Қазіргі қазақ (орыс) тілі тест

Қазіргі қазақ (орыс) тілі тест скачать бесплатно и без регистрации.

 

1. Іштегі ойды дыбыс арқылы сыртқа шығару, айту:

A) Суреттеу

B) Дауыстау

C) Бейнелеу

D) Сипаттау

E) Ымдау

 

2. Тіл дыбыстарының анықтамасы:

A) Белгілі бір сөзді белгілеу үшін алынған таңбалар

B) Бір зат пен екінші заттың соқтығысуынан пайда болған физикалық құбылыстар

C) Табиғаттағы құлаққа естілетін үн

D) Әріппен таңбалауға келетін дыбыстар

E) Дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы шығатын, бір-бірінен сапалық жағынан ажыратылған, әлеуметтік мәні бар дыбыстар

 

3. Дыбыс шығаруда актив қызмет атқаратын сөйлеу мүшелері:

A) Тіс

B) Тіл

C) Кеңірдек

D) Дауыс толқыны

E) Тамақ

F) Мұрын

 

4. Дауыссыз дыбыстың жасалуы:

A) Дауыс шымылдығының жиырылып тұруынан пайда болады

B) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады

C) Дауыс шымылдығының барынша керіліп тұруынан пайда болады

D) Дауыс шымылдығының ауаға тосқауылынан пайда болады

E) Дауысты дыбыстың әсерінен жасалады

F) Өкпедегі ауаның сыртқа шығуынан пайда болады

 

5. Тіркес екпініне ие болатын сөздер қатары:

A) Абай көшесі

B) Саясаткер

C) Қаламгерлер

D) Шаруашылық

E) Түркістан

F) Желдеткіш

 

6. Синонимдік сөздіктердің мақсаты:

A) Сөз таптарына қарай жіктеу

B) Мағыналас сөздерді синонимдік қатарға топтастыру

C) Доминант (тірек) сөздерді іріктеп шығару

D) Жалпы сөздерді стильдік қызметіне қарай бөлу

E) Түбірлес сөздерді сөздік етіп шығару

 

 

7. Қайталама қос сөздер қатары:

A) Мая-мая, ата-ана, үлкен-кіші

B) Көре-көре, сөйлей-сөйлей, айта-айта

C) Таудай-таудай, ойнап-күліп, ертелі-кешкі

D) Некен-саяқ, шөп-шалам, шай-пай

E) Қадау-қадау, жеке-жеке, жиі-жиі

 

 

8. Реттік сан есімдер:

A) Алтау, жетеу, біреу

B) Он, жиырма, жиырма үш, елу

C) Оннан, үштен, төрттен

D) Бесінші, алтыншы, жетінші

E) Жүз екінші, екі жүз қырқыншы, алты жүз үшінші

 

 

9. Қазақ тілі орфографиясының қағидаттары (принциптері):

A) Лабиалдық

B) Ассимияциялық

C) Этимологиялық

D) Морфологиялық

E) Тарихи-дәстүрлі

F) Сингармониялық

 

 

10. Лексикологияның салалары:

A) синтаксис

B) семасология

C) сөзжасам

D) фразеология

E) диахрония

F) синхрония

 

Конец теста по теме Қазіргі қазақ (орыс) тілі тест.


Дата: 2014-03-06 Просмотров: 2914 Загрузок: 53 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: