hello Гарвард Және әлімнің басқа да университеттерінің профессорлары алтын медальді қазақстандық оқушыға берді

Гарвард Және әлімнің басқа да университеттерінің профессорлары алтын медальді қазақстандық оқушыға берді

Гарвард Және әлімнің басқа да университеттерінің профессорлары алтын медальді қазақстандық оқушыға берді

Біздің министрліктің мақтана айтар жағымды жаңалығы бар. Алматылық 11 сынып оқушысы Қажымұрат Ақназар Қытайда өткен халықаралық олимпиадада алтын медаль жеңіп алды. Пекинде оқушылардың жобалары бойынша өткен «S. T. Yau High School Sciences Awards» байқауының финалында Қажымұрат физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің атынан бақ сынаған болатын. Байқауда математика, физика, биология, химия, информатика секілді 5 пән бойынша 79 команда сайысқа түсті. Қажымұрат математика бағыты бойынша алтын медальді жеңіп алды. Бұл секцияға Қытай, Сингапур, АҚШ және Қазақстаннан 22 үміткер қатысқан болатын. Қазылар биылғы олимпияданың соңғы жылдардағы жарыстарға қарағанда өте күрделі болғанын айтып отыр. Олимпиадаға Гарвард, Стенфорд, Дьюк, Корнела, Тсинхуа секілді әлемнің маңдайалды оқу орындарының профессорлары қазылық етті. Пекинде өткен халықаралық олимпиядадағы жеңіс Қажымұрат Ақназардың алдынан алыс-жақын шет елдердегі көшбасшы оқу орындарына есік ашатынына қуаныштымыз. Жарайсың Қажымұрат! 

Фотоны «Назарбаев зияткерлік мектептері» баспасөз қызметі ұсынды.


Дата: 2017-12-23 Просмотров: 400 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: