Тесты на казахском все темы , на казахском Сын есім , Зат есімнің жалғаулары

Тесты на казахском все темы , на казахском Дауыс
Тесты на казахском все темы , на казахском Буын
Тесты на казахском все темы , на казахском Морфология
Тесты на казахском все темы , на казахском Сын есім , Зат есімнің жалғаулары
Тесты на казахском все темы , на казахском Сан есім
Тесты на казахском все темы , на казахском Етістік
Тесты на казахском все темы , на казахском Одағай
Тесты на казахском все темы , на казахском Шылау-1
Тесты на казахском все темы , на казахском Шылау-2
Тесты на казахском все темы , на казахском Оқшау сөздер, Қыстырма сөздер ,Қаратпа сөз , Сөйлем мүшелері
Тесты на казахском все темы , на казахском Сөйлем
Тесты на казахском все темы , на казахском Лексика, Синонимдер
Тесты на казахском все темы , на казахском Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Тесты на казахском все темы , на казахском Қазақстан
Тесты на казахском все темы , на казахском Ұлы адамдар

 
Зат есімнің жалғаулары.
1- нұсқа.
1. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Дәрігерге.     В) Сатушы.     С) Аспаз.     Д) Заңгерлер.     Е) Мұғалім.
2. Септік  жалғауы жуан буынды сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Орманды дала   В) Табиғатты қорғау   С) Газет шығару   Д)Сурет салу  Е)Жануарлар мен құстар
3. Керек жалғауды таңдаңыз: Сен... досың.
А) –де.    В) –мен.     С) –ім.     Д) –ің.     Е) –ың.
4. Тәуелдік жалғауындағы сөзді табыңыз.
А) Апайлар.    В) Жолдас.     С) Ауылданбыз.     Д) Дәптеріңіз.      Е) Уақыт.
5. Шығыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Әншіден.     В) Орындаушымен.     С) Мұғалімнің.     Д) Малшыға.     Е) Дәрігермін.
6. Шығыс септігінің сұрағын табыңыз:
А) Кімде? Неде?    В) Кім? Не?    С) Кімнің? Ненің?    Д) Кімнен? Неден?    Е) Кімге? Неге?
7. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.
А) Пияз.     В) Көкөніс.     С) Бақша.     Д) Жидек.     Е) Жемістер.
8. Қай септіктің жалғауы жоқ?
А) Барыс.     В) Көмектес.     С) Атау.     Д) Табыс.     Е) Жатыс.
9. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.
А) Құстар.     В) Дәптер.     С) Өшіргіш.     Д) Тапсырма.     Е) Сызғыш.
10. Заттың меншіктілігін білдіретін қосымшаны табыңыз.
А) Болымсыздық.    В) Тәуелдік жалғау.   С) Септік жалғау.   Д) Жіктік жалғау.   Е) Көптік жалғау.
11. Көптік жалғауды табыңыз.
А) Көрпем.     В) Төсектің.     С) Найзағай.     Д) Ауруханаға.     Е) Қызғалдақтар.
12. Тек қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын септік жалғауларын көрсетіңіз.
А)–мен,-пен,-ын    В)–ты, -ті, -ды, -ді    С)–на, -не, -де    Д)–тар, -тер, -лар, -лер   Е)–пен, -қа, -ке,-та
13. Көптік жалғауды көрсетіңіз.
А) –лар.     В) –ым.     С) –ге.     Д) –ды.     Е) –ның.
14. Ісмердің – сөзі қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
А) Шығыс септік     В) Атау септік     С) Табыс септік      Д) Барыс септік     Е) Ілік септік
15. Жіктік жалғауын табыңыз.
А) –ын, -ін.     В) –пын, -пін.     С) –ға, -ге.     Д) –мен, -бен.     Е) –дың, -дің.
16. Жатыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Көктемгі.     В) Жазғытұры.     С) Күзде.     Д) Жазғы.     Е) Қыстың.
17. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.
А) Жағада.     В) Көлдер.     С) Өзен.     Д) Тау.     Е) Биіктен.
18. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз:
А) Қаламмен.     В) Қағазды.     С) Әншіге.     Д) Кітаптың.     Е) Ақынның.
19. Жатыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Көшемен.     В) Оңтүстікте.     С) Ағаштан.    Д) Қаламмен.     Е) Көршінің.
20. Жіктік жалғауының ІІ-жағында тұрған сөзді табыңыз.
А) Азаматсың.     В) Азаматпен.    С) Азаматпыз.   Д) Азамат.    Е) Азаматқа.
21. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз:
А) Аспан.     В) Ұшақтар.     С) Ай.     Д) Жұлдыз.     Е) Күн.
22. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағында тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Досы.    В) Олар.    С) Біздер.    Д) Сабағың.     Е) Біреу.
23. Сөйлемде септік жалғаулы сөзді табыңыз:  Қарағанды жерінде темір, көмір көп.
А) Қарағанды.     В) Жерінде.     С) Темір.    Д) Көмір.     Е) Көп.
24. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған барыс септік жалғауын табыңыз.
А) Әжеге.     В) Әжесіне.      С) Әжелер.     Д) Әжетай.      Е) Әженіні.
25. Көптік жалғау жалғанған сөздерді табыңыз.
А) Өнердің, халыққа.    В) Үйірмелер, әншілер.    С) Әртісті, театрды.    Д) Шымылдығым, қалам.  
Е) Үйірмесі, әнші.
 
Сын есім
1-нұсқа
1. Заттың дәмін білдіретін сөзді атаңыз.
А) Алыс     В) Ақылды     С) Үлкен     Д) Қара     Е) Тәтті
2. Сын есімді табыңыз.
А) Доп.     В) Аспан.     С) Қарлығаш.     Д) Көрпе.     Е) Қызыл.
3. Сын есім болмайтын сөзді табыңыз.
А) Көз.     В) Ұзын.     С) Кең.     Д) Ақымақ.     Е) Көк.
4.Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыңыз.
А) Кішкене төбешік.   В) Малды ауыл.   С) Биіктеу адам.   Д) Сыпайы бала.   Е) Баспахана үйі.
5. Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Қызыл ала.     В) Көкшіл.     С) Қара.     Д) Қызылдау.     Е) Әдемі.
6. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.
А) Ынталы.     В) Киелі.     С) Тамаша.     Д) Білімді.     Е) Атақты.
7. Арман сөзіне тіркес бола алатын сын есімді көрсетіңіз.
А) Биік.     В) Көк.     С) Таза.     Д) Ширақ.     Е) Ашық.
8. Сын есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Заттың атын      В) Заттың іс-қимылының мекенін     С) Заттың іс-қимылының мезгілін             Д) Заттың қимылын     Е) Заттың түр-түсін
9. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.
А) Пырақ.     В) Алтын.     С) Жаңбырлы.     Д) Қос.     Е) Бейне.
10.Туынды сын есімді табыңыз.
А) Тауың.     В) Таумын.     С) Таулы.     Д) Тауға.     Е) Таулар.
11. Дұрыс тіркескен сөзді табыңыз.
А) Семіз өзен.   В) Тәртіпті ой.   С) Жуас кітап.   Д) Әдеби тіл.   Е) Тәтті ауыл.
12. Сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Адамды қуанту.   В) Адамның өмірі.   С) Алты адам.   Д) Адал адам.   Е) Адам үшін.
13. Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Көк.     В) Сары ала.     С) Қызық.     Д) Жасыл.     Е) Сұлу.
14. Қатаң дауыссыз дыбыстан тұратын сын есімді көрсетіңіз.
А) Үлкен.     В) Әдемі.    С) Жабайы.     Д) Қысқыш.     Е) Дәмді.
15. Қандай? сұрағына жауап беретін сөзді табыңыз.
А) Рәміз.     В) Тағдыр.     С) Арман.     Д) Мерекелік.     Е) Дастарқан.
16. Сын есімді табыңыз.
А) Қайық.     В) Бұрын.     С) Ырық.     Д) Бұйрық.     Е) Жарық.
17. Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Таза.     В) Тұнық.     С) Шыдамды.     Д) Ұзақ.     Е) Орта бойлы.
18. Сын есімді табыңыз.
А) Келді.     В) Тәтті.     С) Айтты.     Д) Көшті.     Е) Көкті.
19. Досыңның мінезіне сәйкес сөзді табыңыз.
А) Түзу.     В) Жуан.     С) Жіңішке.     Д) Биік.     Е) Мейірімді.
20. Негізгі сын есімді табыңыз.
А) Ақылды.     В) Жарық.     С) Жібектей.     Д) Салмақты.     Е) Судай.
21. Туынды сын есімді табыңыз.
А) Терең.     В) Қызыл.     С) Қызық.     Д) Таулы.     Е) Әдемі.
22. Күрделі сын есімді көрсетіңіз.
А) Қызыл қоңыр.     В) Қаралау.     С) Ақшылтым.     Д) Көгілдір.     Е) Аппақ.
23. Әлияның бойы қандай екенін белгілеңіз.
А) Қоңыр.     В) Ақшыл.      С) Жалғыз.     Д) Сарғылт.     Е) Ұзын.
24. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары арқылы қай сөз табы жасалатынын көрсетіңіз.
А) Есімдік.     В) Етістік.     С) Сан есім.    Д) Зат есім.     Е) Сын есім.
25. «Арық ...» сөзімен тіркесетін сын есімді табыңыз.
А) Қалам.    В) Аспан.    С) Ағаш.    Д) Қой.     Е) Төсек.
 
Сын есім
2-нұсқа
1.Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Жақсырақ.   В) Қызғылт.   С) Көгілдір.   Д) Биіктеу.   Е) Тұп-тұнық..
2. Заттың түсін білдіретін сын есімді көрсетіңіз.
А) Зейінді, ынталы.     В) Жас, кәрі.     С) Қара, көк.     Д) Үлкен, биік .     Е) Жақсы, ақылды.
3. Сын есімді табыңыз.
А) Жаңбырлы.     В) Дәптер.     С) Терезе.    Д) Кілем.     Е) Орындық.  
4. Зат есімнен жасалған сын есімді көрсетіңіз.
А) Адамның мінезі.   В) Ұзын ағаш.   С) Биіктеу адам.   Д) Таулы жер.   Е) Кішкене төбешік.  
5. Адамның шашы қандай болатынын көрсетіңіз.
А) Үлкен.     В) Арық.     С) Биік.     Д) Қысқа.     Е) Қатал.
6. Сын есімді табыңыз.
А) Естігенді.     В) Әйелді.     С) Дәптерді.     Д) Кеткенді.     Е) Дәмді.
7. Сын есім қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.
    Еркін- сабағын жақсы оқитын бала.
А) Бастауыш.     В) Пысықтауыш.     С) Анықтауыш.     Д) Баяндауыш.     Е) Толықтауыш.
8. Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Анау бала.     В) Сұлу әйел.     С) Алты адам.     Д) Бес қыз.     Е) Менің атам.
9. Қыста ауа райы қандай болатынын табыңыз.
А) Ыстық.     В) Жылы.      С) Қарлы.     Д) Жаңбырлы.     Е) Жауынды.
10. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.
      Айдынның көзі қара, бойы ұзын, мінезі ...
А) Жұмсақ.     В) Кіші.     С) Көк.     Д) Ұзын.    Е) Қысқа.
11. Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Әп-әдемі.     В) Кемдеу.     С) Аласалау.     Д) Сарғылт.     Е) Көкшіл.
12. Сын есімнің сұрақтарын табыңыз.
А) Кімнің? ненің?    В) Қандай? қай?   С) Қанша? неше?   Д) Қайда? қалай?    Е) Не істеді? қайтты?
13. Сын есімді табыңыз.
А) Бөлме.    В) Төсек.     С) Кілем.      Д) Жайлы.     Е) Төсеніш.
14 Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Менің апам.    В) Алты ұл.    С) Сұлу жігіт.   Д)  Жеті ата.     Е) Анау бала.
15. Толықтырыңыз:   «Менің отбасым ... тұрады»
А) Бауырмал.    В) Тату-тәтті.   С) Үлкен.    Д) Ақылды.    Е) Дәстүр.
16. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді табыңыз.
А) Жылдам.    В) Ұлттық.     С) Шешім.    Д) Ойынды.   Е) Күндер.
17. Тәуелденген сын есімді табыңыз.
А) Айтарың бар ма?     В) Сенің балаң.    С) Ешкімің жоқ.    Д) Жақсың қайсы?    Е) Біреуің кел.
18. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінетінін анықтаңыз.
А) 2       В) 6      С) 4     Д) 5     Е) 3
19. Сын есімнің салыстырмалы шырайын анықтаңыз.
А) Ауылдық.     В) Ауыспалы.     С) Әдемілеу.     Д) Күзгі.    Е) Тәжірибесіз.
20. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есімді табыңыз.
А) Жасыл, қып-қызыл.     В) Ал қызыл, сұрша.      С) Көк, қызыл.     Д) Өзекті, ұстамды.
Е) Жабық, ағарып.
21. Күшейткіш буын арқылы жасалған күшейтпелі шырайды табыңыз.
А) Өте әдемі.    В) Ең әдемі.    С) Тым әдемі.   Д) Әп-әдемі.     Е) Аса әдемі.
22. Сын есімді табыңыз.
А) Кесу.     В) Турау.     С) Майлы.      Д) Шырын.     Е) Оқу.
23. Туынды сын есімді табыңыз.
А) Бөлме.     В) Төсек.     С) Кілем.     Д) Таулы.     Е) Төсеніш.
24. «Қой аузынан шөп алмас» фразиологизмі қандай мінезді білдіретінін табыңыз.
А) Қатал.    В) Момын.    С) Тентек.    Д) Сараң.     Е) Жалқау.
25. Сын есімді табыңыз.
А) Ана.     В) Төмен.     С) Мен.     Д) Қара.     Е) Аурухана.

Дата: 2012-03-09 Просмотров: 24015 Загрузок: 30 Язык: на казахском языке

  • Виолетта 11 April 2018 14:35
    Дайте ответы пж
    Ответить
  • Рашид 18 June 2018 09:33
    Ответы на тест 2 нуска
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: