АҚШ бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін.

АҚШ бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін.
 
АҚШ бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін.
ЖОСПАРЫ:
1.1. 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс.
1.2. Демократтардың өкімет басына келуі.
2.1. Ф.Рузвельт «Жаңа бағыты» және саясаттағы бетбүрыс.
2.2. Ф.Рузвельт өкіметінің сыртқы саясаты және АҚШ екінші дүниежүзілік
соғыс жылдарында.
 
________________________________________
Кіріспе
 
  Тақырыптың өзектілігі: XX ғасырдың 30-жылдарының соңында АҚШ-та өндіріспен капитал миллион доллардан астам өнім шығаратын ірі кәсіпорындарында өндіріспен капитал шоғырланды. Ол американ кәсіпорынының жалпы көлемінің 5,2 %-тін құрады. Онда кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшылардың 55%-ті жинақталған. Ол өнеркәсіп өнімінің 67,5%-тін өндіреді. Американ корпорациясының жалпы санының 1000-нан астамын құрайтын алып концерндер барлық активтердің жартысын иемденді. ХХғ. 30-жылдардың соңында жекеменшік иелерінің 1%-ті елдегі ұлттық байлықтың 59%-не ие болды. Елдің басым көпшілігі ұлттық байлықтың 8%-не ие. Франклин Рузвельт үкіметінің сыртқы саясаты алдыңғы кезеңдегі үкіметтің саясатынан гөрі бұрмалаңқы саясат болды. Америка үкіметі Латын Америкасы елдерімен «Тату көршілік» саясат ұстанды. 30-жылдардың басында АҚШ дүниежүзілік рынокта үлкен бәсекелестікке түсті. Оның бәсекелестері Германия, Жапония, Италия болды. Осы бәсекелестік олардың арасында қайшылықтардың шиеленісуіне әкеп соқты. 1929-1933 жылдары өндірілген товарларды сату мен өткізу саласында дағдарыс туды. Ол дағдарыс Американың Нью-Йорк биржасында басталып, Европаның барлық капиталистік мемлекеттерін қамтыды.
Американ қоғамында терең реформалар жүргізу дағдарыстан шығудың жолы болды да ол 1933-1941 жылдары президент Франклин Д.Рузверьттің саясатымен тұстас келді. Бұл саясат тарихқа «Жаңа бағыт» деген атпен енді. АҚШ-та 20-жылдары экономикалық қарқын өте жоғары болды да 1929-1933 жылдардағы орыналған экономикалық дағдарыс соншалықты терең болды. Өнеркәсіп өндірісі ғасырдың басындағы деңгейіне түсті, 100 мыңдаған фермерлер күйреді. Жұмыссыздық өсті. Америка тағдырында алғаш рет жұмыссыздар саны 12,5 миллион адамға жетті. 1929-1933 жылдары орын алған дағдарыс американдықтардың тағдырында ұлттық трагедияның символы ретінде қалды. Бұл дағдарыс американдықтардың 20-жылдары гүлденген американың еш уақытта күйрейтінін білмеген американдықтарға өте ауыр тиді. Оның үстіне АҚШ-та әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жүзеге аспаған болатын. Американдықтар әр адам өзіне ғана сенуі керек деп есептейтін. Дағдарыс кезінде олар Бұл көзқарастан ауытқыды. Олар мемлекеттен көмек сұрады. Мемлекеттің экономикаға араласуы өмір сүрудің жалғыз құралы деп есептелінді. І-дүниежүзілік соғыс ардагерлері, жұмыссыздарға мемлекеттің қолдау көрсетуін талап етті. Фермерлер өз өнімдерінің бағасының құлдырауының шегін қоюды қалады. Дағдарыс республикаидықтардың президенті Герберт К. Губер тұсына сай келді. Ол 1928 жылы президенттікке сайланып, 4 март 1929 жылы дағдарыс басталған соң Ақ үйді тастап кетті. Оның қарсыласы демократиялық партия өкімет басына келуге мүмкіндік алды. Демократтар 1930 жылы американ конгрессінде көпшілік орын алды. Демократтар 1932 жылы президенттік қызметті жеңіп алуға ұмтылып, Франклин Д.Рузвельтке үміт артты.
Франклин Делано Рузвельт Гудзон өзені даласында атақты Рузвельттер жан ұясында 1881 жылы дүниеге келген. Оның арғы атасы Ван Рузвельт Америкаға ХҮІІ ғасырда Голландиядан келген. Қазіргі Нью-Иорк ол кезде голландылық болып, Жаңа Амстердам болып аталған. Кейін оны ағылшындар басып алып, қаланың атын өзгерткен. Рузвельт ағылшын мәнерінде Рузвельт болып аталған. Оның екі немересі американ тарихында президент болды: Біріншісі президент Теодор Рузвельт. Ол 1901-1909 жылдары аралығында президенттік атқарған. Екіншісі-Франклин Делано Рузвельт. Оның әкесі бизнесмен болған. Оның әкесі, Рузвельттер Нью-Иорктағы атақты жан ұяларға жатады. Франклин Рузвельт әке-шешесінің жалғыз ұлы болған. Франклин үйде жақсы білім алған. Ол француз, неміс тілдерін жетік білген. Делано 3 жасқа келгеннен бастап үнемі әке-шешесімен бірге Европаға саяхат шегіп отырған. Франклин Д.Рузвельт жеке меншік мектепте білім алып, даңқты Гарвард университетін бітірген. Сонан кейін Колумбия университетінің құқық мектебін бітіреді. Франклин Д.Рузвельт жас кезінен бастап саясатқа қызығады. Ол 1913 жылы демократиялык партиядан Нью-Йорк штатының сенатына сайланады. 1913 жылы президент В.Вильсон оны теңіз министрінің орынбасары етіп тағайындайды. Осы қызмет үлкен саясатқа жол ашады.
1921 жылы Франклин Д.Рузвельт мүхитқа шомылып, суықтайды және полиомиелит ауыруымен ауырады. Балдақсыз жүре алмайтын қалге келеді. Аурудың алғашқы ауырлығын жеңіп, саясатқа қайта оралады. Ол өзімшіл, өте рухы жоғары, қайсар адам болған. 1928 жылы оны өзінің штаты Нью-Йорктің губернаторы етіп сайлайды. Осы штатта революцияға тең мемлекет көмегіне қажеттілерге көмек көрсететін бағдарламаны жүзеге асырады. Осы саясат қайыршыланғандардың қолдауын көрсетеді. 1932 жылы президенттік сайлауда республикандық партия оңбай жеңіледі. Франклин Д.Рузвельт конгресстің екі палатасында да басым орынға қолдауына жетеді. Сайланған президент өзінің қызметіне 4 март 1933 жылы кірісті. Сайлау жүргеннен бастап, дағдарыс кеңейіп, американ банктері банкроттыкқа ұшырады. Американдықтар өз жинақтарын сақтап қалу үшін банктер жанына шоғырланды. Франклин Д.Рузвельт қызметіне кіріскен кезде Нью-Йорк және Чикаго сияқты финанс орталықтарында банктерде қаржылар болмады. Ел толық жансыздану алдында тұрды. Франклин Д.Рузвельт дағдарыстан елді сауықтандыруды финанс жүйесінен бастады. Президент банк жүйесін құтқару үшін күтпеген шаралар қолданды. Бір банктерді жапты, бірін-біріне қосты. Франклин Д.Рузвельт әкімшілігі «Жүз күн» деп аталатын реформаларды жүзеге асырды. Көптеген жұмыссыздар әртүрлі қоғамдық жұмыстарға тартылды. Франклин Д.Рузвельт өзінің батылдылығымен, болашаққа сенімділігімен адамдарды өзіне тартты. Оның басшылығымен «Жаңа бағыт» атымен белгілі реформалар кешені әзірленді. Белгілі бір мағынада «жаңа бағыт» АҚШ-та Батыс Европалық елдерде жүргізілген реформаларға ұқсас реформалар жүргізуді көздеді. Сонымен қоса ол 1880 жылы темір жол тарифтерін бақылаудан және Г. Рузвельт пен В.Вильсонның реформаларынан басталатын реттелетін экономиканың ұзақ жолының аякталуы болды.
«Жаңа бағыттағы» шын мәніндегі жаңашылдық-АҚШ-та өз міндеттерін орындаған реформалардың жылдамдығы болды. Бірақ көптеген реформалар асығыс дайындалып, қарқынсыз жүргізілді, ал кейбіреулері тіпті бір-біреуіне қайшы келді. Шешім қабылдау мен оны өмірге енгізудегі бар жылдамдығына қарамастан, «жаңа бағыт» еркін талқылау мен сынға ашық боп қала берді. Ол американдықтардың өз мемлекеттерінің әрекеттеріне деген қызығушылығын қайта оятты.
Америка Құрама Штаттары туралы КСРО өмір сүріп түрған кезеңде терең біле бермейтінбіз, ал 1991 жылы Қазақстан өз алдына егеменді ел болып, туын көтерген соң 1991 жылдың соңынан бастап екі елдің арасында дипломатиялық қатынастар орнап, екі жақты байланыстар белсенді дамып келеді. Дүниежүзіндегі мемлекеттерден өзгешелігі АҚШ-та жеке адамның қүқын және жеке меншікке ие болу қүқы қорғалып бағаланады, әр адам қоғамда өз орнын таба алады. АҚШ-тың саяси өмірін тек байлар мен билеп төстеушілер өкіметтің үстемдігі деп сипаттауға болмайды. Егер заңды немесе моралдық нормаларды бұзғаны анықталса, президент болса да саясат пен бизнес әлемінен өз орнынан айрылып қалатындығы сөзсіз.
Америка халқының үлкен «жетістігі» жеке табыс іскерлік тәуекелге бел буушылдық, еркіндік сүйгіштік аркылы даму жолы болып табылады. Осындай сипаттағы Американы қалыптастыруда Американ тарихында президенттік қызметке төрт рет сайланған Франклин Делано Рузвельттің еңбегі айрықша. Болашақ президент бақуатты бай жанұяда өмірге келді. Ф.Рузвельт 1904 жылдары үйінде білімін ашқан. Колумбия университетінде заң мамандығын меңгерген. 1905 жылы жиені Эленора Рузвельтке үйленеді. Эленора күйеуінің саяси карерасында үлкен рол атқарады. 1910 жылы Рузвельт АҚШ-тың демократиялық партиясын н Нью-Йорк штатына сенатор болып сайланады. 1929-1933 жылдардағы Бүкіл дүниежүзілік дағдарыс жылдарында Американы тығырықтан алып шығуға лайықты адам іздегенде Американдыктардың назары тағыда Ф.Рузвельтке ауды. Ф.Рузвельт 1932 жылы президенттік сайлау кезінде Нью-Йорк штатының губерноторы демократиялық партияның өкілі Ф.Рузвельт жеңді. Ол билік басына келісімен сайлаушылардың көңілінен шығу үшін терең саяси бағыт жүргізу керек екенін түсінді. Ол Американдықтарды абыржудан сақтандырып белсенді әрекеттер жүргізуге шақырды. Егер мемлекет экономикалық проблемаларыды шешуге барынша қатыссын десеңіздер, аман қаламыз десеңіздер реформа жүргізу қажет деп үғындырды.
Ф.Рузвельт Американ халқына былай деді. «Долг государства по отношения к гражданам являтся долгом соуги по отношению к своему "хозяину одна из обязнностей государства заключается в заботе о гражданах, оказавшихся жертвамы неблагоприятных обьстоятельств» [1].
Президент болған Рузвельт елдегі депрессия америка халық шаруашылығындағы ішкі процестердің салдарынан басталып, 20-жылдардағы республикандықтардың саясатының арқасында күшейгенін дәлелдеу мен болды. Жаңа президент өзінің батылдығымен, болашаққа сенімділігі мен адамдарды өзіне тартты. АҚШ-та жүргізілген ол жүргізген жаңа бағыт Батыс Европалық елдерде жүргізілген реформаларға ұқсас реформалар жүргізуді көздеді. Сонымен қоса ол 1880 жылы темір жол тарифтерін бақылаудан және Т.Рузвельтпен В.Вильсон реформаларынан басталатын реттелетін экономиканың ұзақ жолының аяқталуы болды. «Жаңа бағыттағы» шын мәніндегі жаңашылдық АҚШ-та өз міндеттерін орындаған
реформалардың жылдамдығы болды [2]. Бірақ көптеген реформалар асығыс дайындалып, қарқынсыз жүргізілді, ал кейбіреулері тіпті бір-біріне қайшы келді. Шешім қабылдау мен оны енгізудегі бар жылдамдағына қарамастан, «Жаңа бағыт» еркін талқылау мен сынға ашық болып қала берді. Бұл жағдай американдықтардың өз мемлекеттерінің әрекеттеріне қызығушылығын қайта оятты.
Рузвельт президенттік ант бергенде елдің банкі және несие жүйесі мүлдем құлдыраған еді. Елде инфляция орын алған еді. Ауыл шаруашылығы мүлдем күйреген еді. Осыларды жөндеу үшін шешімді реформалар қажет болды. «Жаңа бағыт» реформасы арқылы өнеркәсіп ауылшаруашылық және банк финанс жүйесі реттке келді. Бұның бәрі Ф.Рузвельттің саналы басшылығы және ақылдылығынаң арқасында жүзеге асқан еді. Америка халқы Ф.Рузвельттің елді тығырықтан алып шыққан еңбегін бағалап оны келесі мерзімге де президент етіп сайлады.
Диплом жұмысы алдына мынадай мақсатар қояды: Диплом жұмысы Америка Құрама Штаттарының тарихи дамуында елеулі орын алған 1929-1933 жылдардағы бүкіл дүниежүзінің капиталистік елдерін қамтыған экономикалық дағдарыстың Америка Құрама Штаттарының өміріне тигізген әсері және 1932 жылы сайлау барысында республикандықтар жеңіліп, демократтар өкімет басына келген соң елдің экономикасын сауықтыру мақсатында оның лидері Франклин Делано Рузвельттің «Жаңа бағыт» саясатын жүргізудегі табандылығын ол бағыттың, нәтижесін жан-жақты көрсетуді мақсат етеді.
Диплом жұмысының міндетті: - Дүниежүзінің алып мемлекеті АҚШ тарихындағы «ұлы депрессия» жылдарындағы америка экономикасының құлдырауын, жұмыссыздықтың орасан зор орын алғандығын ашып көрсету;
1929-1933 жылдары бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыс салдарынан күйзелген америка экономикасын сауықтыруға, одан әрі дамытуға жол салған Франклин Рузвельттің «Жаңа бағыт» саясатының мән- мағанасын, оның америка халқының тағдырында алар орнын ұғындыру болып табылады.
Диплом жүмысының тарихнамасы КСРО өмір сүріп түрған кезеңде дүниежүзінің алып мемлекеті Америка Құрама Штаттары туралы қызығушылықтар нәтижесінде көптеген зерттеулер дүниеге келген. Ол зерттеулер Кеңестік құрылысты асыра дәріптеп АҚШ-тың шын тарихы бұрмаланған. Солай бола тұрса да елдің өміріндегі президенттердің атқарған қызметтері тарихтан алып тастау мүмкін емес еді. Соның бірі 1979 жылы Москвадан жарық көрген А.Э.Иванян. «Белый дом. Президенты и политика» деп аталатын еңбек болып табылады. Онда АҚШ президенттерінің жүргізген саясаттары кеңінен сөз болады. Кеңес дәуірінде жарық көрседе еңбекте Франклин Рузвелттің «Жаңа бағыт» реформасын орнына, мәніне өз бағасы беріледі. Ф.Рузвельттің «Жаңа бағыты америка халқын депрессиядан алып шыкқан батыл шешім» деп әділ бағасын береді [3]. Американ тарихына шынайы өз бағасын беруді көздеген еңбектің біріне 1990 жылы Москвадан жарық көрген А.С.Маныкин «Эра демократов: партиная перегруппировка в США 1933-1952гг» деп аталады. Онда автор демократтар басқару тұсының республикандықтар басқару кезеңінен айырмашылығын айқындайды. Автор Франклин Рузвельттің II дүниежүзілік соғыс кезіндегі еңбегін ерекше бағалап, оның президент болған алғашқы кезеңінде жүргізген «Жаңа бағыт» саясатында Рузвельттің ешкімге ұқсамайтын батылдығымен табандылығын ашып көрсетеді [4].
Диплом жұмысын жазу барысында көп мәліметтер мен құжаттар интернет жүйесі арқылы алынды. Интернет жүйесі арқылы алынған мәліметтер меи материалдарда Франклин Рузвельттің өмірі, қайсарлығы, елдің тізгінін ұстанғандағы, табандылығы, бір беткейлігі шынайы тарихи құжаттар арқылы беріледі. Осы тақырыпты зерттей отырып мен бұл тақырып студент жастар үшін Америка Құрама Штаттатары, оның президенті Франклин Рузвельтке деген қызығушылығын арттыра түстіне сенемін. Оның өмірі, халықаралық аренада ұстанған ұстанымы болашақ саясаткерлердің бәрін де қызықтырмай қоймайды.
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан кейін Қазақстандықтар осы елдің өткенін, бүгінін, болашағын білуге ұмтылды. Оны білу үшін сол елдің тарихын білуге тиіс болдық. Сондай мақсатта 1996 жылы Алматыдан «АҚШ-тың қысқаша тарихы» деген еңбек жарық көрді. Осы тарихта «1932 жылы президент сайлауы «Ұлы депрессиядан» шығудың жолдарымен себептерін талқылау айтысында Г.Гувердің жолы болмады, шешуші шараларды қабылдай алмады. Елді күйзелістен алып шыға алатын демократиялық партияның өкілі Франклин Делано Рузвельт деп есептелінді» [5].
1995 жылы Алматыдан Дуглас К. Стивенсонның «Америка: Халық пен ел» деген еңбегі қазақ тілінде басылып шықты. Осы еңбекте Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік құрылымына жан-жақты талдау жасалынған. Президент әр төрт жыл сайын сайланып отырады. Оның екі мерзімге ғана сайлануға құқы бар. «Американдық жүйенің мемлекет басшысы партияның немесе көпшілік партиясының өкілі болып табылады, көпшілік партиясының өкілі болып табылатын парламенттік жүйеден негізгі өзгешелігі міне осы» [6].
 

Дата: 2013-07-01 Просмотров: 13989 Загрузок: 316 Язык: на казахском языке

  • асем 27 February 2016 16:13
    өте жаксы жазылған
    Ответить
  • Дархан 03 October 2018 23:25
    Өтініш
    Ответить
  • Артурджəн 14 January 2021 18:21
    Это просто гавно
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: