Tест на казахском ент 95 - 110 страницы

Тест на казахском ент первые 5 страниц
Tест на казахском ент 5 - 10 страниц
Tест на казахском ент 10 - 15 страниц
Tест на казахском ент 15 - 30 страниц
Tест на казахском ент 30 - 45страниц
Tест на казахском ент 45 - 65 страниц
Tест на казахском ент 65-80 страниц
Tест на казахском ент 80 - 95 страниц
Tест на казахском ент 95 - 110 страницы
тест на казахском ент 110 - 125 страницы

 
Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.
А) Тамшыдан тама-тама дария болар.
B) Терең құдықтың суы тәтті.
С) Көптің құрығы ұзын.
D) Көп жүрген жер көңілді.
E) Сараңдық пен арамдық ағайындас.
Дұрыс жауап: С
 
Қосымша қосылғанда кейінді ықпалдың әсерінен өзгеретін түбірді табыңыз.
А) Зыт, қаш.
B) Тарт, жар.
С) Ор, құлат.
D) Кеп, жап.
E) Жат, сат.
Дұрыс жауап: D
 
Тұтастай ілгерінді ықпалға бағынған мақал-мәтелді табыңыз.
А) Арықтың жілігі татымас.
B) Тату үйдің тамағы тәтті.
С) Қымызы бар үйдің қызығы бар.
D) Жұмысы бағу еді.
E) Піл көтермегенді тіл көтереді.
Дұрыс жауап: Е
 
Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз.
А) Ала-құла, іске қосу.
B) Асқан сұлу, келген еді.
С) Орамжапырақ, қылшық-қыбыр.
D) Қақ төрі, алып кет.
E) Қосымшасы бар, жазғы леп.
Дұрыс жауап: А
 
Орфоэпияның негізгі нормасын көрсетіңіз.
А) Ережеге сай айтылу.
B) Түбір мен қосымшаның үндестігі.
С) Дыбыс үндестігі.
D) Буын үндестігі.
E) Орфографиялық норма.
Дұрыс жауап: А
 
Дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз.
А) Алағ-жұлақ, бөлтірік, бір тектес.
B) Бірыңғай, ата тек, шаң сорғыш.
С) Тауқымет, төрттаған,сүт қоректі.
D) Қараөзек, қара шымшық, шай қурай.
E) Бойтұмар, айы-күні, алакөз.
Дұрыс жауап: Е
 
Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз.
А) Көл жағасынан құдық қазба.
B) Үйінде озған – түбінде озар.
С) Ақыл – бастан, асыл – тастан.
D) Ақыл айтсаң – батыл айт.
E) Егінші – мәрт, жер – жомарт.
Дұрыс жауап: В
 
Түбір сөзді табыңыз.
А) Ақтау.
B) Дидар.
С) Орманшы.
D) Қосымша.
E) Бөлгіш.
Дұрыс жауап: В
 
Түбірдің ережесін анықтаңыз.
А) Негізгі ойды білдіретін бөлшек.
B) Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі.
С) Жаңа мағына тудырушы бөлшек.
D) Қосымша жалғанған бөлшек.
E) Қосымша қосуға болмайтын бөлшек.
Дұрыс жауап: В
 
Туынды түбірлерді көрсетіңіз.
А) Қасиеттер, парасат.
B) Сөздік, малақай.
С) Әділет, дәреже.
D) Шұңқыр, домалақ.
E) Бөлшек, жақсылық.
{Правильны ответ}=Е
 
Сөз түрлендіруші жұрнақты көрсетіңіз.
А) - лық, -лік.
B) - -гер, -паз.
С) - сыз, -сіз.
D) - ырақ, -ірек.
E) - шы, -ші.
Дұрыс жауап: D
 
Туынды түбірлерді анықтаңыз.
А) Негізгі, мекені.
В) Өнім, жолдастық.
С) Тәрбие, сөздер.
D) Береке, көрімдік.
E) Елдік, баласы.
Дұрыс жауап: В
 
Туынды түбірлерді көрсетіңіз.
А) Ағажан, әкетай.
B) Адалдық, рақымсыз.
С) Әлдірек, кеңдеу.
D) Жүрек, нашар.
E) Кес, кесер.
Дұрыс жауап: В
 
Бірге жазылатын сөздерді көрсетіңіз.
А) Кең өріс, балық шаруашылығы.
B) Қағаз бастылық, қалжың бас.
С) Дүние жүзі, бос сөз.
D) Ала аяқ, ал қызыл.
E) Ат спорты, ат жарыс.
Дұрыс жауап: В
 
Анатомиялық атауларға қатысты біріккен сөздерді көрсетіңіз.
А) Орынбасар, ешқашан, бүгін.
B) Сөзжұмбақ, Алакөл, ақсүйек.
С) Мойыномыртқа, сегізкөз, тазқарын.
D) Алтыбақан, асқазан, қаптесер.
E) Тоқішек, кейбіреу, қыстыгүні.
Дұрыс жауап: С
 
Кіріге біріккен қатарды көрсетіңіз.
А) Әнеугүні, көкжөтел.
B) Білезік, әпер.
С) Өнеркәсіп, биыл.
D) Жағажай, саябақ.
E) Абайтану, әркім.
Дұрыс жауап: В
 
Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Аб жылан, ақ сұңқар.
B) Ағаш өңдеу, адал бақан.
С) Сықпа құрт, суық хабар.
D) Сән құмар, сасық кеуде.
E) Патша ағзам, мүйіз шақша.
Дұрыс жауап: А
 
Дыбыстық өзгеріске ұшырап қосарланған сөзді анықтаңыз.
А) Жүзбе-жүз.
B) Малды-малсыз.
С) Әп-әдемі.
D) Жалт-жұлт.
E) Қараптан-қарап.
Дұрыс жауап: D
 
Қос сөздің жасалу жолын анықтаңыз.
Кеше кешкілік көйлек-көншегін орамалға түйіп қойды.
А) Мағынасы бір-біріне жақын сөздер.
B) Мағынасы өзара қарама-қарсы сөздер.
С) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер.
D) Екі сыңары да мағыналы сөздер.
E) Екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келген сөздер.
Дұрыс жауап: С
 
Қос сөзді көрсетіңіз.
А) Бел буу.
B) Бейне жазба.
С) Бәйге ат.
D) Бәле құмар.
E) Бәле жала.
Дұрыс жауап: Е
 
Сын есімнен жасалған қос сөзді анықтаңыз.
А) Соңғы кезде ағамыз елдің гу-гуіне құлақ түретінді шығарды.
B) Топ-томпақ болған бала бейнесі көз алдымнан кетер емес.
С) Сөзінің соңы міңгір-міңгір бірдемеге ұласты.
D) Дәл қазір той-думанның көркіне айналғандай.
E) Кемшілік атаулыны түп-тамырымен жоятын кез жетті.
Дұрыс жауап: В
 
Қысқартуға болатын қатарды анықтаңыз.
А) Ат спорты федерациясы.
B) Жазушылар одағы.
С) Жаңа экономикалық аймақ.
D) Тәуелсіз Қазақстан.
E) Бұқаралық ақпарат құралдары.
Дұрыс жауап: Е
 
Қандай сөздердің қысқартылып берілетінін табыңыз.
А) Тұрақты тіркестер.
B) Жаңа сөздер.
С) Біріккен сөздер.
D) Күрделі атаулар.
E) Қос сөздер.
Дұрыс жауап: D
 
Дерексіз зат есімді табыңыз.
А) Болат Бурабайды бұрын көрмеген.
B) Рәбиға зұлымдық пен зорлықтан қашып келеді.
С) Сен бесікте жатқанда, бала болып жыламадың.
D) Топтанып келіп жылқыға да шапты.
E) Екі беті алмадай қызарып кетіпті.
Дұрыс жауап: В
 
Жалқы есімдерді табыңыз.
А) Намыс, Ақтөбе, Құбылыс.
B) Шығарма, Кітап, Жомарт.
С) Баба, Жетісу, Айнұр.
D) Тайбурыл, Хайуан, Қарағанды.
E) Кәмшат, Едіге, “Қазақ әдебиеті”.
Дұрыс жауап: Е
 
Етістіктен жасалған дерексіз зат есімді табыңыз.
А) Тіл байлығы – ой байлығы.
B) Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді.
С) Сол кезде бақыт дегенді бағалай білсемші!...
D) Қызық еді Аянның мінезі.
E) Қуанышыма ортақтаса келгендеріңе рахмет.
Дұрыс жауап: Е
 
Жалқы есім де, жалпы есім де болатын дерексіз зат есімді табыңыз.
А) Ар.
B) Шаттық.
С) Көңіл.
D) Қайғы.
E) Мұң.
Дұрыс жауап: В
 
Туынды зат есімді табыңыз.
А) Тымақ – қысқы бас киім.
B) Ғасырлар сырын шерткен халық даналығы көңіліне ой салды.
С) Таңертең Батырбек көзін ашып, дереу сағатына қарады.
D) Мұндай шарт-шұрт қимылдар ұзаққа созылмайды да.
E) Жетектерінде жеңіл-желпі жүгін артқан жалғыз тайынша.
Дұрыс жауап: В
 

Күрделі зат есімді табыңыз.
А) Тарихшы Әбілғазының шежіресінде жазылған пікірді негізге алды.
B) Күнұзын аттан түспей, өзге жүргіншілерді бақылады.
С) Біз сапарға шығар алдында жазушы кітапханасын ақтарып, біраз кеңескен едік.
D) Біраздан кейін көзге түспей ғайып болды.
E) Жанын жеген әлдебір ішкі күйзелісін жасырғандай.
Дұрыс жауап: А
 
Етістіктен жасалған туынды зат есімдер қатарын табыңыз.
А) Күншілдік, білім.
B) Салауаттылық, зиялылық.
С) Айтыс, келісім.
D) Мұнайшы, жолаушы.
E) Жақсылы, ізгілік.
Дұрыс жауап: С
 
Бірігу тәсілімен жасалған күрделі зат есімді табыңыз.
А) Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
B) Ешкімге сездірмеймін деген едім.
С) Таңертең басталған іс-шара ұзаққа созылды.
D) Бұл отырған жұрт тегіннен-тегін жиналған жоқ.
E) Бірталай жер жүріп барып, артына жалт бұрылды.
Дұрыс жауап: А
 
Туынды зат есімді табыңыз.
А) Тымақ – қысқы бас киім.
B) Ғасырлар сырын шерткен халық даналығы көңіліне ой салды.
С) Таңертең Батырбек көзін ашып, дереу сағатына қарады.
D) Мұндай шарт-шұрт қимылдар ұзаққа созылмайды да.
E) Жетектерінде жеңіл-желпі жүгін артқан жалғыз тайынша.
Дұрыс жауап: В
 
Күрделі зат есімді табыңыз.
А) Тарихшы Әбілғазының шежіресінде жазылған пікірді негізге алды.
B) Күнұзын аттан түспей, өзге жүргіншілерді бақылады.
С) Біз сапарға шығар алдында жазушы кітапханасын ақтарып, біраз кеңескен едік.
D) Біраздан кейін көзге түспей ғайып болды.
E) Жанын жеген әлдебір ішкі күйзелісін жасырғандай.
Дұрыс жауап: А
 
Етістіктен жасалған туынды зат есімдер қатарын табыңыз.
А) Күншілдік, білім.
B) Салауаттылық, зиялылық.
С) Айтыс, келісім.
D) Мұнайшы, жолаушы.
E) Жақсылы, ізгілік.
Дұрыс жауап: С
 
Бірігу тәсілімен жасалған күрделі зат есімді табыңыз.
А) Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
B) Ешкімге сездірмеймін деген едім.
С) Таңертең басталған іс-шара ұзаққа созылды.
D) Бұл отырған жұрт тегіннен-тегін жиналған жоқ.
E) Бірталай жер жүріп барып, артына жалт бұрылды.
Дұрыс жауап: А
 
Көптік жалғауы жалғанбайтын қатарды табыңыз.
А) Заман, кесте, көңіл.
B) 2 кг алма, тары, мол.
С) Байланыс, төбе, сандық.
D) Жілік, соқпақ, бала.
E) Қуаныш, кезең, мәтін.
Дұрыс жауап: В
 
Тәуелденген зат есімдерге қосымшасы өзгеріп жалғанатын септіктер қатарын көрсетіңіз.
А) Ілік, атау, барыс.
B) Ілік, жатыс, шығыс.
С) Барыс, табыс, жатыс.
D) Табыс, жатыс, шығыс.
E) Жатыс, шығыс, көмекес.
Дұрыс жауап: С
 
Баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлемді табыңыз.
А) Өнерліге өріс кең.
B) Ұстаның бізі сүйкімді.
С) Су ішкен құдығыңа түкірме.
D) Кемедегінің жаны бір.
E) Өмірдің өзі – ұлы ұстаз.
Дұрыс жауап: Е
 
Дерексіз зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Оның есінде сақтау қабілеті де айналасындағыларды таң-тамаша қалдыра-тын.
А) Баяндауыш.
B) Анықтауыш.
С) Бастауыш.
D) Толықтауыш.
E) Пысықтауыш.
Дұрыс жауап: С
 
Мезгіл мәнді пысықтауыш қызметіндегі зат есімді көрсетіңіз.
А) Парашютпен ұшақтан секіруге құмар болдым.
В) Одан әрірек жарқыраған теңіз жағалауы жатыр.
С) Күтіп жүрген адамы түнде келіпті.
D) Бірде мынандай оқиға болған еді.
E) Таңертең жинамай кеткен төсегі сол күйінде жатыр.
Дұрыс жауап: С
 
Зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Маған жауабыңыз ұнады.
А) Анықтауыш.
B) Баяндауыш.
С) Толықтауыш.
D) Бастауыш.
E) Пысықтауыш.
Дұрыс жауап: D
 
Табыс септігіндегі зат есімнің толықтауыштық қызметін табыңыз.
А) Бұған сенбегенің дұрыс болған екен.
В) Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
С) Апаттың алдын алу шаралары ұйымдастырылды.
D) Бұл - сізден күтпеген жауабым.
E) Ауылдан шыққанда күн әлі жарық болатын.
Дұрыс жауап: В
 
Көмекші есімді табыңыз.
А) Ертең ол Қарқаралы қаласына жүрмек.
B) Ауылдың жаны терең сай.
С) Қасымның үйі таудағы отарда тұратын.
D) Бір жарлы шал есегіне мініп, жол жүріп келе жатыпты.
E) Түркі қалаларында сауда-саттық пен қол өнері дамыған.
Дұрыс жауап: В
 

 
Көмекші есімді қанатты сөзді табыңыз.
А) Адам - керуен, өмір - жол.
B) Біреудің қатесі біреуге сабақ.
С) Ашумен басталған іс абыройсыз аяқталады.
D) Жастық шақ даналықты игерер кез.
E) Жалқаудың жанына барсаң,
Сылтаудың астында қаласың.
Дұрыс жауап: Е
 
Туынды сын есімнің жұрнақтарын табыңыз.
А) - дыр, -дір.
B) - ша, -ше.
С) - шы, -ші.
D) - шыл, -шіл.
E) - ыс, -іс.
Дұрыс жауап: D
 
Туынды сын есімді анықтаңыз.
А) Тентегін тыйған ел болар.
B) Долы кісі пышақ өткізеді.
С) Көптің ойы кемеңгер.
D) Айлалы батыр алдырмас.
E) Жылы орныңды суытпа.
Дұрыс жауап: D
 
Туынды сын есімді қатарды анықтаңыз.
А) Жарамсақтың жолы жіңішке.
B) Кітап маған тақтан да қымбат.
С) Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
D) Адал адам ешкімді күндемейді.
E) Үміт жүректі қуанышқа толтырады.
Дұрыс жауап: С
 
Сапалық сын есімді көрсетіңіз.
А) Әсем, күшті, епті.
B) Шағын, кең, толық.
С) Ықшам, орынды, сусыз.
D) Жайпақ, әуесқой, қызметсіз.
E) Айтқыш, білгіш, сұлу.
Дұрыс жауап: В
 
Қатыстық сын есімді табыңыз.
А) Әрлі болғанша, арлы бол.
B) Кішіпейілділік - кісі көркі.
С) Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын.
D) Көш жүре түзелер.
E) Жақсыға жақын көп.
Дұрыс жауап: А
 
Қатыстық сын есімді қатарды көрсетіңіз.
А) Борышқа әділ болу - ұлы іс.
B) Жасы үлкенді қадірлесе - құт болар.
С) Асқан сұлулықтан аз ғана бақыт артық.
D) Тоқ адамға семіз еттің де дәмі білінбес.
E) Өнегелі болса- бала көрікті.
Дұрыс жауап: Е
 
Салыстырмалы шырайды табыңыз.
А) Ауыр.
B) Толықша.
С) Сұп-суық.
D) Тым тәтті.
E) Қайырымды.
Дұрыс жауап: В
 
Сын есімнің күшейтпелі шырайын көрсетіңіз.
А) Өнер өлкесі көсілген кең өріске ұқсайды.
B) Бір патшаның айдай сұлу қызы болады.
С) Келер күн ең ауыр күннің өзі болды.
D) Европаның рухани қайта өрлеу кезеңі.
E) Заринаның да Мидиялық көркем жігітті ұнатып қалған сыңайы бар.
Дұрыс жауап: С
 
Салыстырмалы шырайды табыңыз.
А) Жағымды жаңалық.
B) Тұрақты баға.
С) Қоңырқай өңді қыз.
D) Кішіпейіл адам.
E) Өрнекті кілем.
Дұрыс жауап: С
 
Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең.
А) Бастауыш,
B) Анықтауыш.
С) Толықтауыш.
D) Баяндауыш.
E) Пысықтауыш.
Дұрыс жауап: В
 
Бастауыш қызметіндегі сын есімді табыңыз.
А) Көркем дала көлбеп жатыр.
B) Жақсының көзіндей көремін.
С) Ақылды аузын жауып, ділін ашар.
D) Қаһарлы сөз қамал бұзар.
E) Сөз қанжардан да өткір.
Дұрыс жауап: С
 
Сын есімнен болған толықтауышты табыңыз.
А) Көрмегенге көсеу таң.
B) Санаулы сөз салмақты.
С) Көрген асты көргенсіз қызғанады.
D) Жалқау кісі жарым кісі.
E) Жаманға жолдас жақпас.
Дұрыс жауап: Е
 
Қатыстық сын есімнен болған баяндауышты анықтаңыз.
А) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.
B) Көштің алдында көлденең түсіп Шыңғыс жатыр.
С) Аулымыздың жастары шетінен жігерлі.
D) Бас болмақ оңай, бастамақ қиын.
E) Күштінің қолы ұзын.
Дұрыс жауап: С
 
Бастауыш қызметіндегі сын есімді анықтаңыз.
А) Үйрет те, ізгілікке үйрен.
B) Өнер сыры өрнекте.
С) Ән миллиондардың жүрегін біріктіреді.
D) Поэзия ойланудан басталады.
E) Сыпайы тоңбайды, қалтырайды.
Дұрыс жауап: Е
 
Күрделі сан есімді қатарды анықтаңыз.
А) Концерт төртінші, бесінші сынып оқушыларының қатысуымен болды.
B) Атамның жасы сексен бес, сексен алтыларда.
С) Жүздіктер мен мыңдықтардың арасынан арнайы таңдалды.
D) Бала жетіге дейін жерден таяқ жейді.
E) Бұл Алматының миллионыншы тұрғыны дүниеге келген жылы болатын.
Дұрыс жауап: В
 
Жинақтық сан есімді анықтаңыз.
А) Тоғызыншы.
B) Төрт-төрттен.
С) Жүз қаралы.
D) Үшеу.
E) Оннан астам.
Дұрыс жауап: D
 
Топтау сан есімін көрсетіңіз.
А) Ол сол кездерде, шамасы, он-он бестен алып қойған.
B) Бес-алты күн ішінде өңі кіріп, бір жасап қалды.
С) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
D) Бес саусақ бірдей емес.
E) Сақадай іріктелініп, жиырма ат шықты.
Дұрыс жауап: А
 
Жинақтық сан есімді анықтаңыз.
А) Соңғы екеуіне ескерту жасалды.
B) Сегіз қырлы, бір сырлы.
С) Жасым жүзге жеткенше жаным тәтті.
D) Қырықтың бірі қыдыр.
E) Жеті өлшеп, бір кес.
Дұрыс жауап: А
 
Дефис қойылмайтын жауапты анықтаңыз.
А) 5-пәтер.
B) 10-сынып.
С) 25-шілде.
D) 6-жұп.
E) 1-орын.
Дұрыс жауап: С
 
Сан есімнің емлесіне сай жазылғанын таңдаңыз.
А) ІІ-том.
B) Жүз қаралы.
С) Он оннан.
D) 2007-жыл.
E) 12 ге толды.
Дұрыс жауап: В
 
Қате жазылған қатарды анықтаңыз.
А) Сізді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
B) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
С) Екі есерге бір епті.
D) Ауылда шамамен жүз елудей жылқы бар.
E) 1940 жылдан бастап оның өміріне өзгеріс енді.
Дұрыс жауап: А
 
Сан есімнің емлесіне сай келмейтін жауапты анықтаңыз.
А) Жақында ағамыз ердің жасы 50-ге толды.
B) Сағат 10-дарда қонақтың басы келді.
С) Романның ІІ-томын да оқып үлгердім.
D) Аулымызда 20-30 үй ғана қалды.
E) 8-сынып оқушыларының үлгерімі жақсарды.
Дұрыс жауап: С
 
Сан есімнің қай септікте анықтауыш қызметін атқаратынын табыңыз.
А) Атау.
В) Ілік.
С) Жатыс.
D) Шығыс.
E) Барыс.
Дұрыс жауап: В
 
Пысықтауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.
А) Біз екі-екіден бөліндік.
В) Қайтарда көкесі бір қойын салып берді.
С) Екеуі қосылып шырқады.
D) Екінші соқа еш қимылсыз аулада жатты.
E) Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе қатар жабылады.
Дұрыс жауап: А
 
Бастауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.
А) Бір анадан жақсы да, жаман да туады.
В) Ердің жасы – екі елу.
С) Бұл жолы екінші орынды қанағат тұттық.
D) Бұл күнде жиырма бесте менің жасым.
E) Жеті – киелі сан.
Дұрыс жауап: Е
 
Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Үшеуі де елдің бағына туған маңдай алды азаматтар еді.
А) Анықтауыш.
В) Баяндауыш.
С) Пысықтауыш.
D) Бастауыш.
E) Толықтауыш.
Дұрыс жауап: D
 
Анықтауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.
А) Қырыққа келгенде шығарған әнім еді.
В) Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал алмайды.
С) Бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді.
D) Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.
E) Оның үш жүзге де беделі жүреді.
Дұрыс жауап: D
 
Сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Сәлден соң сол сары ала шатырдан кердеңдеген екеу шықты.
В) Сардар сөзге келмей тайып тұрды.
С) Беті жаман ғой өзінің.
D) Біреулер күліп, енді біреулер қостап жатыр.
E) Тұрман маған ежірейе қарады.
Дұрыс жауап: А
 
Болымсыздық есімдігін табыңыз.
А) Менің әскерге кететін күнім де таянды.
В) Ешкімге тіс жарып айтпаса да, хабар тез таралып кетті.
С) Бейтаныстың қаперіне түк те кіріп шығатын емес.
D) Оның қасына мен де барып отырамын.
E) Бұдан әрі үнсіздік әлдеқайда артық.
Дұрыс жауап: С
 
Табыс септігіндегі белгісіздік есімдігін табыңыз.
А) Жолда келе жатып, өзінің артық кеткенін сезді.
В) Естігенінің ештеңесін қалдырмай сол күні-ақ жеткізген.
С) Біреуге күніңді түсірмесін.
D)Тағы да бірнеше модель жасады.
E) Көрпе-төсектің біразын қағып-сілкіп берген.
Дұрыс жауап: Е
 
Белгісіздік есімдігін табыңыз.
А) Әрқашан күн сөнбесін.
В) Ауылдан еш сезіксіз ұзап кетті.
С) Бұған тоқтамасқа лажым жоқ.
D) Оған айтуға бата алмай жүрмін.
E) Мұның шамасы келмеді.
Дұрыс жауап: А
 
Кей есімдігінің дұрыс жазылған нұсқасын табыңыз.
А) Кей біреуіне әлі ескертілмепті.
В) Кей кезде шындап сағынатын.
С) Өзегі өртенген кейуақыттарда пешке арқасын сүйеп отыра кететін.
D) Құлағы тосаңдау естіп, кей бір кезде естіген сөзін ұға алмай қалып жүр.
E) Мақсаты мен міндеттері кейадамдарға хабарланды.
Дұрыс жауап: В
 
«Еш» есімдігімен қосылып жазылатын сөзді табыңыз.
А) Адам.
В) Нәрсе.
С) Уақыт.
D) Қашан.
E) Сәт.
Дұрыс жауап: D
 
Дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз.
А) Біреу, ешнәрсе.
В) Маған, әралуан.
С) Өзімен өзі, дәнеңе.
D) Әрбір, бірнеше.
E) Әлде қайда, кейбір.
Дұрыс жауап: D
 
Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті анықтаңыз.
А) Кейбіреуінің талабы зор.
В) Мұныңыз заңға қайшы келмей ме?
С) Әңгімеміз расымен аяқталды-ау деймін?
D) Біздің ойлағанымыз бұлай емес еді.
E) Әлдеқайдан гармонь үні талып естілді.
Дұрыс жауап: Е
 
Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Біреудің бойы аласа,
Біреудің ойы аласа.
А) Баяндауыш.
В) Анықтауыш.
С) Пысықтауыш.
D) Бастауыш.
E) Толықтауыш.
Дұрыс жауап: В
 
Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Атымның сыры өзіме мәлім.
А) Пысықтауыш.
В) Баяндауыш.
С) Анықтауыш.
D) Бастауыш.
E) Толықтауыш.
Дұрыс жауап: Е
 
Бастауыш қызметіндегі жалпылау есімдігін анықтаңыз.
А) Оның қасында бұл дегеніңнің құны керемет емес пе?
В) Әйткенмен ешқандай қиындық көрмедім.
С) Бәрі хабардар болып үлгерген сияқты.
D) Олақтан салақ жаман.
E) Өзім дегенге өгіз қара күшім бар.
Правильный ответ}=С
 
Толықтауыш қызметіндегі болымсыздық есімдігін табыңыз.
А) Кімді айтса, сол келер.
В) Ешбір сыйлықтың керегі жоқ.
С) Әй, мен сені ақыл айтсын деп ертіп келгенім жоқ.
D) Мұның иесі кім болды екен?
E) Әлі күнге дейін ешкімге тіс жармады.
Дұрыс жауап: Е
 
Туынды етістікті анықтаңыз.
А) Аш, төкпе.
В) Мұңай, жина.
С) Білдір, тапсыр.
D) Тергіз, айттыр.
E) Кешікпе, ақта.
Дұрыс жауап: Е
 
Негізгі етістікті табыңыз.
А) Бірік.
В) Қысқар.
С) Жүгір.
D) Басқару.
E) Кеңіт.
Дұрыс жауап: С
 
Туынды етістікті анықтаңыз.
А) Сұран.
В) Көрін.
С) Ойна.
D) Білдір.
E) Тосу.
Дұрыс жауап: С
 
Болымды етістікті табыңыз.
А) Байдалы маған көже бергізбеді.
В) Байдалы шал хат танымайтын.
С) Әжібек жүгіріп барып, қарсы алдына тұра қалды.
D) Менен жақсылық күтпеңдер!
E) Сіздей жомарт жанды кездестірген емеспін.
Дұрыс жауап: С
 
Сабақты етістікті анықтаңыз.
А) Онан соң стол басына келдік.
В) Кешкісін Шынар біздің үйге жаңа етігін киіп келген.
С) Осы аптада ол жаққа да барып қайтпақпыз.
D) Көпшілік тым-тырыс отырып қалды.
E) Ілбіген екі шананың соңынан біз де ілестік.
Дұрыс жауап: В
 
Шығыс септігіндегі сөзбен тіркескен салт етістікті анықтаңыз.
А) Жылтырағанның бәрі алтын емес.
В) Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
С) Көптің қолы көкке жетеді.
D) Жығылған күреске тоймайды.
E) Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.
Дұрыс жауап: Е
 
Салт етістікті табыңыз.
А) Ора.
В) Байла.
С) Арқала.
D) Сүрт.
E) Кел.
Дұрыс жауап: Е
 
Ырықсыз етісті анықтаңыз.
А) Үшеуіңмен сабақтан соң сөйлесерміз.
В) Байдалы шал хат танымайтын.
С) Бөлмеге жас есепші келіншек кірген.
D) Сол күні бұл үйдің есігіне құлып салынған.
E) Сұрқай тартқан бұлыңғыр аспан.
Дұрыс жауап: D
 
Ортақ етісті анықтаңыз.
А) Әуре етпегендеріңіз жөн болар.
В) Бір жылға кетіп бара жатқандай жиналдың ғой.
С) Екеуі де өздеріне қатысты көп нәрсені айтысты.
D) Шынтемір арбасынан түсіп, диірменге келді.
E) Соңғы кезде үшеуің ерекше бөлініп жүрсіңдер.
Дұрыс жауап: С
 
Өзгелік етісті анықтаңыз.
А) Ақырын жүргізді.
В) Бізбен сөйлесті.
С) Үй салынды.
D) Жасырын сөйлесті.
E) Бөлме тазаланды.
Дұрыс жауап: А
 
Есімшені табыңыз.
А) Оның көңілін көтереміз деп өнер көрсетіпті.
В) Еңсеп сол күні зымыранға енді қайтып түспейтінін білген жоқ.
С) Сонша қыңыр тартуында бір мән бар.
D) Бәйгеторы Сейісті бірден таныды.
E) Одан бөгелек қайдан үріксін!
Дұрыс жауап: В
 
Есімшені табыңыз.
А) Жолдассыз жолың болмас.
В) Жолаушының азығы жолында.
С) Су – тіршілік көзі.
D) Қысыр сөзде қырсық көп.
E) Шындықтың шырағы сөнбейді.
Дұрыс жауап: А
 
Көсемшені табыңыз.
А) Айласыз батыр алдырар.
В) Жаудан жер де жиренеді.
С) Байыпсыз батыр тез өлер.
D) Аурудың алдын ал.
E) Бал ұстаған бармағын жалар.
Дұрыс жауап: В
 
ІІ жақта жіктеліп тұрған есімшені табыңыз.
А) Тыңдар құлаққа аталық ақылын айтқан.
В) Турасын айтпасқа амалы қалмады.
С) Ыңылдап ән салып отырған секілді.
D) Сен сонда істің мәнін білгенсің.
E) Шексіз алғысқа бөленген жан еді.
Дұрыс жауап: D
 
Есімшенің жасалу жолын анықтаңыз.
А) Екі түрлі.
В) Үш түрлі.
С) Алты түрлі.
D) Төрт түрлі.
E) Бес түрлі.
Дұрыс жауап: D
 
Көсемше қимылдың мақсатын білдіріп, қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын табыңыз.
А) Баяндауыш.
В) Толықтауыш.
С) Пысықтауыш.
D) Бастауыш.
E) Анықтауыш.
Дұрыс жауап: С
 
Тұйық етістікті көрсетіңіз.
А) Аққу көлге, ер елге паналайды.
В) Екі қылыш бір қынапқа сыймайды.
С) Ер шешуде, нар кешуде сыналар.
D) Алтын тыққан адам арықтап өлер.
E) Қазан сапырғанның да буы бар.
Дұрыс жауап: С
 
Көмекші етістікті қатарды көрсетіңіз.
А) Төкен бай үш күн өткен соң келді.
В) Жүк артқан түйелер орындарынан тұрды.
С) Сүрініп кетіп, құлап қала жаздады.
D) Ертеңіне ауыл таң бозарар-бозармастан ұйқыдан оянды.
E) Ол Дәржан ағасының қасында үш жыл жүрді.
Дұрыс жауап: С
 
Тұйық етістікті көрсетіңіз.
А) Бану бұл жолы сөз қосқан жоқ.
В) Жүзуден алдына жан салмайды.
С) Желкілдеген ту алып.
D) Су - тіршілік көзі.
E) Руыңды білесің бе?
Дұрыс жауап: В
 
Көмекші етістікті қатарды көрсетіңіз.
А) Біл, қыл, де.
В) Де, ет, жазда, е.
С) Бұқ, ат, сөйле.
D) Жазда, ерт, кес, сыз.
E) Е, ет, тын, жу.
Дұрыс жауап: В
 
Нақ осы шақты көрсетіңіз.
А) Бұл су ағып жатқан арыққа беттеп жайылды.
В) Үйір бұған қайырылмайды.
С) Бұлар кілт бұрылып, ауылға тартты.
D) Жер астынан ескен суық желдің лебі күшейіп барады.
E) Әмірші сол орнында мелшиіп тұр.
Дұрыс жауап: Е
 
Болжалды келер шақты көрсетіңіз.
А) Мен әпкемнің құшағынан шығып, есікке беттедім.
В) Майбасаров мұның шаруасын ертеңіне де тындырмады.
С) Төңіректе Сапақтың қарасы көрінбейді.
D) Енді қайтып жуыса қоймассыз.
E) Салт атты біреу ентелеп қуып жетті.
Дұрыс жауап: D
 
Ауыспалы өткен шақты көрсетіңіз.
А) Есік алдына Нұрым келіп тоқтады.
В) Тұрман екеуі Заманбектің жаңа отауын құттықтай барған.
С) Терезелерге перде тұтылыпты.
D) Бейсен бүгін осыны сезіп келеді.
E) Мұндай күндері сіркесі су көтермейтін.
Дұрыс жауап: Е
 
Ауыспалы осы шақты көрсетіңіз.
А) Сен ойнайсың.
В) Қораның төңірегі қоқсып жатыр.
С) Өзіңмен жеке сөйлесермін.
D) Сүйіспеншіліктен асқан ештеңе жоқ.
E) Нақтылы есебін көрсетіңізші.
Дұрыс жауап: А

Дата: 2012-03-09 Просмотров: 13218 Загрузок: 52 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: