Қазақ тілінің орыс аудиториясында тиімді өткізу әдістері мен педагогикалық концепциясы

  Еліміздің егемендігіне биыл, яғни 2005 жылы, 16-17     желтоқсанда 14 жыл толса, ал қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге жеткеніне, биыл 29 қыркүйекте 16  жыл толды. Сонымен бірге “Тілдерді қолдану мен  дамытудың 2001-2010” жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының  бекітілгеніне, мінеки 2005 жылы, 7 ақпанда 4  жыл толды. Бұл бағдарламада Қазақстан халықтарының тілдерін  дамытудың стратегиясы 3 негізгі мақсатты айқындайды:
1. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту;
2. Орыс тілінің  жалпы мәдени қызметін сақтау;
3. Этникалық топтардың тілдерін дамыту;
    Бұл бағдарлама ҚР-сының Ата Заңының 7, 93-баптарына, 1997 жылғы, 11-шілдедегі “ҚР-сының тіл туралы заңына сәйкес әзірленген”. Дегенмен, қаншама құжаттар, бағдарламалар әзірленіп жатқанымен, осы мемлекеттік тіл өз деңгейінде жүріп жатыр ма деген, күмәнді ой келеді. Бұл орайда, қазақтың ұлы ақыны Ғафу Қайырбековтың қазақ тілінің деңгейі, неміс халқының саксон тілі деңгейіндей болып қалмауы керек деген тұжырымы еске түседі. Сол себепті мемлекеттік тілдің мерейі өсіп, мәртебесі арта беру үшін әр Қазақстан азаматы өз үлесін қосу керек. Мемлекеттік тілдің көркейуіне біздің колледждің ұстаздары, атап айтқанда тіл мен әдебиет әдістемелік пән цикл оқытушылары өз үлестерін қосуда.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына орай, орта кәсіптік оқу орнында қазақ тілін оқыту, оны жаңа сатыға көтеру, оның мазмұны мен мақсаты келешектегі даму жолын анықтау аса жауапты да күрделі мәселе.
Қазақ тілін оқыту барысында қазақ халқының тарихы, әдебиеті,әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, ғылымы, өнері, ақын-жазушылары және т.б жөніндегі білім жинақталады, жүйеленеді.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың сапасын арттыру көптеген факторларға байланысты. Олар білім мазмұны, әдістемелік,мұғалім шеберлігі оқу-материалдық база т.б. Соның ішінде пәннің білім мазмұнын құру басқа факторлардың іргетасы іспеттес. Осы тұрғыда мол ғылыми-әдістемелік тәжірибесі қалыптасқан “Қазақ тілі-атасы” болған, А.Байтұрсынов, Қ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, Қ.Мұсабаев атты ғалымдар есімі еске түседі. Пәннің білім мазмұнын түзеудегі классикалық дәстүрін  дамыта отырып, заман талабына сай оны жетілдіріп, жаңа арналарға түсіруде еңбек сіңіріп жүрген мына ғалымдардың мол тәжірибесі бар. Атап айтқанда: Ш.Бектұров, Ф.Оразбаева, Ж.Адамбаева, Ә.Жүнісбек, Б.Құлмағамбетова, т.б.
Бір сөзбен айтқанда, қай пәннің болмаса да білім мазмұны сияқты аталған пәннің білім мазмұны да біржола құрылған немесе құрылатын дүние емес, ол педагогика ғылымы қазанында үнемі қайнап, пісіп, жетілдіріп, динамикалық даму процессінде болады. Ендігі жерде жаңа XXI ғасыр педагогикасының философиясы мүлде өзгеше  пародигманы қажет етуде. Мұнда білім беру үлгісінің объектісі бұрынғыдай тек білім, яғни оқу материалы ғана деп қаралмайды. Білім беру үлгісі, ең алдымен, жеке тұлғаға бағытталып, мынандай міндеттерден түзіледі. Оқушының интеллектуалдық-танымдық, психологиялық, іскерлік саналарын, өз бетінше әрекетшілдігін, коммуникативтілігін, әлеуметтенуге бейімділігін, эстетикалық, рухани-адамгершілік, экологиялық, дене шынықтыру мәдениетін т.б қалыптастыру және дамыту.
Зерттеулер нәтижесінде қазақ тілін екінші тіл ретінде үйрету үшін пәндік білім мазмұнын құруда тиімді әдістердің бірі модульдік әдіс ұсынды.Б ұл әдіс оқу процессінде ерекше қолайлылық туғызады.
Бүгінгі таңда студенттер алатын ақпарат жан-жақты даму үстінде. Атап айтқанда, интернет желісінің, электронды поштаның өсуі, күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі студенттердің ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр. Сондықтан оқытушы студенттермен нағыз қатынас орната отырып, шығармашылық байланыста болуы керек. Ұстаз-студенттің ішкі жан дүниесіне әсер ететін нағыз тәрбиелеуші күш, сондықтан оның кәсіби шеберлігі, яғни тілді үйретуі тәрбиемен ұштастыру іскерлігі дамып отыруы қажет. Олай болса, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, әдеби, мәдени бай қазынасын студенттердің санасына сіңіріп, тәрбиелеу-әр оқытушының міндеті. Ұлы ойшыл Әл-Фараби “Әлеуметтік этикалық трактаттарында” былай дейді: “Тәрбиелеу дегеніміз-халықтың бойында білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дамыту”. Демек, тәрбие тамыры тереңнен алынатын тарихи үрдіс болғандықтан,болашақ мамандарға этикалық,эстетикалық ізгіліктерді орнықтыру әр сабақтың басты міндетіне айналуы тиіс.
Тәуелсіз Қазақстанда өркениетті дамуының азаматтық парызының алтын арқауы-қазақ жеріндегі татутылық пен имандылық. Осы тұрғыдан алғанда қазақ тілі-Қазақстандағы ұлт өкілдерін топтастырушы тіл, үлкен фактор.
Қазақстан Республикасы Елбасының 2001 жылғы 7 ақпанындағы, №550 бұйрық “Тілдерді, қолдану мен табысты жүзеге асырудың неғұрлым маңызды шарттарының бірі, қоғамдағы жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын тілдерді оқытуды толыққанды, жүйесінің тұрақты қызмет етуін ұймдастыру мен қамтамасыз ету болып табылады.Талап етілетін білім мен дағдыны толық әрі терең  игеру үшін барлық оқу орындарында жетекші пән болуы тиіс, мемлекеттік тілді оқытудың саны мен санасына көңіл бөлу керек” деген тұжырымдары бар. Тіл саясаты осындай. Қазақ тілін оқытуда осы тұжырымдарға сүйенеміз.
Қазақ халқы-шынында ақын халық, әнші халық, жыршы халық, тіл байлығы мол халық. Өмір сүрген адамның асқақ арманы, жастық мөлдір махаббаты, нәзік сезімі, сұлу назы, терең мұңы, ыстық сағынышы, көркем сөзі шебер тілмен тізілген. Қазақ тілі-ертедегі Түркі Қағанатының, Алтын Орда заманындағы үстем тіл. Көркем өнерін, мақал-мәтелін, қанатты сөзін, теңеулерін, бейнелі сөзін, өлең сөзін, даналық толғамын, бірін-бірі нұрландыратын нәрлі тіл-қазақтың баба тілі, қазақтың ана тілі.
          Еліміз шынайы бостандық алып, қазақ тілінің мәртебесі арта түскен қазіргі шақта осы тілді басқа ұлтқа үйретуші ұстаздардың шәкірт алдындағы жауапкершілігі де күшейе түсті. Әрине, орыс аудиториясында қазақ тілін оқытудың толып жатқан қиындықтары бар екенін, осы іске ат салысып жүрген әріптестерім де жақсы біледі. Осындай қиындықтарға қарамастан мен өзім сүйетін, бұл жауапкершілігі де,  мазмұны да үлкен пәнді барынша қызғылықты да тартымды оқытуға тырысамын. Орыс аудиториясындағы оқытушыларға қазақ тілі сан қилы методикалық амалдар мен әдістерге сүйеніп тиімді өткізуге болады. Әсіресе, қазақ тілінде 9 әріпті, септік жалғауының артықшылығын, екпін түсіру еркшеліктерін үйретудің қиындығы, қазақ тіліне тән шешендік сөздерді орыс тіліне аударуға байланысты туындайтын қайшылықтар қазақ тілі маманын көптеген мәселелелерді өзінше ойланып, шешуін қажет етеді. Міне, өз сабақтарымда әркез қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың айтылуына басты назар аударамын. Сонымен бірге дыбыстардың айтылуы мен мағынасы арасындағы тығыз байланысты да сабақ үстінде ескеріп отыру керек. Сөздердің мағыналы өзгеруі оның айтылуына да әсерін тигізбей қоймайтыны сөзсіз. Қазақ тілі сабағында дыбыстардың жуан,жіңішке, қатаң, ұяң, үнді тағы басқа болып бөлінуін тілдегі үндестік (сингармонизм) заңдарымен ұштастыра оқыту керек.
Дыбыстардың үндесу заңдарын үйрету- қазақ тілінде дұрыс сөйлеудің ең басты шарты. Өйткені, дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын, сөздердің өзара байланысу жолдарын білмей тұрып,сөйлем құру мүмкін емес. Осы қиындықтарды жеңіп, оқу процессінде шәкірттерге дұрыс бағдар, бағыт бере білу-ұстаздың тәжірибелігінен, оның өз пәніне деген ықыласын,ой өрісінің кеңділігін көрсетеді. Осы пікірлерімді ортаға сала отырып, әріптестеріме пайда тиіп қалар деген ниетпенен орыс аудиториясында қазақ тілін оқытуда өзім сүйенетін бірқатар тиімді әдістерімді баяндап бермекшімін:
1. Сұрақ-жауап әдісі. Сабақта осы әдісті жиі қолдана отырып,шәкірттердің қазақша ойлау жүйесін дамытуға болады.
2. Суретті пайдалану. Оқушыларды сурет арқылы сөз, сөйлем құрастыруға дағдыландыру үшін өте тиімді әдіс. Әсіресе, әр тақырып бойынша іріктеліп жиналған,  тақырыптық топтама суреттердің берері мол.
3. Аударма Екі тілде де сөйлемді және жазуды жан-жақты үйрететін пайдалы әдіс.
4. Сөзді және сөйлемді толықтыру. Сөздерді құрап айту, әрбір сөздің орысша, қазақша мағынасын түсіндіру, тақтаға және дәптерге қазақша жазуды үйрету ең қиын да күрделі жұмыс. Сөйлем құрау және  сөзді толықтыру әдісін білген ұстаз қазақ тілін тез үйрете алады.
5. Мәтін бойынша сабақ өту әдісі. Бұл әдісті қолдану оңай емес. Себебі мұғалім қос тілде де жақсы сөйлеп, әрі түсіндіре білуі керек. Қазақ тілін жақсы түсіндіре алғанмен, орыс тілін жөнді сөйлей алмаса, мәтінмен де жұмыс істеу қиын.
6. Қайталау. Тіл үйретудің негізгі шартты-әрбір сөзді қазақша көбірек қайталауту, сөйлетіп, жаттықтыра беру.
7. Сөздікпен жұмыс істеу. Сөздік жұмысы оқушылардың қазақша сөздік қорын көбейтіп, ой-өрісін кеңейтеді.
8. Жаттығу әдісі. Оқушыларға тіл үйретудің тиімді әдістерінің бірі. Жаттығу жазбаша және ауызша өткізіледі.
9. Мәнерлеп оқуты. Сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан, дәптерден дұрыс оқыта білу-қазақ тілін менгеруге септігін тигізері сөзсіз.
10. Әңгімелесу. Екі тілде әңгімелесу арқылы тілімізді үйрету, оқушыларды өз бетінше қазақша сөйлеуге дағдыландыру.
11.Сабақты қызықты түсіндіріп өту. Көрнекті құралдарды орынды пайдаланып, түрлі әдістерді қолдану арқылы сабақты барынша қызғылықты өтуге тырысу керек.
     Міне, менің өз пікірімді ортаға салып, әріптестеріме қазақ тілін үйретуге, осы тиімді жолдары пайдаға асса, мен өте қуанышты болып, “бәріміздің илеп жүргеніміз бір терінің пұшпағы” деп ойымды тұжырымдамақшымын.
        XXI-ғасырдың оқытушысы қалай болуы керек? Әрине, бұл сұраққа мағыналы жауап жоқ, сірә, болуы мүмкін емес. Бұл пікірмен әркім де келісетін сияқты, себебі оқытушы өте білімді болу керек, тек қана жоғарғы білімділігі басқаларды оқытуға құқық береді. Оқытушы-бұл кәсіпкер, ол әрбір педагогикалық мәселелерді шеше алатын қабілеті бар адам. Сіздер нағыз шындықты білмейсіздер, себебі оқытушы ол әрқашан өзі оқытушы болып есептеледі. Тәжірибелі оқытушылар бұны баяғыда-ақ білген. Білімнің негізгі мақсаты әмбебап, еркін шығармашылықты жеке адам қалыптастыру. Осындай ерекшеліктері бар оқытушы ғана, осы мақсатқа жете алады. Мен, әрине, өзім туралы айта алмаймын, бірақ сөзсіз педагогика саласында кейбір жетістіктерге жеткен сияқтымын. Осы жетістіктерімді өз әріптестерімен бөліскім келеді. Мүмкін, бұл тек қана тәжірибелі оқытушылар арасында ғана емес, біріншіден жас оқытушылар арасында сипаттама табатын сияқты. Өзімнің педагогикалық қызметімдегі негізгі бес принципімді атағым келеді (Концепция - бұл ең басты қызметтің түрі,  негізгі ой).            
        
І.Студенттердің қызығушылығын дамыту принципі.
 
Оқу процессінде әрбір студенттің қызығушылығын іске асыруға кейде мүмкіндік бола бермейді. Оның көптеген себептері бар: кейбіреулерді пәннің үлкен көлемі қызықтырса, ал кейбіреуін тәжірибелік жағы қызықтырады. Қызықтыру үшін жекелеген тапсырмалар,шығармашық тапсырмалар қолданамын. Көлемі аз қазақ тілінде мәтіндерді оқуға беремін, әрине, кейбір оқушылар мадақтағанды ұнатады. Тексеру кезінде: “Сен ғана бұл мәтінді жақсы оқыдың”, - деген мадақтау сөздерін айтамын.
 
ІІ.Сенімді қарым-қатынас принципі.
 
Оқытушы мен студенттің өзара қарым-қатынасында сыйластық, сенімділік гармониясысыз мүмкін емес. Қарым-қатынастың сенімді болуы, ұжымдағы психологиялық климаттың жақсы болуының - құралы. Кейбір оқытушылар бұйыру арқылы жұмыстарын іске асырады. Мұндай қарым-қатынас студент пен оқытушының арасында негативті әсерін береді. Сыйластық - бұл ең керекті нәрсе.
 
ІІІ.Қызығушылықты бірлесе істеу принципі.
 
Қарым-қатынастың әрбір мүшесі өзінің тілегі, талабы бар. Өзіңнің және студенттің қызығушылығын бірлестіру оңай емес. Келісімге келу үшін, алдымен, екі жақтың талабын анықтап аламын, өзімнің және әңгімелесуші адамның. Сонан соң шектен шығып кетпей, оптималды шешуді іздеймін.
 
ІV.Сенімділік,қайырымдылық принципі.
 
Сенімділік-өмірдің қызығы, болашаққа үміттену және сену, логика негізі, даму заңдылығын ұғыну.
Сенімділіктің жоқ болуы - бұл тек қана мұңды тіршілік. Бұл әрбір адам өмірінің болашағын, даму кезеңін көрмейді, ұғынбайды. Оқытушының сенімділігі әрбір студентке осындай кедергілерден шығуға көмектесу. Студенттерге жақын, сенімді мұғалім ауадай керек. Сенімділік мен қайырымдылық - ең қажетті нәрсе.
 
V.Өз ісін іске асыру принципі.
 
Колледждегі оқу процессі-оқушы мен студенттің өзара қарым-қатынасы, әрқайсысы өзінің интеллектуалдық, коммуникативтік, креативтік талаптарын іске асыруға мүмкіндігі бар. Осы принципті іске асыру үшін тәрбиелік процесстің маңызы өте зор. Менің көзқарасым бойынша, ұжымды және жеке адамды тиімді дамытуда екеуара сөйлесу формасы әсер етеді. Атақты педагог Амонашвили Шалва Алексендрович Грузиядан келген тәжірибелі мұғалім. Ол алты күн бойы мұғалімдерге семинар өткізді. Педагогика адамгершілігі, оның пәлсафалық бағытынан бастады. Бұл оқытушының басында, жүрегінде орналасқан нәрсе, ол оқытудың әдісі мен тәсілі емес. Әріптестеріне ол, әрқайсысы өмірдің суретшісі және қоғамды өзі бастау керек екендігін айтып, ұран тастады. Шалва Амонашвили 73 жаста, ол 100 томдық “Адамгершілік-педагогиканың антологиясы”,- деген еңбегін шығарған.
Құрметті әріптестер! Вадим Слуцноның кеңесін еске ұстаңдар!
Күніне өздеріңді үш рет мақтаңдар: “Мен данышпанмын, зормын, қазіргі талапқа сай Педагогпын, Педагогтың ішіндегі Педагогпын, мені балалар тыңдайды, мені ата-аналар сыйлайды, мені әкімшілік жақсы көреді, ал мен өзімді қалай сүйемін, айтуға болмайды.”
Қазіргі XXI-ғасырда, техниканың өркендеген кезінде, оқу әдістемелік жұмыстарымызда инновациялық технологияны қолданып, жаңа формациядағы оқытушы болуға барлық оқытушы ұжымы бет бұрды. Осыған байланысты біздің колледжде электронды оқулықтар, аудио-бейне, үнтаспамен жұмыс істеу бірінші орында. Әр оқытушы өз тәжірибесін шыңдау үстінде. Арамызда оқулық жазып, терминдік сөздер құрастырып жүрген білікті мұғалімдер өте көп. Атап айтсақ, колледж әдіскері - “Мемлекеттік тілде іс жүргізу“  пәнінің оқытушысы, Байжанова Гаухар Оспанқызы, өз пәні бойынша оқу құралын  жазуда, терминдік сөздер құрастыруда – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы -  Касенова Гүлмира Мұқатайқызы қызу еңбек үстінде. Сонымен бірге, тіл мен әдебиет пәнінен диссертация қорғауға талаптанып жүрген, жас оқытушы, Алматы қаласы колледждер ассоциациясы ұйымдастырған бірінші  “Жаңа педагогикалық технологиялар“ жәрмеңкесінің лауриаты, қалалық олимпиядасының  жүлдегері - Тәуекелова Гүлбану Қонысбайқызын атап кетуге болады. Мұның айғағы жылда өтетін қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің қалалық олимпиадасында  біздің колледж оқушылары  жүлделі орындарға ие болып келеді. Еңбектеріңізге сәттілік, отбастарыңызға амандық тілей отырып, атқан таңның арайын, бақыттың баяндысын тілеймін!
 
Аннотоция.
В статье преподаватель рассматривает свою педагогическую концепцию и методы работы накопленные  за 39 летний стаж работы.
 
Abstract.
In the article the teacher shows his pedegogical conceptions and metods of teaching acquiring for 39 length of service.
 
УДК 809+801.314
Хайрлиева  Роза Абдрахмановна
 
  КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ЕТIСТIКТIҢ      ШАҚТАРЫНДАҒЫ ОМОНИМ ҚОСЫМШАЛАРЫН   ҮЙРЕТУ
    
Түсініктеме
        Басқа ұлт өкiлдерiнiң тiлiн дамыту,ойлау қабiлетiн жан – жақты дамытып
  кеңейту – оқытуда басты нысана.
    Орыс аудиториясында мәтiнмен жұмыс iстеу студенттердiң тiлiн дамытуда
ерекше орын алады. Мәтiн студенттерге бiлiм бередi, олардың ойлау қабiлетiн, тiлiн дамытады, қазақша жүйелi сөйлеуге үйретедi.
 
       Егер біз  Әбу Насыр әл-Фарабиді  әлемнің екінші ұстазы екенін ұмытпасақ, оның
« Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деген нақыл сөзін де ұмытпауымыз
керек.  Қазір өмірімізге алшаң басып кіріп отырған, « жаңа технология » әдістерін оқушы-          
ларға жеткізуде, оларды еңбек етуге ерінбеуге үйрету. Кезінде оқытушы білімді беруші ,
әрі жеткізуші болатын, енді оқушы оқытушының көрсетіп берген тапсырмасымен болатын
сабаққа  алдын – ала дайындалып келеді. Бірақ бұл оқытушы білім беруді тоқтатты деген
мағынаны емес, керісінше оқытушының жүгі екі есе ұлғайды деген мағынаны береді. Кезінде бір тақырыпқа 10 сағат бөлінсе, жаңа технологияда оның жартысы сабақ барысын
да қамтылады, демек, етістіктің түрлерін, шақтарын, жақтарын бір сабақта қамту керек. Бұл оқытушыға да, оны қабылдап алар оқушыға да үлкен сын. Жаңа технологияны пайда-лану өмір талабынан туындап отыр. Жаңа технологиямен оқыту әдісі тек Қазақстанда ғана есес, бүкіл әлем алдында тұрған маңызды мәселе. Себебі мемлекеттің игілігі мен әлем сахнасына  көтерілуі  оның халқының білім сапасымен анықталады. Қазіргі өзіміз білім беріп, қоғамның белсенді мүшесі, еліміздің болашақ иегері болуға дайындаған  әрбір азаматымызды осы талапқа сай  дайындауымыз қажет. Қандай елдің болмасын алдына қояр мақсатыбіреу: Болашақ  ұрпақты  саналы тәрбиелей отырып, білімді озық ел болып қалыптасу.
   Оған мысал 1945 жылы Жапонияның екі қаласы Нагасаки мен Хиросима атом бомбасы-
нан  қираған кезде, император өзегі өртеніп тұрып: « Бізге білім керек,ғылым керек», -
депті. Дәл бүгінгі таңда  сол жапонияның білімділігі мен жетістігіне бас имейтіндер кем-де- кем. Дәл осындай сипаттаманы өзіміздің елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « Қазақстан халқына жолдауында » ХХІ  ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа  тіре-лері анық. Біздің болашақтың  жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өн-
дірістері үшін кадрлар қорын  жасақтауымыз  керек. Осы заманғы білім беру жүйе-
сінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы басқарушыларсыз біз инно-
вациялық экономика құра алмаймыз. Қазақстанның оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, - деп көрсетті.
    Сондықтан мемлекетіміздің  негізгі  мақсаты,  оқу орындарында  адамзаттың  дамуына
сапалы  білім беруді  талап ету.  Білім жүйесінің нарықтық экономикаға енуі,оның әдістері мен жобаларын қайта қарауды талап етеді. Дегенмен біз жаңа оқу жүйесін енгізуде бірнеше жылдар бойы білікті мамандар дайындауда қалыптасқан әдістерімізден бас тарта алмаймыз, қайта білімімізді жетілдіре отырып, халықаралық  деңгейге сай оқу процесін дамыту. Жаңа технологияны енгізуде алдымызға қойылған мақсаттың орындал-уы оқытушының ісі нәтижелі болуы. Мақсат пен нәтиже тоғысса жаңалықтың күн-делікті әдіске айналғаны. Күнделікті  сабаққа  біз   жоспар құрамыз. Құрылған  жоспарды іске асыру үшін, алға  шарт  қоямыз. Мысалы: Оқушының білімін жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту, мәтіннің тәрбиелік мәні болуы ,берілген тапсырманы оқушының орындап келуі және берілетін тақырыптың күнделікті бағдарламаға сай болуы. Оқытушының осы шарт-тары түгел орындалса сабақтың нәтижелі болғаны. Енді жаңа технологияның негізгі жүйе-сі оқушыға басты фактор ретінде қарау. Себебі оқытушының  әкелген жемісін оқушы көрсетеді, яғни оқушы алатын біліміне екі рет оқу ақысын төлемеу үшін оқытушыдан білімді талап етеді.
   Оқытушы бұрынғыдай ескі жоспармен аудиторияға кіре алмайды неге десеңіз бұрын 90
минутқа  созылатын оқу уақыты қазір 50 минутпен шектеулі. Осы 50 минутта өзіңіз жаса-
ған жоспарды толық орындай алсаңыз, сіздің еңбегіңіздің жаңғаны деңіз.
  Оқыту мен тәрбиелеудің егіздігі  оқушының танымдылық  дәрежесін арттырып, білімге
құштарлығын  дамытады. Біз өтіп жатқан кредиттік технология алдымен оқытушының
күнделікті даярлығын талап етеді. Жоғарыда атап өттім, сағат уақытының азаюына сәйкес
ауқымды тақырыпты бір сабақтың үстінде талапқа сай меңгерту мүмкін емес, сондықтан
көп нәрсені оқушының өзі орындайды. Осы оқушыға берілген өздік жұмыс оқытушының
айтқысы келгенінен жеңілірек ( өзге  ұлт өкілдері  үшін )болуы керек. Оқушыға көмек
болар құрал – оқулық .Біздің колледжімізде оқушылар 9 – сыныптан соң қабылданғандықтан бастапқы және жалғастырушы топтарға бөлінеді. 10-сыныптың Қазақ тілі оқулығы қазіргі талапты қамти алмайды.Себебі 9 жыл бойы қазақ тілін үйреніп кел-ген оқушылар қайтадан қазақ тілін бастағандай әсер аласың. Неге лексикалық тақырып-тардың көлемін өсірмеске? Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев  тағы да басқа ақын-жазушылардың өмірі мен шығармалары бар – жоғы 15-20 жолдан аспайды. Осыдан соң оқушыдан қандай біліктілікті талап етуге болады? Өз тілімізге өзіміз талап қоя білмесек, кімге өкпелеуіміз керек?
  Оқулықтар қайтадан қаралып, білім деңгейіне сай құрылуы керек. Оқулық жазуда үлгі
боларлық  оқулықтар жеткілікті. Ал кәсіптік орта оқу орындарына арналған бір жүйелік
оқулық  дайындалған жоқ .(90 – жылдарда жазылған үйренушілерге арналған оқулықтар
әлі күнге дейін пайдаланылуда. 9 жыл қазақ тілін үйреніп келген оқушыларға, қайтадан үйренуші бол деу қалады). Ал қосымша оқулықтар орындалатын жұмыстың талабына сай
көрсетіледі және орындалу мерзімі белгіленеді. Жалғастырушы топтар  да  осы   ретпен
дайындалады.  ІІ курстан бастап « Кәсіптік қазақ  тілі» жүргізіледі. Байланыс колледжі 6
мамандық  иелерін дайындайды. Осы кәсіп иелерін дайындауда  өзінің мамандығына сәй-
кес « Қазақ тілі» оқытылады.
  Тіл – адамдардың  ойлары мен сезімдерін жеткізетін және жаңалықтар мен білімді игере-
тін қатынас құралы. Тілдің дұрыс қатынасқа түсуі үйренуші мен үйретушіге тікелей бай-
ланысты.Үйренуші тілді үйренем деп талпынғанда, үйретуші сол зеректілікті дәл баса біл-
се тіл дамиды.
         Әр ұлттың  салт – санасы , түсiнiгi, танымы, сөйлеу мәдениетi, дәстүрi әркелкi.    Белгiлi ғалым С. Аманжолов  « Әр халықтың тiлi өзiнiң сана – сезiмiне , ой - өрiсiне  сәйкес түрде ғана ойдың суретiн, бейнесiн бере алады »,-деп , сөйлемдi толық  тану үшiн  оның қандай  ойлау сатысында екенiн бiлу керектiгiн  айтады. Сол  сияқты әр ұлттың  қабылдау мүмкiншiлiгiнiң  ерекшiлiгi  мен  сөздi жеткiзуi де әртүрлi  болады.
   « Байланыс жүйесі және коммуникатция желісі » тобында қазақ тілінен етістіктің
шақтары мен жақтарын оқытуда өз мамандықтарын үйрететін оқулықтан бір тақырыпты
таңдап алып, сол тақырыптың іс - әрекетін, орындалуын ( шағын) көрсетуге үйретемін.
    Мысалы: «Телефон трактісінің құрылымы» атты тақырыпты І – тараудан алдым. Қазақ  тiлiнде қимыл - әрекет екi сөз тiркесiнен жасалуы,үйренушiге қосымша қиындық туғыза
ды. Iс - әрекеттiң  қазақ тiлiне тән ерекшелiгi жатыр,жүр,отыр, тұр қосымша  етiстiк-термен  жасалуында. Және   бұл  етiстiктерге  жiктiк жалғауын, көптiк жалғауларды жал-ғауға  болады.  Мысалы: Тікелей сөйлесу кезінде бір адамның сөзі, екінші адамның құлағы- на тікелей әсер етеді. Қазақ тiлiн әлi дұрыс меңгермеген өзге ұлт өкiлiне  әсер етеді деген қос сөз осы шақта тұрған етiстiктің  міндетін атқарып тұрғанын түсіндірем. Ол үшін    қазақ тілінде  30 – дан астам қосымша етістік бар екенін айтуымыз  керек. Мысалы:Маши-на  келе  жатыр. ( машина едет). Адам сөйлесіп отыр.( Человек разговаривает) Ағаш өсiп тұр.( Дерево растет). Оқып жүр. (Учится).Осы тiркестердегi зат есiмдердiң сөз атауын  машинаның жатпайтынын (не ложиться), отырмайтынын (не сидеть), (тұр  когда машина не двигается), ал адам сөйлесіп отыр тiркесiнде отыр сөзi  тұр, жүр, жатыр сөз-дерiмен  еркiн алмастыруға  болатынын,себебi адам осы әрекеттердiң бәрiн де жасай ала-тынын түсiндiру керек.Ағаштың табиғи жағдайда оның қасиетi тұру екенiн түсiндiремiз. Ал оқып жүр тiркесi iс – қимылдың ұзақ  процестi бiлдiретiнiн түсiндiремiз. Қазақ  тiлiнде  етiстiктiң шақтары да жұрнақпен жасалуы үйренушiлерге  қиындық тигiзедi ,әсіресе сино-ним  қосымшалар   тiлдi тез еркiн меңгеруге   қиындық   етедi.  
    Жаңа технологияны қолдану,оқушылардың шығармашылық қабiлеттерiн арттырады. Ол үшiн енгiзiлген жаңалықты оқушылардың  деңгейiне сәйкестендiре қолдану қажет, себебi  бiр топта қабiлетi әртүрлi оқушылар отырады. Берiлген мәтiндi оқыта отырып, оқушылардан мәтiннiң мазмұнын қалай (орысша - қазақша) түсiнгенiн сұаймыз. Одан кейiн оқиғаның не жайында баяндалып тұрғанын ( iс - әрекет адамның қатысуымен бе, әлде жан-жануар, құбылыс па) ұқтырамыз. Жоғарыда келтiрiлген iс-әрекеттiң(жатыр,
жүр,-отыр,тұр) қандайын қолдануы қажеттiгiн түсiндiру керек. Оқушының танымдылығы оқиғаның неге байланыстығын  дұрыс түсiнгенде ғана сөйлемнiң мағынасы ненi сұрап тұрған-дығын бiледi. Мысалы:  Телефон арқылы сөйлесу процесі электоакустикалық  түрөзгерткіштердің көмегімен атқарылып тұр деген сөйлемдi алайық. Өзге тiлдi оқушы қосымша етiстiктiң орнынына отыр немесе жүр қосымша етiстiгiн тiркеуi әбден мүмкiн. Бұл жағдайда оқушыға  тұр етiстiгi ұзақ мерзiмдi бiлдiру үшiнде колдануға болатынын нақты мысалдармен жеткiзуге болады. Мысалы:   Телефон станцияға қосылып тұр.          (Телефон подключен к станции). Телефон автоматты түрде қосылып тұр.  (Телефон подключен автоматически). Екi мысалда  қимылдың  ұзақ  мерзiмге бейiмделгенiн және ауыспалы осы шақта тұрғандығын бiлдiредi. Көпше түрде орыс тiлiнде етiстiктiң  3-жағы – -ет,-ут, -ют, -ит,- ат, - ят қосымшаларына аяқталса, қазақ  тiлiнде керiсiнше 3 – жақ жалғаусыз түрде болатыны айтылады. Мысалы: Коммутатор атқарады.(Коммутатор выполняет)  Станциялар атқарады. (Станции выполняют). Жекеше түрде де , көпше түрде де жалғау бiрдей. Етiстiктiң  3 – жағының  жалғауы мен өтпелi өткен шақтың жұрнақтары  - ды/дi, - ты/тi бiрдей. Және қазақ тiлiнде үндестiк заңының  қатаң сақта-латынын ескерте отырып оқытушы осы кезеңде омоним қосымшалардың айырмашы-лығын толық жеткiзсе,оқушы өз танымы үшiн меңгередi. Орыс тiлiнде зат есiм жiктел-мейтiндiгiн еске ұстай отыра, оқытушы етiстiктiң жiктелiуiн орыс тiлiндегi баламасымен түсiндiре отырып, жiктеседi.

Дата: 2013-05-20 Просмотров: 8771 Загрузок: 14 Язык: на казахском языке

  • Нурсул 08 February 2022 21:54
    маған ұнады
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: