Өзендер гидрометриясы тест на казахском

Өзендер гидрометриясы тест на казахском скачать бесплатно и без регистрации. 

 

1. Өзендегі қозғалмайтын тұтас немесе жылымы бар, беті бір тегіс немесе кедір бұдыр мұз жамылғысы:

A) мұз құрсау

B) анжыр жолы

C) қызылсу мұзы

D) мұз мойнағы

E) кемермұздар

 

 

2. Гидрометриялық зырылдауықпен өлшеуге болатын өзен ағынының сипаттамасы: 

A) судың температурасы

B) тереңдік

C) судың мөлдірлігі

D) өзен ағысының жылдамдығы

E) судың минералдылығы

 

 

3. Төменде аталған құралдардың ішінен келесісі жылдамдық көрсеткішін немесе 1 секундтағы қалақтық бұранданың айналым санын береді: 

A) ВЖМ

B) ГР-21М (жетілдірілген)

C) ГР-99

D) ГР-21

E) ГР-55

F) ГР-11

 

 

4. Беттік қалтқы жоғарғы және төменгі тқстамалардың арасындағы 200 м қашықтықты 100 с өтті. Қалтқының қозғалыс жылдамдығы (м/с) құрайды немесе келесі аралығында жатады:

A) 2,5

B) 3,0

C) 2,0

D) 4,0

E) 4 кем

F) 1,5

 

 

5. Су деңгейiн өзі жазушыда мынадай сағаттық механизм қолданылады:

A) серiппелi

B) жанармайлы

C) тек қана электрондық

D) тек гiрлiк

E) ауырлық

F) қысымдық 

 

 

6. Су деңгейiн өзi жазушы ГР-38-де барабан қозғалысқа келедi:

A) ауырлық жүктің көмегімен

B) қалам ұстаушы кареткамен

C) сағаттық механизммен

D) қалтқылық жүйемен

E) серіппелі сағаттық механизмнің алмалы салмалы төлкелерімен

 

 

7. Егер рейка нөлiнiң биiктiк белгiсi 847,524 абс. м, ал су өлшеу бекетiнiң «0» графигiнiң биiктiк белгiсi 845,21 м Б.Ж. болса, су өлшеу рейксының «0»-нiң келтiру шамасы төмендегі шамаға тең немесе келесі аралығында жатады: 

A) 545 см

B) екі жүз елу

C) жуықтап 230см

D) 232 төмен

E) 320 см

 

 

8. Ауаның өлшенген температурасы 11,9  С, түзету +0,1  С. Ауаның түзетілген температурасы құрайды:

A) 11,9 оС

B) 11,9 оС жуық

C) 12,1 оС

D) 12,0 оС артық емес

E) 12,0 оС

 

 

9. Су өлшеу бекетiн ұйымдастыру үшін түзу сызықты учаскенiң ұзындығы осындай болуы керек:

A) өзеннiң 7 еселенген енi

B) өзеннiң 2-3 еселенген енiндей

C) өзеннiң 5 еселенген енi

D) өзеннiң 8 еселенген енi 

E) өзеннің (4÷5) B

F) өзеннiң 6 еселенген енi

 

 

10. Лайлылыққа сынама алуға арналған құрал: 

A) ауырлығы бар батометр-бөтелке ГР-15

B) тензометрлік датчик

C) штангадағы ГР-16М батометр-бөтелке 

D) фракциометр

E) эхолот

F) гидрометриялық зырылдауық

 

Конец теста Өзендер гидрометриясы


Дата: 2014-03-01 Просмотров: 3826 Загрузок: 104 Язык: на казахском языке

  • Муратхан Абдиров 12 November 2020 15:41
    Өте жақсы құрастырылған
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: