Синоптикалық метеорология тест на казахском языке

Синоптикалық метеорология тест на казахском языке скачать бесплатно и без регистрации

 

1. Ауа массаның тұрақсыз стратификациясының белгісі болып табылатын метеорологиялық құбылыстар:

A) Ақ жауынды жаңбыр

B) Адвективті тұман

C) Борасын

D) Нөсер

E) Сіркіреуік

 

 

2. Жылғалы ағыстың сипаттамалары:

A) Берілген пунктте немесе ауданда жылғалы ағыстың қарқындылығы осьтегі желдің бағытының мәнімен бағаланады

B) Жылғалы ағыстың өзегі – ол желдің ең жоғары жылдамдығымен сипатталатын орталық бөлігі

C) Жылғалы ағыстың осьтің оң жағында жатқан бөлігі циклондық перифериясы деп аталады

D) Геопотенциалдың төмен мәндер жағына қараған жылғалы ағыстың бөлігі антициклондық, ал жоғары мәндер жағына қараған бөлігі циклондық болып табылады

E) Берілген ЖФА-та желдің минимальды жылдамдығы бар ток сызықтары жылғалы ағыстың осі деп аталады

 

 

3. Ауаның конвективті вертикальды қозғалыстарымен байланыспаған ауа райының құбылыстары:

A) Тұман

B) Найзағай

C) Бұршақ

D) Турбуленттілік

E) Әуе кемесінің мұздануы

F) Нөсерлі жауын-шашын

 

 

4. Жылғалы ағыстың осі:

A) Желдің ең көп жылдамдығымен сипатталатын жылғалы ағыстың ортаңғы бөлігі

B) Желдің максимальды жылдамдығы бар ағыс сызығы

C) Берілген планетарлық жоғарғы фронталды аумақта желдің максимальды жылдамдығы бар ток сызықтары

D) Бір деңгейде берілген жоғарғы фронталды аумақта желдің максимальды жылдамдығы бар нүктелерді қосатын сызық

E) Берілген ПЖФА-та желдің максимальды жылдамдығы бар нүктелерді қосатын сызық

F) Берілген деңгейде изогипстердің ең көп шоғырланған аймағы

 

 

5. Тропикалық емес ендiктерде қысым градиентiнiң орташа мәнi:

A) 10-12 гПа/100 км

B) 1-3 гПа/100 км

C) 6-8 гПа/100 км 

D) 18-20 гПа/100 км

E) 12-15 гПа/100 км

F) 8-10 гПа/100 км

 

 

6. Фронтальды аймақтың ені байланысты болады:

A) Фронт аймағындағы бұлт жүйесінің қуаттылығынан

B) Жыл мезгілінен

C) Турбуленттілік дәрежесінен

D) Фронтта реттелген вертикалды қозғалыстардың даму дәрежесінен

E) Ауа массаларының конвергенция қарқындылығынан

 

 

7. Атмосфералық фронттарды талдаған кезде қолданылмайтын аэросиноптикалық құралдар:

A) Қар жамылғысының және топырақ беті күйінің картасы

B) Вертикалды кескіндер

C) Биіктіктегі ылғалдықтың картасы

D) Вертикалды қозғалыстар картасы

E) Тропопауза карталары

 

 

8. Атмосфералық фронттың биіктікте орналасуын анықтау үшін қолданылатын метеошамалардың алқабтары:

A) Қысым

B) Салыстырмалы геопотенциал

C) Жел

D) Абсолюттік геопотенциал

E) Температура алқабы

 

 

9. Атмосферада тұрақтылықтың көбеюіне ықпалын тигізеді:

A) Ауа массаның жоғарғы қабатының немесе бұлттардың жоғарғы шекарасының радиациялық салқындауы

B) Азжылжымалы кең антициклонның жүйесінде қарқынды радиациялық салқындау

C) Жер бетінде ауа температурасы жоғарылаған немесе өзгермеген жағдайда байқалатын жоғары бағытталған қозғалыстар

D) Биіктеген сайын суық адвекциясының күшеюі

E) Жылы ауа массаның салқындауы

F) Биіктеген сайын суық адвекциясының әлсіреуі

 

 

10. Атмосфералық фронт жағдайларда күшейеді:

A) Фронт тез жылжымалы

B) Фронт байланысқан жырада қысым градиенті азаяды

C) Ауаның трансформациясы үлкен

D) Ауаның ылғалтұрақсыздығы аз

E) Иілу бұрышы үлкен

F) Фронттың бөлігі ЖФА-тың астында температураның айырмашылығы өсетін аумақтың алдында орналасады

 

Конец теста Синоптикалық метеорология.


Дата: 2014-03-01 Просмотров: 2262 Загрузок: 8 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: