Тесты на казахском все темы , на казахском Есімдік

Тесты на казахском все темы , на казахском Дауыс
Тесты на казахском все темы , на казахском Буын
Тесты на казахском все темы , на казахском Морфология
Тесты на казахском все темы , на казахском Сын есім , Зат есімнің жалғаулары
Тесты на казахском все темы , на казахском Сан есім
Тесты на казахском все темы , на казахском Етістік
Тесты на казахском все темы , на казахском Одағай
Тесты на казахском все темы , на казахском Шылау-1
Тесты на казахском все темы , на казахском Шылау-2
Тесты на казахском все темы , на казахском Оқшау сөздер, Қыстырма сөздер ,Қаратпа сөз , Сөйлем мүшелері
Тесты на казахском все темы , на казахском Сөйлем
Тесты на казахском все темы , на казахском Лексика, Синонимдер
Тесты на казахском все темы , на казахском Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Тесты на казахском все темы , на казахском Қазақстан
Тесты на казахском все темы , на казахском Ұлы адамдар

 
Есімдік
1-нұсқа
1. Төмендегі сөзге тіркес бола алатын жіктеу есімдігін көрсетіңіз.
     ...бармадық.
А) Оған.     В) Театрға.     С) Мектепке.     Д) Үйге.     Е) Қалаға.
2. Сұрау есімдігінің көпше түрін көрсетіңіз.
А) Мыналар.     В) Қандайларға.     С) Біреулерге.     Д) Оларды.     Е) Солардан.
3. Есімдіктің түрін көрсетіңіз.
А) Қатыстық.     В) Сұрау.     С) Көсемше.     Д) Есімше.     Е) Жинақтық.
4. Тиісті есімдікті қойыңыз: ...сабақ оқыдым.
А) Олар     В) Ол     С) Мен     Д) Біреу     Е) Кім?
5. Сұрау мақсатында есімдіктің қай түрі қолданылатынын көрсетіңіз.
А) Сұрау.     В) Болымсыздық.     С) Жалпылау.     Д) Өздік.     Е) Сілтеу.
6. Барыс септігінде тұрған өздік есімдігін табыңыз.
А) Кімге.     В) Оған.     С) Өзіңе.     Д) Бүкілінің.     Е) Емханаға.
7. Өздік есімдігі бар тіркесті табыңыз.
А) Бұл ел.     В) Өз елім.     С) Ел мен жер.     Д) Менің елім.     Е) Ел іші.    
8. Есімдікпен толықтырыңыз: ... кісі менің әкем.
А) Күллі.    В) Бұл.     С) Қалай.     Д) Өзі.     Е) Сіз.
9. Жатыс септігінде тұрған жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Ол.     В) Оны.     С) Онан.     Д) Онда.     Е) Оған.
10. I жақта қолданылатын жіктеу есімдігін көрсетіңіз.
А) Мен, сендер.   В) Сен, біз.   С) Мен, біз.   Д) Сіз, сендер.   Е) Ол, олар.  
11.Сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Қайсы.     В) Саған.      С) Бүкіл.     Д) Әркім.     Е) Анау.
12. Есімдігі бар тіркесті көрсетіңіз.
А) Кітап оқу.   В) Тамақ іштім.   С) Үйге келдім.   Д) Өз үйім.   Е) Доп ойнадым.
13. Дұрыс тіркескен сөзді табыңыз.
А) Менде кел.   В) Мен кел.   С) Маған кел.   Д) Менің кел.   Е) Мені кел.
14. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Өзім.     В) Сен.     С) Бұл.     Д) Біреу.     Е) Бәрі.
15. Еш сөзі арқылы жасалатын есімдіктің түрін табыңыз.
А) Болымсыздық.   В) Жалпылау.     С) Сілтеу.     Д) Сұрау.     Е) Жіктеу.
16. Тәуелденіп келген болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.
А) Осы.     В) Туың.     С) Ешкімім.     Д) Бәрі.     Е) Көзім.
17. Сұрау есімдігін табыңыз.
А) Бұл.     В) Ол.     С) Біз.     Д) Бәрі.     Е) Кім.
18. Сұрау есімдігінің соңғы қосымшасы қандай?
     Қонақты сағат нешеге шақырдың?
А) Көптік жалғау.    В) Жұрнақ .     С) Септік жалғау.    Д) Тәуелдік жалғау.    Е) Жіктік жалғау.
19. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз.
А) Қашан, қалай.     В) Міне, әне.     С) Бәрі, бүтін.     Д) Біздер, сіздер.     Е) Біреу, кейбіреу.
20. Ілік септік тұлғасындағы сұрау есімдігін табыңыз.
А) Нешеуінің?     В) Қайсын?     С) Кімсіздер?      Д) Неңіз?     Е) Кіміңіз?
21. Бастауыш қай сөз табынан екенін табыңыз.
      Жиналыста ешкім сөйлемеді.
А) Есімдік.    В) Етістік.     С) Зат есім.     Д) Сын есім.    Е) Үстеу.
22. Болымсыздық есімдігін белгілеңіз.
А) Әрне, қайбір.    В) Ешкім, ешқайсысы.    С) Бірдеме, біреу.    Д) Өзің, өздері.    Е) Түгел, тегіс.
23. Белгісіздік есімдіктерді анықтаңыз.
А) Олар, бұлар.    В) Менен, одан.    С) Ешқашан, ешқайда.    Д) Мен, сен.   Е) Кейбіреуге, біреудің.
24. Жіктеу есімдіктер қатарын табыңыз.
А) Олар, сіздер.    В) Бұл, сол.    С) Бәрі, күллі.    Д) Біреу, әркім.    Е) Ешкім, еш адам.
25. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
      Нағыз теңіз романтикасы деген осы.
А) Зат есім.    В) Одағай.      С) Есімдік.      Д) Үстеу.      Е) Етістік.
 
Есімдік
2-нұсқа
1. Мақалдың ішінен есімдікті белгілеңіз.
Қонағым, өз үйіңді де ойлап отыр.
А) Үйіңді     В) Өз     С) Қонағым     Д) Ойлап отыр     Е) Де
2. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Оны.     В) Соны.     С) Кімде.     Д) Өзім.     Е) Біреу.
3. Есімдік пен зат есім тіркесін табыңыз.
А) Өткен ғасыр.   В) Осы кітап.   С) Жаңа жыл.   Д) Төрт дәптер.   Е) Биік тау.
4. Сұрау есімдігін көрсетіңіз.
А) Өзім, өзің, өзі.      В) Біз, сіз, ол.      С) Қандай? қанша? неше?     Д) Біреу, кейбіреу, әркім.  
Е) Анау, мынау, осынау.    
5. Мен, сен, ол, біз, сіз есімдіктерінің түрін белгілеңіз.
А) Сілтеу.     В) Жіктеу.     С) Сұрау.     Д) Өздік.     Е) Болымсыздық.  
6. Болымсыздық есімдіктерін көрсетіңіз.
А) Барлық, бәрі.    В) Әркім, әрқайсысы.    С) Сіздер, олар.    Д) Сол, бұл.    Е) Ешқайда, ешкім.    
7. Тиісті сөзді табыңыз: Дүкен ... ашылады?
А) Ештеңе.     В) Өзі.     С) Әрбір.     Д) Қандай.     Е) Қашан.  
8. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз.
А) Барша, түгел.     В) Өзім, өздері.     С) Ешбір, ешкім.     Д) Қайсы, қай.     Е) Сол, бұл.
9. Өздік есімдігін белгілеңіз.
     Өз елім – менің өлең төсегім.
А) Төсегім.      В) Елім.     С) Менің.       Д) Өз.      Е) Өлең.
10. Сілтеу есімдіктерін көрсетіңіз.
А) Кім, не.    В) Ешкім, ештене.    С) Ешқашан, ешбір.    Д) Олар, сендер.    Е) Анау,мынау.
11. Белгісіздік есімдіктерді көрсетіңіз.
А) Сені, сендерге.    В) Өзі, өздері.    С) Әлдекім, әлдене.    Д) Оларды, мені.   Е) Кімге, неге.
12. Мына сөздердің ішінен болымсыздық есімдігін табыңыз.
А) Әлдене, әлдекім.    В) Сол, ол.   С) Анау, мынау.    Д) Күллі, бүкіл.   Е) Дәнеңе, дәнеме.
13. Табыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Бұны.     В) Бұлар.     С) Бұнысы.      Д) Бұнымен.     Е) Бұдан.
14.Жалпылау есімдігін табыңыз.
А) Бүкіл.     В) Кей шақта.     С) Неге.     Д) Әрқашан.     Е) Дәнеңе.
15. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Емен.     В) Неше.     С) Өзі.     Д) Ел.     Е) Мен.
16. Өздік есімдігін табыңыз.
А) Өркендету.     В) Көрсеткіз.    С) Мүлдем.     Д) Өздеріңіз.     Е) Көңілсіз.
17. «Ешқандай, ешқайдан» сөздеріне тән қатарды белгілеңіз.
А) Болымсыз етістік.  В) Белгісіздік есімдігі.   С) Өздік етіс.   Д) Үстеу.  Е) Болымсыздық есімдігі.
18. Есімдікті табыңыз.
А) Сонау, мына.   В) Белсенді.    С) Әрине, мүмкін.   Д) Бәрекелді, пәлі.    Е) Қызыл, көк.
19. Барыс септік жалғауында тұрған өздік есімдігін табыңыз.
А) Өзіңе.     В) Өзі.      С) Өзіңде.     Д) Өзіміз.    Е) Өзіңмен.
20. Белгісіздік есімдігін табыңыз.
А) Бәріміз.    В) Біреу.    С) Күллі.     Д) Бәрі.     Е) Барша.
21. «Анау» сөзі қай сөз табы екенін белгілеңіз.
А) Есімдік.    В) Етістік.     С) Үстеу.     Д) Сын есім.     Е) Зат есім.
22. Барыс септік жалғаулы сұрау есімдігін көрсетіңіз.
А) Неде?     В) Немен?       С) Неге?       Д) Нелер?      Е) Нені?
23. Көп нүктенің орнына лайықты сөзді көрсетіңіз.
      ... көріп қайттым.
А) Өзге.     В) Маратқа.      С) Маған.      Д) Өзінде.      Е) Өзін.
24. Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Жалпы.     В) Айнала.     С) Бауыр.      Д) Бұлар.      Е) Бұдан.
25. Сұрау есімдігінің  І жақта жіктелген түрін көрсетіңіз.
А) Кімбіз?    В) Қаншасы?     С) Кімде?     Д) Кімі?      Е) Қалай?
 
  Етістік.                                                                                                   1-нұсқа
1. Күрделі етістікті табыңыз.
А) Айтуды.     В) Бастады.     С) Барды.     Д) Береді.     Е) Ойланып қалды.
2. Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Алмады.     В) Қызғанды.     С) Жылады.     Д) Күлді.     Е) Жуынды.
3. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз.
А) Келіп қалдым.   В) Тыңдап отыр.   С) Шыдамайды.   Д) Келген жоқ.   Е) Ұнамайды.
4. Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті белгілеңіз.
А) Билейді.     В) Биледі.     С) Биле.     Д) Билеу.     Е) Билеген.
5. Тұйық етістікті анықтаңыз.
А) Ұнау.     В) Айтыс.     С) Жу.     Д) Көрсет.     Е) Қу.
6. Бірыңғай болымсыз етістіктер қатарын көрсетіңіз.
А) Қашты, жазба, ойна.      В) Бергенбіз, ойнасам, тістеме.      С) Келіпті, тыңда, оқысын.               Д) Отырма, сөйлес, біл.   Е) Барған жоқ, келме, қайтатын емес.
7. Болымды етістікті табыңыз.
А) Ұшпады.     В) Көрсетпеді.     С) Жумады.     Д) Әкелмеді.     Е) Сүртті.
8. Негізгі етістікті табыңыз.
А) Көр.     В) Берер.     С) Ашуланды.     Д) Салынды.     Е) Әперді.
9. Өткен шақтағы етістікті табыңыз.
А) Ақша.     В) Көрмеу.     С) Ақшыл.     Д) Келе жатыр.     Е) Бітірді.
10. Түбір етістікті табыңыз.
А) Келгелі.    В) Келіп.     С) Кел.     Д) Келіпті.     Е) Келу.
11. Қалау райды табыңыз.
А) Менікі емес.   В) Бара жатыр.   С) Көргім келеді.   Д) Көрдім.   Е) Кездесетін болдық.
12. Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз.
А) Қарармын.     В) Келмекші.     С) Естіген болатын.     Д) Бара жатыр.     Е) Ұғыпты.
13.Көсемшенің жұрнағы бар сөзді көрсетіңіз.
Түнде тұрып, түн ұйқынды төрт бөлдің,
Тыныш ұйықтасын деп аз сөйлеп, аз күлдің.
А) Ұйықтасын, тыныш.  В) Ұйқынды, түнде.   С) Күлдің, бөлдің.   Д) Тұрып, сөйлеп.  Е) Бөлдің, аз.
14. Шартты райдағы етістікті табыңыз.
А) Отырмас.     В) Әңгімеледі.     С) Барғай.     Д) Кетіңдер.     Е) Бармаса.
15.Ауыспалы нақ осы шақты белгілеңіз.
А) Жүр.     В) Жазады.     С) Жазды.     Д) Отыр.     Е) Жатыр.
16. Көсемшелі етістікті табыңыз.
А) Жазды.     В) Келіп еді.     С) Ойнау.     Д) Ойланды.     Е) Сөйледі.
17. III жақта тұрған сөзді табыңыз.
А) Алды.     В) Алдым.     С) Алдың.     Д) Алдыңыз.     Е) Алдық.
18. Қай сөйлемде «ма» болымсыз етістіктің жұрнағы ретінде бірге жазылатынын белгілеңіз.
А) Бала(ма) айт.       В) Бұл да бір амал(ма).       С) Сен ойла(ма).      Д) Балдай тәтті ал(ма).                  Е) Ол жақсы бала(ма).
19. Қосымшасыз тұрған түбір сөзді көрсетіңіз.
А) Тон.     В) Көріңдер.     С) Отырғыз.     Д) Жарату.     Е) Сыйғыз.
20. Асты сызылған сөзге қойылатын сұрақты табыңыз.
      Өз отбасымыз ұлттық дәстүрлерді сақтаймыз.
А) Қайтті?     В) Қандай?     С) Не істейміз?     Д) Қалай?     Е) Кім?
21. Етістіктің жедел өткен шағын табыңыз.
А) Жеткізер.   В) Жеткізген.   С) Жеткізді.    Д) Жеткізеді.    Е) Жеткізетін.
22. Болымсыз етістік жұрнағын белгілеңіз.
А) –дау.      В) –ырақ.      С) –рек.      Д) –па.      Е) –леу.
23. Сынып кезекшісінің атқаратын қызметін анықтаңыз.
А) Бала оқытады.   В) Телевизор көреді.   С) Тақта сүртеді.   Д) Гүл тереді.    Е) Тамақ ішеді.
24. Қимылды білдіретін сөзді анықтаңыз.
А) Тыңда.    В) Түнде.     С) Жоғары.     Д) Дауыс.     Е) Күндіз.
25.Күрделі етістікті табыңыз.
А) Отырмын.     В) Отырсыңдар.     С) Қыдырамыз.     Д) Жазып отырмын.     Е) Жуынамыз.

Дата: 2012-03-09 Просмотров: 18436 Загрузок: 20 Язык: на казахском языке

  • Стас 16 April 2018 10:06
    Нужны ответы
    Ответить
  • Валижон 14 October 2018 23:09
    Ответы теста
    Ответить
  • Танабаев Сакен Нуркешевич 25 November 2019 10:12
    где ответы
    Ответить
  • Назлы 07 February 2022 16:45
    Я не знаю
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: