Тест Төлеу сөз с ответами

Тест Төлеу сөз с ответами
 
Төл сөзге байланысты тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді аңықтаңыз.
A) «Сен радио тыңдайсың ба?- деп сұрады досым.
B) «Сен радио тыңдайсың ба?»- деп сұрады досым.
C) Сен радио тыңдайсың ба, деп сұрады досым.
D) «Сен радио тыңдайсың ба, деп сұрады досым.».
E) «Сен радио тыңдайсың ба»- деп сұрады досым.
Дұрыс жауап: В
 
Төл сөздің дұрыс анықтамасын көрсетіңіз.
A) Біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз беру.
B) Автордың өзінің айтқан сөзі.
C) Біреудің айтқан сөзінің өзгерген нұсқасы.
D) Бағыштап айтылған сөз.
E) Өсиет сөз.
Дұрыс жауап:  А
 
Төл сөзге байланысты тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді аңықтаңыз.
A) Мұғалім: Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар,-деді.
B) Мұғалім: «Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар», -деді.
C) Мұғалім «Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар», -деді.
D) Мұғалім - «Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар», -деді.
E) Мұғалім - Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар, -деді.
Дұрыс жауап: В
 
Төлеу сөз бар сөйлемді аңықтаңыз.
A) «Мен шетелге оқуға барамын»,- деді досым.
B) Досым шетелге оқуға баратыны туралы айтты.
C) Досым шетелге оқуға барады.
D) Досым шетелге оқуға барады екен.
E) Досым: «Мен шетелге оқуға барамын»,- деді.
Дұрыс жауап: В
 
Біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз беретін сөзді анықтаңыз.
A) Төлеу сөз.
B) Қыстырма сөз.
C) Қаратпа сөз.
D) Одағай сөз.
E) Төл сөз.
Дұрыс жауап: E
 
Сөйлеуші басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана беретін сөзді анықтаңыз.
A) Төлеу сөз.
B) Қаратпа сөз.
C) Төл сөз.
D) Одағай сөз.
E) Қыстырма сөз.
Дұрыс жауап: A
 
Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз.
A) «Мүмкін кездесерміз» деді жас жігіт.
B) «Мүмкін кездесерміз», – деді жас жігіт.
C) «Мүмкін кездесерміз деді», – жас жігіт.
D) «Мүмкін кездесерміз» – деді жас жігіт.
E) «Мүмкін,» – кездесерміз деді жас жігіт.
Дұрыс жауап: B
 
Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз.
A) Анам маңдайымнан сипап: «Ұлым, арыңды жасыңнан сақта», – деді.
B) «Анам маңдайымнан сипап Ұлым арыңды жасыңнан сақта», – деді.
C) Анам маңдайымнан сипап: «Ұлым, арыңды жасыңнан сақта деді.»
D) Анам маңдайымнан сипап, Ұлым, арыңды жасыңнан сақта деді.
E) «Анам маңдайымнан сипап, Ұлым, арыңды жасыңнан сақта», – деді.
Дұрыс жауап: A
 
Төлеу сөзді анықтаңыз.
A) «Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындаңдар», – деді мұғалім.
B) Мұғалім: «Балалар бақылау жұмысын жақсы орындаңдар», – деді.
C) Мұғалім балалар бақылау жұмысын жақсы орындағандары туралы айтты.
D) Мұғалім айтты «Балалар бақылау жұмысын жақсы орындаңдар».
E) «Балалар, – деді мұғалім бақылау жұмысынды жақсы орындандар.
Дұрыс жауап: A

Дата: 2012-03-09 Просмотров: 8399 Загрузок: 115 Язык: на казахском языке

  • аэка 25 April 2014 10:30
    п0следний неправильный))
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: