Ғалам эволюциясы идеясының қалыптасуы
Қазіргі таңда бүкіл ғалам эволюциясының идеясы жаратылыстанушы ғалымдардың арасында қарсылық тудырмай, қабылдануда. Бірақ, бұл жағдай бірден пайда бола салған жоқ. Кезкелген ұлы ғылыми идея секілді, ол да ғылымда басты орынға ие болуының алдында ұзақ та күрделі сынақтардан өтті. Тіпті Ватиканның өзі эволюцияның жалпы бірдей сипатын мойындауға мәжбүр болды. Егер, New Catholіc Encyclopedіa атты шығармада "Жалпы эволюция - тіпті адам ағзасы эволюциясы да, пайда болудың шынайы ғылыми түсіндірмесі болуы тиіс” (1967 жыл, V том, 694 б.) деп көрсетілсе, 1982 жылы Ватиканның католик шіркеуінің Жоғарғы Ғылыми Кеңесі: "Біз толып жатқан дәлелдемелердің нәтижесінде эволюцияның концепциясын адамдар мен басқа приматтарға да қатысты қарастыруға болады деген сенімге келдік” деп бірауыздан жариялады. (D.M.Lovesteіn Twelve Wіse Man at the Vatіcan //Nature. 30.09. 1982. 395 б.)
Бұл сілтемелер "Тіршілік – ол қалай пайда болды? Эволюция жолымен бе, жоқ құдіретті күштің қалауымен бе?” атты 1992 жылы 24 тілде 27 млн. даналық тиражбен Watchtower Bіble and Tracht Socіety of New York Іnc. Іnternatіonal Bіble Students Assocіatіon. Brooklіn, New York, USA, баспасында жарық көрген кітаптан алынды.
Ғалам эволюциясы - физика ғылымының теориялық базисіне және көптеген астрофизикалық бақылауларға негізделіп дәлелденген ғылыми факт.
Дата: 2012-03-22 Просмотров: 2972 Язык: на казахском языке
Ваше имя:
Ваш email: