Қазақ тiлi тест сұрақтары тест 200 - 300

Қазақ тiлi тест сұрақтары тест 1 - 200
Қазақ тiлi тест сұрақтары тест 200 - 300

 
№ 201
Езулік дыбыстысы бар сөзді табыңыз.
А) Бұлбұл.
В) Жону.
С) Мүше.
Д) Жеміс.
Е) Көл.
 
№ 202
“Ә” дыбысы қай сөзге қойылады ?
А) ...ңқау.
В) ...стық.
С) ...шбір.
Д) ...ңгіме.
Е) ...рақ.
 
№ 203
“О” дыбысы қай сөзге қойылады ?
А) ...лең.
В) ...йгілі.
С) ...ттық.
Д) қ...змет.
Е) б...йге.
 
№ 204
“Ө” дыбысы қай сөзде жазылады ?
А) Г...лнәр.
В) К...нетоз.
С) Нөс...р.
Д) М...сәпір.
Е) Д...укес.
 
№ 205
“Ұ” дыбысы жазылатын сөзді көрсетіңіз.
А) Жұлд...з.
В) Құр...л.
С) Нақ...рыс.
Д) Бөлм....
Е) Түс....
 
№ 206
“Ү” дыбысы жазылатын сөзді көрсетіңіз.
А) Б...йшаң.
В) Нөс...р.
С) Көл...к.
Д) Мәжб...р.
Е) Ж...лдыз.
 
№ 207
Қатаң дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді табыңыз.
А) Уақыт, тамақ.
В) Шойын, шабыт.
С) Бөрене, пияз.
Д) Жомарт, сахна.
Е) Патша, соқпақ.
 
№ 208
Үнді дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді көрсетіңіз.
А) Машина, уағыз.
В) Ұлан, маймыл.
С) Аққу, суық.
Д) Күзетші, мақсат.
Е) Әдемі, ұстаз.
 
№ 209
Ұяң дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді көрсетіңіз.
А) Ғажап, гүлбақ.
В) Дағды, ғұлама.
С) Бағбан, гауһар.
Д) Вагон, әр заман.
Е) Жезде, егде.
 
№ 210
Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) Дәметкен.
В) Аружан.
С) Белбеу.
Д) Жангелді.
Е) Қолтаңба.
 
№ 211
Омоним деген не?
А) Тұлғасы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер.
В) Тұлғасы, дыбысталуы бір, бірақ мағынасы бір-біріне алшақ.
С) Сөзге грамматикалық мағына үстейтін, сөзбен сөзді байланыстыратын.
Д) Бір-біріне қарама-қарсы айтылатын сөздер.
Е) Баяндауышпен бастауыштың байланысы.
 
№ 212
Омонимді сөз қатысқан сөйлем қайсы?
А) Сүтсіз сиыр сүзеген.
В) Азғын бұзау – жүдеу бұзау.
С) Мал баққанға бітеді.
Д) Атты адам аңды атты.
Е) Жалқау өзіне жау.
 
№ 213
Синоним сөздердің тізбегін көрсетіңіз.
А) Ағаш, бұтақ, жапырақ.
В) Ауыр, аусыл, адуын.
С) Тас, тау, шың.
Д) Қайратты, қажырлы, қуатты.
Е) Еңбек, абырой.
 
№ 214.
Қай синонимдік қатар толық берілген?
А) Тілектес, төре.
В) Ыстық, сұық.
С) Ызғарлы, ауық.
Д) Суық, ашық.
Е) Долы, ашулы, адуын.
 
№ 215
Синоним деген не?
А) Мағынасы бір – біріне қарама-қарсы сөздер.
В) Жазылуы, айтылуы бірдей, мағыналары басқа-басқа сөздер.
С) Жазылуы, айтылуы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер.
Д) Мағынасы мен жазылуы бөлек, айтылуы бірдей сөздер.
Е) Белгілі бір мамандық, кәсіп аумағында қолданыластын сөздер.
 
№ 216
Антоним сөздерді көрсетіңіз.
А) Қап, ойбай.
В) Ақшыл, боз.
С) Арық, семіз.
Д) Дарбаза, сым.
Е) Жылы, ыстық.
 
№ 217
Қарама-қарсы мағынада тұрған жұпты табыңыз.
А) Әдемі-әдемілеу.
В) Ұзын-биік.
С) Айдын-айқын.
Д) Жоғары-төмен.
Е) Тамаша-әдемі.
 
№ 218
Тұрақты тіркесті табыңыз.
А) Қала мен ауыл арасы.
В) Алты қанат ақ үй.
С) Қас пен көздің арасы.
Д) Көпке тараған ән.
Е) Ел арасында.
 
№ 219
Мақалды табыңыз
А) Ердің атын еңбек шығарар.
В) Сырдың суы сирағынан келмес.
С) Сырын білмес аттың сыртынан жүрме.
Д) Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Е) Мақтаулы еңбек ері.
 
№ 220
Септеулі сын есімді көрсетіңіз.
А) Екі-екіден отырыңдар.
В) Орындық рет-ретімен қойылды.
С) Мейірімсіздердің жолын кесу керек.
Д) Апасы келді.
Е) Орталыққа барамын.
 
№ 221
Тәуелденіп келген сұрау есімдігін көрсетіңіз.
А) Алма, нарық.
В) Кейбір, біреу.
С) Кімім ? кіміңіз ?
Д) Ғой, бірақ.
Е) Ешкім.
 
№ 222
Етістіктің бұйрық рай түрінде тұрған сөзді табыңыз.
А) Тақтайды шегелеңіз.
В) Үйге келу керек еді.
С) Ауылға барғысы келді.
Д) Жаңбыр жауса игі еді.
Е) Бұл емтиханды тапсыру оңай емес.
 
№ 223
Шартты райлы сөзді табыңыз.
А) Мен азамат атын ардақтап өтемін.
В) Грамматикалық заңдылықты дұрыс түсінсең, қате жазуға тиісті емессің.
С) Дарын – жанып тұрған жалын.
Д) Оқыған- білгір, Оқымаған – ділгір.
Е) Мен – Отанымды сүйемін.
 
№ 224
Антоним деген не ?
А) Тұлғасы, дыбысталуы бір, бірақ мағынасы бір-бірінен алшақ.
В) Бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
С) Тұлғасы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер.
Д) Сөзге грмматикалық мағына үстейтін, сөз бен сөзді байланыстыратын.
Е) Бастауыш пен баяндауыштың байланысы.
 
№ 225.
Көнерген сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Бақшада әңгелектер пісті.
В) Ұлпан қызына сәукеле тікті.
С) Тікбұрыштарды сызу үшін чертеждік үш бұрыш қолданылады.
Д) Байқоңыр – ғарыш айлығы.
Е) Жолсапарға аттанды.
 
№ 226
Сақтық ұғымдағы мақал-мәтел қайсы ?
А) Жақсының үйі мен түзі бірдей.
В) Ат тұяғын тай басар.
С) Соқыр атқа қотыр ат үйір.
Д) Мыңды айдаған бірді айдар.
Е) Оң көзіңе сол көзің қарауыл болсын.
 
№ 227
Ауыс мағыналы сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Пікір таласы – шындық анасы.
В) Той – тоқшылықтың нышаны.
С) Үйдің көркі – сандық.
Д) Ұрымен жолдас болма.
Е) Ынтымақсыз ел тату болмас.
 
№ 228
Денсаулық ұғымындағы мәтелді тап.
А) Ер есімі – ел есінде.
В) Қыз - өмірдің гүлі.
С) Арсыздарға алты күн, жетесізге жеті күн мейрам.
Д) Ішің ауырса, тамғыңды тый.
Е) Өз анасын зор тұтқан, басқа ананы қор тұтпайды.
 
№ 229
Лексика нені зерттейді ?
А) Сөйлем мүшелерін.
В) Сөз құрамын.
С) Сөз тіркесін.
Д) Тіл дыбыстарын.
Е) Сөз мағынасын.
 
№ 230
Термин сөздерді табыңыз.
А) Жаздыр, келтір, оқыт.
В) Пай-пай, түу, қап.
С) Сөз, сөз тіркесі, буын.
Д) Кеше, бүгін, алда.
Е) Болашақ, ұрпақ.
 
№ 231
Диалект сөздерді көрсетіңіз.
А) Бөз, боз.
В) Көпшік, дарбаза.
С) Қара ат.
Д) Оның, соған.
Е) Орман, тоғай.
 
№ 232
Кәсіби сөздерді табыңыз.
А) Қанат, мінез.
В) Келер, жазар.
С) Мұрап, ау.
Д) Су, теңіз.
 
№ 233
Аударма сөздік бойынша жазылған мына аудармадағы қатені анықта.
А) Густая каша – қою ботқа.
В) Густой лес – қою орман.
С) Густой туман – қалың тұман.
Д) Густые волосы – қалың шаш.
Е) Густые брови – қалың қас.
 
№ 234
Архаизм сөзді табыңыз.
А) Маржан.
В) Қарсы.
С) Адырна.
Д) Бетеге.
Е) Саяжай.
 
№ 235
Сапалық сын есімді сөзді табыңыз.
А) Үлкен үй.
В) Сүтті сиыр.
С) Малды ауыл.
Д) Құмды жер.
Е) Қарлы қыс.
 
№ 236
Қатыстық сын есімді табыңыз.
А) Ыстық күн.
В) Жұмыр ағаш.
С) Орманды өлке.
Д) Қызыл орамал.
Е) Ыстық шай.
 
№ 237
Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Тұп-тұнық.
В) Жақсырақ.
С) Биіктеу.
Д) Қызғылтым.
Е) Көгілдір экран.
 
№ 238
Сын есімнің жай шырай түрін көрсетіңіз.
А) Үлкендеу.
В) Әп-әдемі.
С) Қызғылт.
Д) Жақсы.
Е) Ең әдемі.
 
№ 239
Сын есімнің салыстырмалы түрін көрсетіңіз.
А) Жеп-жеңіл.
В) Ауыр.
С) Ірірек.
Д) Қара.
Е) Ашық.
 
№ 240
Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз.
А) Ұзындау.
В) Сүйкімді.
С) Әп-әдемі.
Д) Бостау.
Е) Қысқаша.
 
№ 241
Есептік сан есімді көрсетіңіз.
А) Оныншы.
В) Бес-алты.
С) Жиырма бес.
Д) Елулерде.
Е) Жиырма шақты.
 
№ 242
Реттік сан есімді табыңыз.
А) Бесеу.
В) Жиырмадай.
С) Төрттен бір.
Д) Елу- алпыс.
Е) Жүз он екінші.
 
№ 243
Жинақтық сан есімді табыңыз.
А) Қырық - елу.
В) Сегізінші.
С) Жетеу.
Д) Бестен бір.
Е) Елу екінші.
 
№ 244
Болжалдық сан есімді табыңыз.
А) Жетпістей.
В) Бес-бестен.
С) Мың-мыңнан.
Д) Екіден бір.
Е) Миллион.
 
№ 245
Топтау сан есімді табыңыз.
А) Жүз мыңға таяу.
В) Ондаған.
С) Отыз- қырықтан.
Д) Бес-алтыларда.
Е) Он жетіде.
 
№ 246
Бөлшектік сан есімді табыңыз.
А) Екі-үштен.
В) Он бірінші.
С) Отыз-қырықтарда.
Д) Жиырма бестей.
Е) Төрттен бес.
 
№ 247
Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Мен.
В) Сол.
С) Мынау.
Д) Кім ?
Е) Барлық.
 
№ 248
Жіктеу есімдігімен тіркесіп тұрған сөзді табыңыз.
А) Сіз келесіз.
В) Атаның баласы.
С) Қалаға бару.
Д) Көзбен көру.
Е) Барлығы келді.
 
№ 249
Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Маған.
В) Онымен.
С) Бұдан.
Д) Бізден.
Е) Сенен.
 
№ 250
Көмектес септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Жолдаспен.
В) Ауылдан.
С) Менімен.
Д) Сонымен.
Е) Қалаға.
 
№ 251
Жіктік жалғауында тұрған есімшені табыңыз.
А) Келемін.
В) Айтарым.
С) Бармассың.
Д) Көрермен.
Е) Тұрамын.
 
№ 252
Зат есімнен болған қос сөзді көрсетіңіз.
А) Қадыр-қасиет.
В) Көре-көре.
С) Қызыл-жасыл.
Д) Сарт-сұрт.
Е) Кіріп-шығу.
 
№ 253
Жалқы есім қайсы ?
А) Мемлекет.
В) Педагогикалық университет.
С) Орталық басылым.
Д) Үкілі Ыбырай.
Е) Ауыл мектебі.
 
№ 254
Жатыс септігіндегі сілтеу есімдігі ?
А) Осыны.
В) Осыдан.
С) Осында.
Д) Бұнымен.
Е) Есінде.
 
№ 255
Етістік дегеніміз не ?
А) Заттың қимыл әрекетін, қалпын білдіреді.
В) Іс-қимылдың, амал-әрекеттің белгісін білдіреді.
С) Толық мағыналы сөздерге тіркесіп көмекшілік қызмет атқарады.
Д) Заттың сандық белгісін білдіреді.
Е) Заттық ұғымның атын білдіреді.
 
№ 256
Туынды зат есімді тап.
А) Көрікті.
В) Көркем.
С) Жұрнақ.
Д) Жалғау.
Е) Көрікші.
 
№ 257
Зат есім дегеніміз не ?
А) Зат, құбылыстың сынын білдіреді.
В) Заттың мөлшерін білдіреді.
С) Зат, құбылыстың атын білдіреді.
Д) Адамның әр түрлі көңіл күйін білдіреді.
Е) Қимыл, амал-әрекеттің түрлі белгілерін білдіреді.
 
№ 258
Сілтеу есімдігі қандай сұраққа жауап береді ?
А) Қанша?
В) Қай?
С) Қандай?
Д) Қалай?
Е) Қайтіп?
 
№ 259
Жатыс септік қосымшасын табыңыз ?
А) –ға, -ге.
В) –мен, -бен.
С) –нан, -нен.
Д) –ды, -ді.
Е) –да, -де.
 
№ 260
Деректі зат есім дегеніміз не ?
А) Бір тектес заттардың ортақ атауы.
В) Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар.
С) Оймен таңылатын зат атауы.
Д) Кісі аттарына байланысты атаулар.
Е) Құбылыстың атын білдіретін сөз.
 
№ 261
Құрамды етістік дегеніміз не ?
А) Есім сөзге көмекші етістік тіркеу арқылы жасалған етістік.
В) Қимыл әрекетті бір сөзбен білдіретін етістік.
С) Екі я бірнеше күрделі қимылды білдіретін етістік.
Д) Нақтылы қимыл, амал әрекетті білдіретін етістік.
Е) Қосымша қимылды білдіретін етістік.
 
№ 262
Антоним қай сөз табынан жасалған ? Өмірде қуаныш пен реніш қатар жүреді.
А) Зат есім.
В) Сын есім.
С) Есімдік.
Д) Етістік.
Е) Үстеу.
 
№ 263
Жалпы есім дегеніміз не ?
А) Бір түрлі көп заттың бір атауы.
В) Бір түрлі көп заттың жеке аты.
С) Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есім.
Д) Оймен танылатын зат есім атауы.
Е) Жер-су атаулары.
 
№ 264
Дерексіз зат есім дегеніміз не ?
А) Бір түрлі көп заттың бір атауы.
В) Бір түрлі көп заттың жеке атауы.
С) Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есім.
Д) Оймен танылатын зат есім атауы.
Е) Жер-су атаулары.
 
№ 265
Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақты табыңыз ?
А) –шы, -ші.
В) –лық, -лік.
С) –хана.
Д) –ған, -ген.
Е) –ма, -ме.
 
№ 266
Бірге жазылатын сөзді табыңыз ?
А) Көк (құтан), көк (жиек), қол (өнер).
В) Көк (шөп), көк (базар), қол (қою).
С) Бас (киім), сары (май), тоң (май).
Д) Ат (қора), қол (сұғу), (көк) қағаз.
Е) Көк (көз), көз (жұму), қол (үзу).
 
№ 267
Кейінді ықпал заңдылығына байланысты сөзді табыңыз ?
А) Дәрігер, үйге, қағазды.
В) Қонақтар, қонақпен, отрядқа.
С) Мектебі, көзілдірігін, талабым.
Д) Жазуға, досқа, берекелі.
Е) Балалар, адамға, сөзді.
 
№ 268
Қосымша дұрыс жалғанбаған сөзді табыңыз ?
А) Банкіге.
В) Цехке.
С) Сәнқой.
Д) Арбакеш.
Е) Нәзік.
 
№ 269
Біріккен сөзді табыңыз ?
А) Механикалық.
В) Итмұрын.
С) Шаруашылық.
Д) Ұзынды-қысқалы.
Е) Демеуші.
 
№ 270
Қос сөзді табыңыз ?
А) Бесжылдық.
В) Әп-әдемі.
С) Қара көк.
Д) Қос құдық.
Е) Әдемілеу.
 
№ 271
Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз ?
А) Ана сендңерді шексіз сүйеді.
В) Ананың махаббатын құдіреттеңдер.
С) Шанадан түскендердің көбісін танымадық.
Д) Мектепке кеше келдік.
Е) Емтиханды тапсырдық.
 
№ 272
Ілік септігі жалғауы жасырын тұрған сөзді табыңыз ?
А) Кітап оқу.
В) Кітап дүкені.
С) Кітап алдым.
Д) Кітапқа қарадым.
Е) Кітапты оқыдым.
 
№ 273
Табыс септігінде сөзді табыңыз ?
А) Оқытты.
В) Келді.
С) Отынды.
Д) Балалы.
Е) Кетті.
 
№ 274
Қазақ тілінің әліпбиінде қанша әріп бар?
A) 40
B) 41
C) 42
D) 43
E) 44
 
№ 275
Төменде көрсетілген дыбыстардың ішінен қазақ тіліне тән дыбысты көрсетіңіз.
A) г
B) д
C) ә
D) к
E) ю
 
№ 276
Төменде көрсетілген дыбыстардың ішінен қазақ тіліне тән дыбысты көрсетіңіз.
A) қ
B) р
C) с
D) т
E) а
 
№ 277
Төменде көрсетілген дыбыстардың ішінен қазақ тіліне тән дыбысты көрсетіңіз.
A) ф
B) х
C) б
D) ң
E) в
 
№ 278
Қазақ тілінің ерекшелігіне тән қанша дыбыс бар?
A) 8
B) 9
C) 10
D) 11
E) 12
 
№ 279
Буынның неше түрі болады?
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
E) 5
 
№ 280
Буынның түрлерін атаңыз.
A) ашық/тұйық/бітеу
B) ашық/жабық/сабақтық
C) сабақтық/тұйық/бітеу
D) тұйық/бітеу/жабық
E) бітеу/салтты/жалғастық
 
№ 281
«Балалар» деген сөзді буынға бөліңіз.
A) бал-а-лар
B) ба-ла-лар
C) ба-лал-ар
D) бал-ал-ар
E) бала-лар
 
№ 282
«Екібастұз» деген сөзде қанша буын бар?
A) 2
B) 3
C) 4
D) 5
E) 6
 
№ 283
«Ана» сөзінде қанша буын бар?
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
E) 5
 
№ 284
«Сабақ» сөзіндегі буындардың түрін ажыратыңыз.
A) ашық/бітеу
B) ашық/тұйық
C) бітеу/тұйық
D) тұйық/ашық
E) бітеу/ашық
 
№ 285
«Терезе» сөзіндегі буындардың түрін ажыратыңыз.
A) ашық/ашық/бітеу
B) бітеу/бітеу/бітеу
C) тұйық/тұйық/тұйық
D) ашық/ашық/ашық
E) тұйық/ашық/бітеу
 
№ 286
«Кереуеттер» сөзінде қанша буын бар?
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
E) 5
 
№ 287
«Университет» сөзінде қанша буын бар?
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
E) 5
 
№ 288
«Азаматтық» сөзін буынға бөліңіз.
A) аз-а-мат-тық
B) аз-амат-тық
C) аза-мат-тық
D) а-за-мат-тық
E) а-зам-ат-тық
 
№ 289
«Қазақстан» сөзіндегі буын түрлерін ажыратыңыз.
A) ашық/бітеу/бітеу
B) ашық/тұйық/тұйық
C) бітеу/ашық/ашық
D) бітеу/тұйық/тұйық
E) тұйық/ашық/ашық
 
№ 290
«Кітапхана» сөзінде қанша буын бар?
A) 2
B) 3
C) 4
D) 5
E) 6
 
№ 291
«Халықаралық» сөзін буынға бөліңіз.
A) хал-ық-ар-ал-ық
B) хал-ық-ара-лық
C) ха-лық-а-ра-лық
D) ха-лық-ара-лық
E) хал-ық-ар-ал-ық
 
№ 292
«Ханшайым» сөзінде қанша буын бар?
A) 3
B) 4
C) 5
D) 6
E) 7
 
№ 293
«Жатақхана» сөзіндегі буын түрлерін ажыратыңыз.
A) ашық/бітеу/ашық/ашық
B) ашық/ашық/бітеу/бітеу
C) бітеу/ашыө/бітеу/бітеу
D) тұйық/бітеу/тұйық/тұйық
E) ашық/тұйық/ашық/ашық
 
№ 294
Дауысты дыбысты көрсетіңіз.
A) ю
B) й
C) н
D) е
E) к
 
№ 295
«Сурет» деген сөзде қанша дауысты дыбыс бар?
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
E) 5
 
№ 296
Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?
A) 9
B) 10
C) 11
D) 12
E) 13
 
№ 297
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
A) ю, а, ә, р, ғ, қ
B) а, ә, ұ, ы, і
C) а, ұ, ғ, ү, ы
D) о, ө, ұ, ү
E) ә, ө, ү, ұ, і
 
№ 298
Жуан дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
A) а, о, ұ, ы
B) а, о, ұ, ы, е
C) ұ, ү, о, ө
D) ы, і, и. е
E) ө, ү, о, ы, е
 
№ 299
Жіңішке дауысты дыбыстарды атаңыз.
A) а, ә, о, ө
B) ә, ө, ү, і, е
C) ү, і, и, е, а
D) ә, о, ө, ү, е
E) ы, і, е, ү, ұ
 
№ 300
Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
A) жуан/жіңішке
B) жуан/қысаң
C) жуан/езулік
D) қысаң/ашық
E) еріндік/езулік

Дата: 2012-03-09 Просмотров: 6944 Загрузок: 19 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: