Өзін-өзі тану тест на казахском языке скачать бесплатно и без регистрации.
1. Адамның өзін-өзі тануында білімнің рөлін атап көрсеткен қазақ ағартушы-ғалымдары:
A) М. Өтемісұлы
B) Ө. Жолдасбеков
C) И. Тайманов
D) Ы. Алтынсарин
E) Қ. Сәтбаев
2. Жүрек қалауымен мамандық таңдауда сізге көмек көрсете алады:
A) Хисса-дастандардағы кейіпкерлер
B) Ата-анаңыз
C) Аңыз кейіпкерлері
D) Батырлар жырының кейіпкерлері
E) Бейтаныс адамдар
3. Адам жан дүниесіндегі рухани қажеттіліктер туындайды:
A) Қауіпсіздік пен қорғанысқа ұмтылысынан
B) Билікке қол жеткізу қуанышынан
C) Өмірге, сұлулыққа іңкәрлік және тұрмыс қуанышынан
D) Қоршаған заттар мен құбылыстардың әр алуандығынан
E) Ұзақ уақыт өмір сүруге ұмтылысынан
F) Өзінен өзгелердің жасқанатынын сезуден
4. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде қарым-қатынасқа қажеттілік анық көрінеді:
A) Қонақжайлылықтан
B) Сенімсіздіктен
C) Агрессивтіліктен
D) Тұйықтықтан
E) Қабылдамаудан
F) Бытыраңқылықтан
5. Кез келген дау-дамай жағдаятында болады:
A) Жеңімпаздар, жеңілгендер
B) Бақылаушылар, жәбірленушілер
C) Жеңімпаздар, бақылаушылар
D) Бақылаушылар, келісушілер
E) Табыстылар, бақылаушылар
F) Келісушілер, табыстылар
6. Махаббаттың адамшылықтың және адамгершіліктің жоғары көрінісі екендігі білінеді:
A) Сезімнің буырқануынан
B) Рухани, дене, интеллектуалдық құштарлықтың бірлігінен.
C) Құпия-сырлылығынан
D) Адамды биікке көтеруі мен ізгілендіруінен
E) Тәндік елігу екендігінен
7. Туыстық байланыстар басты рөл атқарады:
A) Өз отбасын құруда
B) Достарымен көңіл көтеруде
C) Өмір жолын таңдауда
D) Болашақ жарын таңдауда
E) Өзіне дос таңдауда
8. Патриотизм:
A) Өз елінің қазба байлықтарын пайдалану
B) Әртүрлі ұлттардың тілін білу
C) Өз Отанына деген сүйіспеншілік
D) Отаны үшін құрбандық пен ерлікке дайын тұрушылық
E) Түрлі елдердің саясатын қолдау
9. Ұлттық мәдени мұраның құндылықтарын сезіну:
A) Жалпымемлекеттік маңызды идеологияны сіңіреді
B) Патриотизм сезімін қалыптастырады
C) Ұлт өкілін өкіндіреді
D) Эгоцентризмді қалыптастырады
E) Езілген халықтың еңсесін түсіреді
F) Интернационалдық қатынасты төмендетеді
10. Қазақ дүниетанымында «Әлемнің жетіспеушілігін жеңу мүмкіндігі»:
A) Адамға немқұрайды қарауда
B) Тайталастықта
C) Адамды өзінен алыстатуда
D) Салқынқандылықта
E) Қонақжайлылықта
F) Адамды жақын тарту, жаны ашу, ниеттес, тілектес болуда
Өзін-өзі тану на казахском языке.
Меруерт 22 February 2022 12:42