Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы тест

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы тест скачать на казахском языке  бесплатно и без регистрации.

 

1. Қызмет түрі ретіндегі қылмыстық іс жүргізудің пәні (заты):

A) Қылмыстық іс жүргізушілік қатынастардың құрылу логикасы

B) Ұғымдар жүйесінің қалыптасу заңдылықтары

C) Негізгі институттардың сипаты мен жүйесі

D) ҚІЖ қызметіндегі жалпы және арнайы процедуралардың байланысы

E) Қылмыстың жасалуына себепші болған мән-жайлар

 

 

2. Қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі:

A) ҚР әкімшілік заңнамасы

B) Іс жүргізушілік санкциялар

C) Тергеу іс-әрекеттерінің хаттамалары

D) Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары

E) ҚР Үкіметінің қаулылары

 

 

3. Заңдылық қағидасының мәні:

A) Нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын дәл сақтау мiндеттілігi

B) Әрбiр ұсталған адамға ұстаудың негiзi дереу хабарланады

C) Соттың қылмыстық iс бойынша үкiмiн тек тиiстi соттар ғана тексереді

D) Адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi таратуға жол берiлмейдi

E) Төтенше немесе арнаулы соттар құруға жол берiлмейді

F) Сот әдiлдiгiн тек соттар ғана жүзеге асырады

 

 

4. Қылмыстық iзге түсу органы өз құзыретi шегiнде қылмыстың белгiлерiн тапқан әрбiр жағдайда мiндеттi:

A) Прокурорға ұсыныс жасауға

B) Соттың келісімін алуға

C) Қылмыс оқиғасын белгiлеуге

D) Қылмыстық істі қысқартуға

E) Тергеу бөлімінің бастығына хабарлауға

F) Қылмыстық істі тоқтатуға

 

 

5. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекеттерiнiң салдарынан келтiрiлген зиянды өтеуге құқылы:

A) Ақталған адам

B) Қорғаушысы талап арыз жазғандар

C) Шағым берген тұлғалар

D) Мұрагерлері бар адамдар

E) Айыптау қорытындысымен танысқандар

F) Кінәсін мойындап келсе

 

 

6. Қылмыстық іс жүргізуде белгiленген мерзiмдер есептеледi:

A) Сағаттармен

B) Тәулiктермен

C) Айлық есептік көрсеткішпен

D) Зиян мөлшерімен

E) Күнтізбемен

 

 

7. Қылмыстық ізге түсу органдары:

A) Анықтау органы

B) Алқаби

C) Прокурор

D) Сот

E) Айыптау тарабы

 

 

8. Аудармашыға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi шешедi:

A) Анықтаушы

B) Тергеуші

C) Айыптаушы

D) Заңды өкіл

E) Сот приставы

 

 

9. Қылмыстық іс жүргізу құқығының құқықтық институттары:

A) Заңдылық

B) Азаматтық талап институты

C) Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi

D) Тұрғын үйге қол сұқпаушылық

E) Судьялардың тәуелсiздiгi

F) Қорғау институты

 

 

10. Сот талқылауына қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданатын шаралар: 

A) сот отырысын басқа қалада жүргізу  

B) оны сот талқылауына басқа қатысушылардың көзіне көрсетпей жауап алу туралы қаулы шығару 

C) қауіп төнген адамды тергеушінің қарамағына беру 

D) айыпталушының мүлкіне тиым салу 

E) сарапшыны шақыртып, одан төнген қауіптің растығын анықтау 

F) қалған қатысушылардың оны даусы, сыртқы белгілері жынысы, ұлты, бойы бойынша тануы мүмкін болмайтын жағдайларда жауап алу

 

 

Конец теста по теме Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы на казахском языке.


Дата: 2014-03-08 Просмотров: 11549 Загрузок: 692 Язык: на казахском языке

  • Нургуль 11 February 2018 11:57
    Тестеріңіге рахмет
    Ответить
  • kundyz 08 February 2019 20:42
    маған тест жауаптарымен керек
    Ответить
  • Талгат 01 October 2019 22:18
    Жауаптары барма
    Ответить
  • Зауре 03 April 2020 00:05
    Сәлеметсізбе! Тест сурактар жауабымен барма?
    Ответить
  • Динара 01 July 2020 14:27
    Салеметсиз бе? Тест жауабын кайдан билиниз?
    Ответить
  • Aidar 31 December 2020 18:29
    Тест жауабы????
    Ответить
  • ТОЙГУЛИЕВА Айнур 28 December 2020 23:29
    Все тестовые вопросы
    Ответить
  • Айнур 05 January 2021 12:18
    Тест можно с ответами спасибо
    Ответить
    • Жанерке 09 February 2022 00:45
      Можно ответы?
      Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: