Ауылшаруашылығы фитопатологиясы тест

Ауылшаруашылығы фитопатологиясы тест на казахском языке скачать бесплатно и без регистрации. 

 

1. Бидай сабағының қара күйе ауруына тән белгілер:

A) Кесел шалған тұқым ұрығы кейде ыдырамайды да, тұқым өну қабілетін сақтайды

B) Өсімдіктің сабағында, жапырақтарында және жапырақ қынабында ұзындығы 2 мм-ден бірнеше см-ге дейін жететін, пішіні біраз дөңестеу болып келетін жолақтардың пайда болады

C) Дертке шалдыққан өсімдіктер сауларына қарағанда 2-4 есе аласа болады

D) Залалданған масақтар тығыздау, сәл қысқалау, пішіні өзгеріп, бұратылып келеді

E) Масақ тұтас залалданбай, көбіне дәнектің жырашығы немесе ұрық бөлігі залалданып, күйе телиоспоралары қара массаға айналады

 

 

2. Астық дақылдарының сызықты (сабақ) таты ауруына шалдығу қаупі жоғары Қазақстан облыстары:

A) Қостанай

B) Батыс

C) Шығыс

D) Оңтүстік

E) Қызылорда

 

 

3. Астықтың тамыр шірігі, қастауыш, қуыршақтану ауруларының сыртқы белгілері:

A) солу

B) ширатылу

C) жара

D) ісік

E) өңез

F) дақ

 

 

4. Асбұршақтың аскохитоз ауруының түрлері:

A) Ақ аскохитоз

B) Тамыр шірігі

C) Қоңыр аскохитоз

D) Қара аскохитоз

E) Жапырақ аскохитозы

F) Жасыл аскохитоз

 

 

5. Көпжылдық бұршақты шөптердің пероноспороз ауруының диффузды формасының белгілері:

A) Жапырақтың астыңғы бетінде күлгін-сұр өңез түзіледі

B) Жапырақтарының астыңғы бетінде қалың қоңыр-күлгін өңез пайда болады

C) Залалданған жапырақтар мезгілінен бұрын қурап, түсіп қалады

D) Жапырақтың үстіңгі бетінде жайылған сарғыш немесе ақшыл дақтар пайда болып

E) Өңезде кейін қара нүкте тәрізді клейстотецийлер түзіледі

F) Өсімдік мүшелерінде ақ ұнтақты өңез түрінде біліне бастайды

 

 

6. Мақтаны залалдайтын аурулар:

A) Вертициллезді солу (вилт)

B) Гоммоз

C) Фомопсис

D) Фомоз

E) Сұр шірік

 

 

7. Күнбағыс егістігін залалдайтын сұңғыла түрлері – күнбағыс сұңғыласы, бұтақты сұңғыла, египет сұңғыласының латынша атаулары:

A) Botrytis cinerea

B) Orobanche ramosa

C) Puccinia helianthi

D) Pythium debaryanum

E) Orobanche cumana

 

 

8. Қызылшаның Ascomycetes класының Mycosphaerellales қатарына жататын Cercospora beticola саңырауқұлағы қоздыратын церкоспороз ауруына тән белгілер:

A) Дақтың бетінде майда, қара реңді нүкте тәрізді саңырауқұлақ пикнидалары түзіледі

B) Өңез жапырақтың астыңғы және үстіңгі бетінде қалыптасады

C) Ауру қатты дамығанда өңез залалданған өсімдіктің сабағы мен тұқымына да тарайды

D) Бұрынғы (ескі) жапырақтарға түскен дақтардың көлемі ірілеу, түci ашық-қоңыр болады

E) Залалданған жапырақ бетінде ашық-сұр түсті, қызылдау немесе қоңыр жиекті, пішіні дөңгелек, майда (диаметрі 2-4 мм) дақтар пайда болады

 

 

9. Қызылшаның Betae virus 2 Smith, вирусы қоздыратын теңбіл ауруына тән белгілер:

A) Ауруға шалдыққан қызылша өсімдігінің жоғарғы жасыл жапырақтарының бетінде ақшыл, мәрмәр тәрізді, теңбіл, пiшiні сақина, нүкте, дөңгелек, жалпақ дақтар пайда болады

B) Ауруға шалдыққан тамыржемістер қатайып, талшықтанып, түтіктері сүректеніп, вегетация кезінде құрғақ фузариозға ұқсап шіриді

C) Залалданған жапырақтардың жүйкелері ашық немесе сарғыш түсті болады

D) Дерт шалған өсімдіктердің өciп, жетілуі баяулайды

E) Сары бояу жапырақтың төменгі бөлігіне, сағағына қарай жылжып, жапырақ бетін түгел алып, қола кейде қызыл түске боялады

F) Залалданған тамыржемістер майдаланып жетілмей, төменгі бөліг қысқарып, деформацияланады

 

 

10. Картоптың вирус аурулары:

A) қара мойнақ

B) сақиналы шірік

C) секпілді мозаика

D) жасыл мозаика

E) жолақты мозаика

F) кәдімгі мозаика

 

Конец теста по теме Ауылшаруашылығы фитопатологиясы на казахском языке. 


Дата: 2014-03-08 Просмотров: 3220 Загрузок: 25 Язык: на казахском языке

  • Еркежан 21 October 2014 17:11
    өте жаксы жазылган тест рахмет
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: