Тест Одағай түрлері с ответами

Тест Одағай түрлері с ответами
 
Таңдану одағайды көрсетіңіз.
A) Апырай.
B) Әттеген – ай.
C) Уһ.
D) Қап.
E) Кәні.
Дұрыс жауап: А
 
Шақыру одағайын көрсетіңіз.
A) Моһ-моһ.
B) Туу.
C) Алақай.
D) Бәрекелді.
E) Ойбай.
Дұрыс жауап: А
 
Одағайдан кейін қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
Ой тісім ауырып тұр.
A) Үтір.
B) Нүкте.
C) Сұрау белгісі.
D) Нүкте-үтір.
E) Леп белгісі.
Дұрыс жауап: А
 
Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Апырай  Мына бөрік сізге керемет жарасып тұр.
A) Үтір.
B) Нүкте.
C) Леп белгісі.
D) Нүкте-үтір.
E) Сұрау белгісі.
Дұрыс жауап: С
 
Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Әттеген-ай Сонда қалай болды?
A) Сызықша.
B) Нүкте.
C) Леп белгісі.
D) Нүкте-үтір.
E) Сұрау белгісі.
Дұрыс жауап: С
 
Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Апырай  Жарайсың, тура тигіздің ғой.
A) Қос нүкте.
B) Леп белгісі.
C) Сұрау белгісі.
D) Нүкте-үтір.
E) Нүкте.
Дұрыс жауап: В
 
Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Алақай Достарым  түгел жиналыпты.
A) Леп белгісі.
B) Нүкте.
C) Сұрау белгісі.
D) Нүкте-үтір.
E) Үтір.
Дұрыс жауап: А
Қос сөзді одағай арасына қойылатын тыныс белгіні көрсетіңіз.
A) Дефис.
B) Нүкте.
C) Леп белгісі.
D) Сұрау белгусу.
E) Тырнақша
Дұрыс жауап: A
 
Жекіру одағайын анықтаңыз.
A) Алақай.
B) Бәрекелді.
C) Шіркін.
D) Тәйт.
E) Пай-пай.
Дұрыс жауап: D
 
Одағай сөзді табыңыз.
A) Әттеген-ай, атын сұрамаппын ғой.
B) Әке, мына кітапты оқыңызшы.
C) Ол әуелі сылқ-сылқ күліп алды.
D) Мұратбек, мынаны қарай тұр.
E) Шынымды айтайын, сізді танымай тұрмын.
Дұрыс жауап: A
 
Одағайдың түрлерін табыңыз.
A) Еліктеуіш, бейнелеуіш, негізгі.
B) Көңіл-күй, жекіру, шақыру.
C) Жалғаулық, септеулік, демеулік.
D) Мақсат, мөлшер, қимыл-сын.
E) Шектік, нақтылық, күшейткіш.
Дұрыс жауап: B
 
Көңіл-күй одағайы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Әй, осының бірінің түбі тегін емес.
B) Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді.
C) Балам-ау, қалың киіміңді кисейші.
D) Ол тасыр-тұсырды алыстан естіді.
E) Па, шіркін, жер деп осыны айтсаңшы!
Дұрыс жауап: E
 
Шақыру одағайы бар сөйлемді табыңыз.
A) Бәлкім, кім білер, сенің айтқаның болып қалар.
B) Біз, қазіргі жастар, нарық заңын меңгереміз.
C) Ал ешкіге шөре-шөре дейміз.
D) Жеңеше, сөзің қандай мәнді.
E) Қарағым, бүгін жұма ғой.
Дұрыс жауап: С
 
Одағай сөйлем басында келсе, қойылатын тыныс белгісін анықтаңыз.
A) Нүкте.
B) Үтір.
C) Қос нүкте.
D) Сызықша.
E) Сұрау белгісі.
Дұрыс жауап: B

Дата: 2012-03-09 Просмотров: 16922 Загрузок: 228 Язык: на казахском языке

  • Дәулет 24 April 2015 20:36
    Үлкен рахмет!
    Ответить
  • Сабина 24 April 2018 10:10
    Спасибо огромное
    Ответить
  • Сабина 24 April 2018 10:00
    Дайте ответ
    Ответить
    • Жанука 06 April 2020 13:47
      Одағайды түсіне алмай жатырмын
      Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: