзілік сауда ұйымы»
D) «Экономикалық кеңес»
E) ЮНЕСКО  
 

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
БИОЛОГИЯ
 

1. Қазақстан Республикасының алғаш шыққан Қызыл Кітабы:
A) 1992 ж.
B) 1981 ж.
C) 1980 ж.
D) 1978 ж.
E) 1990 ж.
2. Өсімдікке жасыл түс беретін пластид
A) Хлоропластар  
B) Лейкопластар  
C) Хромопластар
D) Вакуоль
E) Грана
3. Бір жасушалы ағза
A) Айқұлақ.
B) Ақ сұлама.
C) Вирус.
D) Шұбалшаң.
E) Жасыл эвглена.
4. Құстардың қарны ... бөлімнен тұрады
A) 3
B) 5
C) 4
D) 2
E) 6
5. Бұршақ тұқымдасының белгісі:
A) Жемісі - бұршаққын.
B) Аталығы көп.
C) Жемісі - бұршаққап.
D) Гүлінде бір аналық, алты аталығы бар.
E) Жемісі - жидек.
6. Ең жіңішке қантамырлар.
A) капилляр (қылтамырлар)
B) артерия
C) капилляр және артерия
D) қолқа
E) вена
7. Қосалқы бүршіктердің дамитын орны -
A) Жапырақта, тамырда, сабақта, тамырсабақта.
B) Жапырақ қолтығы.
C) Гүлде.
D) Өркен буынында.
E) Өркеннің ұшы.
8. Ұрықтың  құрылысы.
A) Тұқым жарнақ, тұқым бастама.
B) Тұқым қабықша, өзекше, жарнақ.
C) Эндосперм, жемісқап, қауыз.
D) Тамырша, сабақша, бүршікше.
E) Эндосперм, жарнақ, бүршік.
9. Тұқымның спорадан айырмашылығын табыңыз.
A) Біржасушалы түзіліс
B) Жыныссыз түзіліс
C) Жынысты түзіліс
D) Қаптама
E) Көп жасушалы түзіліс
10. Дыбыс тербелісін сезгіш ішекқуысты.
A) Актиния.
B) Обелия.
C) Гидра.
D) Цианеа.
E) Медуза.
11. Қыртөссіз құсты анықтаңыз.
A) Ұлар.
B) Пингвин.
C) Түйеқұс.
D) Тоқылдақ.
E) Шағала.
12. Нәруыздың мономері
A) Глюкоза
B) Аминқышқыл
C) Қант
D) Глицерин
E) Май қышқылы
13. Ішкі құлақтағы қуыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйе
A) Дыбыс жолдары
B) Құлақ қуысы
C) Жарғақ
D) Құлақ қалқаны
E) Шытырман
14. Қысқа сүйек
A) шыбық сүйек
B) омыртқа
C) асықты жілік
D) бұғана
E) қабырға
15. Бронхы дегеніміз -
A) көкірек қуысының ішкі қабырғасы.
B) ұсақ көпіршіктер.
C) ауаға толы ауатамыр ұштары.
D) өкпенің сыртқы жылтыр, тегіс қабықшасы.
E) кеңірдектің жалғасы.
16. Гликоген қор заты болып жиналады
A) Аш ішекте
B) Бауырда
C) Теріде
D) Асқазанда
E) Мида
17. Ядро мембранасының (жарғақшасының) ішіндегі қуыстарды толтырып тұратын зат:
A) Ядрошық.
B) Ядро шырыны.
C) Цитоплазма.
D) ДНҚ молекуласы.
E) Саңылаулар (жарғақшаның жұқарған жері).
18. Оттексіз ортада тіршілік ететін ағзалар
A) Аэробты
B) Сапрофитті
C) Автотрофты
D) Анаэробты
E) Гетеротрофты
19. Егеуқұйрық санының елді мекенде көбеюі:
A) Механикалық ластану.
B) Химиялық ластану.
C) Биологиялық ластану.
D) Радияциялық ластану.
E) Физикалық ластану.
20. Жасаушадан тысқары жерде зат алмасуы жүрмейді
A) Саңырауқұлақтар
B) Қыналар
C) Балдырлар
D) Бактериялар
E) Вирустар
21. Кладофора балдырын пайдаланатын өндіріс
A) Тамақ өндірісі
B) Қағаз өндірісі
C) Фармацевтика өндірісі
D) Пласмассалау
E) Тоқыма өндірісі
22. Қабырғасы қалың бұлшықетті түтікше пішінді жұп мүше
A) Несепағар (зәрағар)
B) Зәр шығару өзегі
C) Өкпе
D) Бүйрек
E) Қуық
23. Лимон қышқылын айналымына даярлық кезеңі басталады.
A) Пируват молекуласының өзгеруінен басталады.
B) Глюкозаның митохондрияға келіп түсуінен басталады.
C) Митохондрияның сыртқы мембранасына сутек атомдарына толуынан басталады.
D) Митохондрияның сыртқы мембранасына сутек иондарына толуынан басталады.
E) Энергиясы мол органикалық заттар энергиясы аз қарапайым заттарға ыдырауынан басталады.
24. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізін қалаған
A) Х. Де Фриз
B) К. Корренс
C) Ч. Дарвин
D) И.Н. Вавилов
E) Т. Морган
25. Адамдағы атавизм белгілері-
A) Қалың түктілігі.
B) Үшінші қабақ.
C) Құлақ қалқаны.
D) Соқыр ішек өскіні.
E) Адам қаңқасындағы құйымшақ.
 

БИОЛОГИЯ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
 

ГЕОГРАФИЯ
 

1. Қазақтың тұңғыш географ - ғалымы:
A) Қ.Сатпаев
B) Әл-Бируни
C) Ш.Уәлиханов
D) Ұлықбек
E) Әл-Фараби
2. Азимутты ... өлшейді
A) Километрмен.
B) Градуспен.
C) Сағатпен.
D) Пайызбен.
E) Сантиметрмен.
3. Қазақстан тәуелсіздік алған жыл:
A) 02.03.1992
B) 10.12.1993
C) 29.12.1992
D) 16.12.1991
E) 26.08.1936  
4. Қазақстанның астанасы орналасқан өзен.
A) Іле.
B) Ертіс.
C) Есіл.
D) Нұра.
E) Жайық.
5. Бурабай курорты орналасқан тау.
A) Баянауыл.
B) Көкшетау.
C) Мұғалжар.
D) Маңғыстау.
E) Қарқаралы.
6. Қазақстандағы миллионер қала.
A) Астана.
B) Қарағанды.
C) Алматы.
D) Тараз.
E) Орал.
7. Мұхитты ең көп ластайтын зат
A) Кемелер
B) Ағзалар
C) Минералдар
D) Мұнай
E) Тұз
8. Табиғи күйінде ағаш өсімдігі негізгі орын алатын табиғат зона:
A) Дала
B) Шөл
C) Шөлейт
D) Тундра
E) Орман
9. Дүниежүзілік мұхиттағы биологиялық өнімділіктің жоғары ауданы
A) Түрлі қаситеттегі судың араласуы
B) Жылы және салқын сулардың түйісу аймақтары
C) Батыс желдердің қуаттылығы
D) Беткі ағыстардың жылу мен ылғалды тасымалдауы
E) Жылы суларды полюстерге қарай бағыттауы
10. Африкадағы  кофенің отаны атанған мемлекет.
A) Алжир.
B) Эфиопия.
C) Сенегал.
D) Того.
E) Ботсвана.
11. Қазақстанға тропиктік ауа массасы келеді
A) Күзде
B) Жыл бойы
C) Қыста
D) Жазда
E) Күзде
12. Екібастұз көмірінің ... өзіндік құны төмен:
A) Орталықта орналасуына байланысты.
B) Көмірдің  күлінің көп болуына байланысты.
C) Көмір қорының молдығына байланысты.
D) Географиялық орнына байланысты.
E) Жер бетіне жақын орналасуы және ашық әдіспен өндірілуіне байланысты.
13. Түсті металлургияның алғашқы ірі кәсіпорындары
A) Риддер, Қарсақбай
B) Өскемен, Глубокое
C) Желоничка, Өскемен
D) Жуқарай, Балқаш
E) Қоңырат, Саяқ
14. Қазақстан Үндістан елінен алады.
A) түсті металлургия
B) ауыр өнеркәсіб өнімдерін
C) автомобиль бөлшектерін
D) дәрі-дәрмек, шай, тұрмыстық тауарлар
E) құрылыс материалдарын
15. Адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы.
A) Демография.
B) Этнос.
C) Еңбек ресурстары.
D) Жастық құрамы.
E) Миграция.
16. Әлемдегі ірі авиалайнер “Боинг-747” шығаратын компания орналасқан ел:
A) Жапония
B) АҚШ
C) Германия
D) Франция
E) Швейцария
17. Ресей халқының %-н орыстар құрайды  
A) 60-62    
B) 65-67
C) 70-72  
D) 75-76    
E) 80-82
18. Қытайдың негізгі басты астығы
A) Бидай.
B) Тары.
C) Күріш.
D) Арпа.
E) Жүгері.
19. Мұхит аралдарының сыртқа шығаратын басты өнімі  
A) теңіз өнімдері      
B) копра      
C) табиғи каучук    
D) дәнді дақылдар      
E) жеміс-жидек    
20. Жердің өз білігінен айналуы ...себепші болады.
A) жыл ішіндегі ырғақтылықты
B) желдің қозғалуына
C) ауаның алмасуына
D) тәуліктік  ырғақтылыққа
E) су айналымына
21. Тынық мұхиты жағалауындағы мемлекеттер:
A) Эквадор, Чили, Венесуэлла
B) Панама, Чили, Аргентина
C) Перу, Боливия, Чили, Эквадор
D) Чили, Перу, Эквадор
E) Колумбия, Бразилия, Эквадор
22. Шөл зонасындағы өзен аңғарларында әр түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар:
A) Тоғай
B) Құмды шөл
C) Тақыр
D) Ну орман
E) Тасты шөл
23. Сауыр-Тарбағатай Сарыарқаның қай жағында орналасқан.
A) Батыс.
B) Орталық.
C) Солтүстік-шығыс.
D) Оңтүстік-батыс.
E) Шығыс.
24. Орталық Қазақстанда қала халқының басым болу себебі:
A) Аса маңызды индустрия орталығы.
B) Қуатты жылу электр орталығының болуы.
C) Темір жол магистральдары өтеді.
D) Географиялық орны қолайлы.
E) Жер көлемі үлкен.
25. Темір кен қоры мол мемлекет:
A) Перу.
B) Венесуэла.
C) Аргентина.
D) Мексика.
E) Бразилия.
 

ГЕОГРАФИЯ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
 

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ
 

1. VII ғ. басында Үндістанда құрылды:
A) Әмір Темір мемлекеті
B) Гупта мемлекеті
C) Ұлы Моғол империясы
D) Дели сұлтандығы
E) Харши мемлекеті
2. Грек аңызында аргонавтардың алтын жүнді қой терісін әкелу үшін аттанған өлкесі:
A) Қырым.
B) Африка.
C) Кавказ.
D) Орта Азия.
E) Египет.
3. VIII ғасырда арабтар жаулап алған қазіргі Еуропа елі:
A) Италия
B) Англия
C) Грекия
D) Испания
E) Германия
4. XVIII ғ. басындағы Ресейдегі реформалардың авторы:
A) I Елизавета
B) II Петр
C) Александр
D) I Петр
E) II Екатерина
5. Үндіс тайпаларының бірі-инктер мекендеген ел:
A) Аргентина
B) Перу
C) Чили
D) Колумбия
E) Бразилия
6. 1703 жылы салына бастаған қала:
A) Төменгі Новгород.
B) Санкт-Петербург.
C) Кенингсберг.
D) Суздаль.
E) Тверь.
7. І Дарийдің патша тағына отырған кезі.
A) б.з.б. 555 ж.
B) б.з.б. 622 ж.
C) б.з.б. 666 ж.
D) б.з.б. 522 ж.
E) б.з.б. 559 ж.
8. Хлодвиг өзінің жасақшыларымен Христиан дінін қабылдаған жыл:
A) 511 ж.
B) 498 ж.
C) 486 ж.
D) 500 ж.
E) 448 ж.
9. 1302 ж. Францияда пайда болған сословиелік өкілдер органы:
A) Конгресс
B) Бас штаттар
C) Сейм
D) Парламент
E) Кортес
10. Англияға қарсы Америка халқының наразылығын тудырған 1765 жылғы салық:
A) Егін салығы.
B) Герб салығы.
C) Мал салығы.
D) Кіріс салығы.
E) Жер салығы.
11. 1815 ж. Ватерлоо түбіндегі шайқастың нәтижесі:
A) Наполеон жеңіліп Эльба аралына жер аударылды
B) Наполеон жеңіліс тауып, Әулие Елена аралына жер аударылды
C) Одақтастар әскері жеңілді
D) Француз әскері жеңіліп, Рейн өзенінің жағына шегінді
E) Орыс әскерлеріне француз әскерінен төнген қауіпті жойды  
12. Орыс-жапон соғысы болған жылдар:
A) 1900-1903 жж.
B) 1902-1905 жж.
C) 1909-1911 жж.
D) 1904-1905 жж.
E) 1907-1909 жж.
13. Германиядағы Коммунистік партияның (ГКП) жетекшілері:
A) К.Либкнехт, Ф.Эберт
B) Э.Тельман, В.Капп
C) Р.Люксембург, В.Куно
D) В.Капп, О.Гротеволь
E) К.Либкнехт, Р.Люксембург
14. 1934 жылы Францияда парламентті басып алуға әрекет жасаған топ:
A) Ұлттық блок
B) Фашистер
C) Солшыл блок
D) «Дирижешілдер»
E) Социалистік партия
15. Монғол Халық Республикасы құрылған жыл:
A) 1921 жыл
B) 1922 жыл
C) 1923 жыл
D) 1924 жыл
E) 1926 жыл
16. 1941 жылы 11 желтоқсанда АҚШ-қа соғыс жариялаған елдер:
A) Франция мен КСРО
B) Жапония мен Корея
C) Италия мен Автро-Венгрия
D) Германия мен Италия
E) Италия мен Греция
17. Жоғарғы деңгейіндегі Кеңес – Американ қатынасы жақсара бастаған жылдар:
A) XX ғасырдың 40-жылдардың аяғы.
B) XX ғасырдың 80-жылдардың ортасы.
C) XX ғасырдың 60-жылдары.
D) XX ғасырдың 70-жылдары.
E) XX ғасырдың 50-жылдардың басы.
18. 1992 жылы Италияда парақорлыққа қарсы қозғалыстың аталуы:
A) “Таза қол”.
B) “Жаңа саясат”.
C) “Қызыл бригада”.
D) “Жаңа жетістік”.
E) “Италия алға!”.
19. Тоталитарлық мемлекеттердегі өнердің мақсаты:
A) Өмірдің нақты шындығын көрсету
B) Өнерді мемлекеттік идеологияға айналдыру
C) Аз ұлттардың өнерін дамытуды
D) Бейбітшілікті насихаттау
E) Үкімет қалайтын шындықты көрсету
20. 1684 жылы Осман империясына қарсы құрылған коалиция:
A) «Қасиетті одақ»
B) «Ұлы ұйым»
C) «Қасиетті лига»
D) «Ұлттар лигасы»
E) «Еуропалық Одақ»
21. XVIII ғ. Англияда капитализмнің мануфактуралық сатысынан фабрикалық жүйесіне өту кезеңі:
A) қайта өрлеу
B) өнеркәсіп төңкерісі
C) дәуірлеу кезеңі
D) ағартушылық дәуірі
E) аграрлық төңкеріс
 

Дата: 2013-05-11 Просмотров: 17436 Загрузок: 1484 Язык: на казахском языке

  • Аружан 28 February 2020 23:16
    Хорошо
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: