Проверочные тесты ЕНТ 2016 по казахскому языку для казахских школ

Скачать новые тесты для учеников 11 класса на казахском языке по государственному обязательному предмету. 2016 год, скачать бесплатно и без регистрации вы можете, нажав кнопку "скачать". Тесты отлично подходят для работы и подготовки к ЕНТ 2016. 
 
Тесты ЕНТ 2013 для школ с казахским языком обучения по казахскому языку.
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ
 
  1. Көнерген сөзді белгілеңіз.
A) Өнер.
B) Әнұран.
C) Егемен.
D) Саптыаяқ.
E) Әуежай.
  2. Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын таңбаны белгілеңіз.
A) ә
B) е
C) щ
D) ь
E) к
  3. Тұйық буынды сөзді табыңыз.
A) Қала.
B) Кең.
C) Аға.
D) Бар.
E) Ұл.
  4. Түбір сөзді анықтаңыз.
A) Мұғалім.
B) Тапқыр.
C) Ақылдас.
D) Байлық.
E) Даналық.
  5. Есептік сан есімді көрсетіңіз.
A) Оныншы.
B) Біреу.
C) Он төрт.
D) Алпыстай.
E) Мың шақты.
  6. Айтылу мақсатына қарай бөлінетін сөйлем атауын анықтаңыз.
A) Лепті сөйлем.
B) Жалаң сөйлем.
C) Жақты сөйлем.
D) Жақсыз сөйлем.
E) Жай сөйлем.
  7.  Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз.
A) Сызғыш.
B) Қалам.
C) Дәптер.
D) Бас.
E) Өшіргіш.
  8. Синоним болмайтын сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) Сулы, дымқыл.
B) Әдет, дағды.
C) Ұсақ, алып.
D) Мейрам, мереке.
E) Әдемілеу, сәндеу.
  9. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды белгілеңіз.
A) Қазақ қызы ғажап екен.
B) Алысқа барады.
C) Ауыл-аймақ жиналды.
D) Ауылдың жаны терең сай.
E) Алыстан келді.
10. Етістіктен жасалған туынды зат есімдер қатарын табыңыз.
A) Айтыс, келісім.
B) Салауаттылық, зиялылық.
C) Жақсылық, ізгілік.
D) Мұнайшы, жолаушы.
E) Күншілдік, білім.
11. Қосарлану арқылы жасалған сын есімді тіркесті көрсетіңіз.
A) Қып-қызыл болу.
B) Әке-шешесі бар.
C) Бірте-бірте үйренді.
D) Үлкенді-кішілі үйлер.
E) Қолма-қол орындады.
12. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Төрт түлік мал – қазақ халқының шаруашылығының негізгі саласы.
B) Бүгінгі өмір тіршілігімізде малдың орны ерекше.
C) Қой, ешкі, сиыр, жылқы – бәрі де үй жануарлары.
D) Табиғаттың жанды көрінісінің бірі – төрт түлік мал.
E) Қазақ халқы жылқы малын аса қадірлеген.
13. Бұйрық рай қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Шәкен айтарын айтып жүріп кеткен.
B) Мұратыңа жеткенше, дос-дұшпанға сыр берме.
C) Тыста қоңыр күздің сызы білініп тұрғандай.
D) Күн арқан бойы көтерілген екен.
E) Оның жүзі қуарып, қолдары дір-дір етеді.
14. Мөлшер үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
A) Кеше жіберді.
B) Соншалықты көбею.
C) Жоғары шығу.
D) Мөлшерлеп болжау.
E) Тезірек келу.
15. Еліктеу сөзді көрсетіңіз.
A) Жә.
B) Шыр-шыр.
C) Ойпырым-ай.
D) Шөре-шөре.
E) Үйге қарай.
16. Еркін сөз тіркесін табыңыз.
A) Күні бойы.
B) Ұлы арналар.
C) Айтып салды.
D) Көз ілмеді.
E) Ауызға іліну.
17. Күрделі баяндауышты табыңыз.
A) Үй айналып жүгірме.  
B) Көшеде біреу кетіп барады.
C) Мұғалім сыныпқа кірді.  
D) Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
E) Ұлпан бүгін көңілді.  
18. Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз.
Ысқырып соққан жел.
A) Жалаң.
B) Жақты.
C) Жақсыз.
D) Атаулы.
E) Толымды.
19. Сөйлемде қолданылған оқшау сөздің түрін табыңыз.
Маған, ең алдымен, орыс поселкесінің көше-көше боп орнауы ұнады.
A) Қыстырма сөз.
B) Төлеу сөз.
C) Одағай сөз.
D) Төл сөз.
E) Қаратпа сөз.
20. Қайталама қос сөздің қосымшалы түрін көрсетіңіз.
A) Мың «сіз-бізден»
Бір шыж-быж артық.
B) Сөйтіп, ырың-жырың боп жүргенде, біздің бәрімізді қайта табыстырған күтпеген бір оқиға килікті.
C) Ауылға жақындай бергенде, шаң-шұң айқай шықты.
D) Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан Астана – Батыс пен Шығыстың ортасынан шыққан синтез.
E) Нағыз талантқа қамқорлық керек.
21. Септеулік шылауды табыңыз.
A) Ерболмен шын досша қоштасты да, кейін қайтты.
B) Ол Құдаймендемен түс шайысып жүрген-ді.
C) Үйде от басындағылардың қасы мен қабағына қарайсың.
D) Мана түстен кейін Естай оны мұнтаздай қып киіндіріп қойған.
E) Бұл күнді де жұрттың көретін күні бар екен-ау.
22. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
A) Сәрсен әбден шаршаған еді, сондықтан Дәулеттің сұрақтарына жауап бермеді.
B) Ашуланғаны сонша - өңінде ызаның ұшқындары шашырап тұрды.
C) Ербол ат ерттеп болған кезде, тыстағылар тегіс жиналды.
D) Тілдің арқасында біреуді біреу танып, бір халық екінші бір көрші халықты біліседі.
E) Ақымақпен дос болғанша, ақылдымен жауласқан артық.
23. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз.
A) – Жоғары шық, – деді үйге кірген Асқарға Балтабек, ағаңның қолына су құй қалқам Ботагөз.
B) – Жоғары шық, – деді үйге кірген Асқарға Балтабек. – Ағаңның қолына су құй, қалқам Ботагөз.
C) – Жоғары шық – деді үйге кірген Асқарға Балтабек, ағаңның қолына су құй, қалқам Ботагөз.
D) – Жоғары шық, – деді үйге кірген Асқарға Балтабек Ағаңның қолына су құй, қалқам Ботагөз.
E) Жоғары шық, – деді, үйге кірген Асқарға Балтабек, – Ағаңның қолына су құй, қалқам, Ботагөз.
24. Берілген төл сөзге қажетті тыныс белгілерін қойыңыз.
Абай: Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
            Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек дейді.
A) Тырнақша, үтір, сызықша.
B) Тырнақша, сызықша, нүкте.
C) Үтір, сызықша, нүкте.
D) Сызықша, үтір, леп белгісі.
E) Тырнақша, үтір, көп нүкте.
25. Ғылыми стильге жататын сөйлемді табыңыз.            
A) Қасына отырғызып, жөн сұрады.
B) Ол әлгі орманды картадан көрсетті.
C) Қазбаларда тас дәуіріне жататын мүліктер бары анықталды.
D) Жұмыстан соң олар табиғат аясында демалады.
E) Алыс жол атты сынайды.
 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ
 

  1. Көнерген сөзді белгілеңіз.
A) Салық.
B) Ғарышкер.
C) Айбалта.
D) Жолсерік.
E) Ажар.
  2. Еріндік дауысты дыбыстан басталатын сөздер қатарын белгілеңіз.
A) Амал, үкі.
B) Ине, ілгіш.
C) Өмір, ошақ.
D) Ыдыс, өрік.
E) Әкім, елік.
  3. Бітеу буыннан тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Ас.
B) Ажар.
C) Жұрт.
D) Самал.
E) Сана.
  4. Дара сөзді табыңыз.
A) Тасбақа.
B) Нұрғожа.
C) Табыскер.
D) Әлдекім.
E) Айнамкөз.
  5. Жинақтық сан есімді анықтаңыз.
A) Төртеу.
B) Үш-үштен.
C) Үштік.
D) Елулеп.
E) Үштен бір.
  6. Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде
B) Біздің бәріміздің ойымызда  осы елдің абыройы тұруы керек
C) Ал бүгінгі заман өзгерді, бүгінде бәрі дайын
D) Бүгін қалаға кетемісің
E) Бүгінгі болашақ қамы – ертеңгі ұлттың қамы
  7. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
A) Бағыт, бағыныш, бағыныңқы.
B) Зиян, залал, шығын.
C) Өнер, өнеге, өнім.
D) Жеті, жетік, жетіген.
E) Заң, заңгер, заңғар.
  8. Антоним сөздерді табыңыз.
A) Сөндіру - өшіру.
B) Алапай - талапай.
C) Жоғары - жанында.
D) Ақ жүрек - арам.
E) Алыста - шалғайда.
  9. Айтылуы бойынша жазылған сөзді табыңыз.
A) Қосаяқ.
B) Құрық.
C) Тұлым.
D) Салым.
E) Жүгаяқ.
10. Көмекші есімді қатарды табыңыз.
A) Әсемпаз болма әрнеге.
B) Ауылдың маңы қалың орман екен.
C) Бір қағазды алып, тесіле оқыды.
D) «Жанға жан, қанға қан!» – ұран болды.
E) Немересін алдына алған кәрі әже ақырын бесік жырын айтады.
11. Емлеге сай жазылған болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.
A) Көзін ашқан сәбидің көңіліндей,
     Кірлемейді еш қандай алтын аппақ.
B) Қайда барам, қайда барып тоқтаймын,
     Оны еш кім де айта алмайды нақ ашып.
C) Болған емес еш қашан күшім кенде,
     Толып тұрған сияқты ішім кенге.
D) Бұл жылдар ешжерге де тоқтамапты,
      Алды екен қайдан ғана от қанатты.
E) Азық алдым өз бойыма асылдан,
     Туған елден ештеңем жоқ жасырған.
12. Сөйлемдегі есімшенің қызметін белгілеңіз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
A) Баяндауыш.
B) Толықтауыш.
C) Анықтауыш.
D) Бастауыш.
E) Пысықтауыш.
13. Есім сөздерден жасалған үстеуді көрсетіңіз.
A) Арабша, латынша.
B) Оқырман, сөйлемпаз.
C) Ұшқыр, алғыр.
D) Сынық, сирек.
E) Ұрыншақ, көреген.
14. Дыбыстық еліктеуішті анықтаңыз.
A) Жалт ете түсті.
B) Жалт қарады.
C) Ербең етті.
D) Бүгжең қақты.
E) Шарт-шұрт сынды.
15. Демеулік шылаудың түрін табыңыз.
Ертең емес, бүгін, қазір-ақ жүрсек етті.
A) Сұраулық.
B) Шектік.
C) Күшейткіш.
D) Болжалдық.
E) Нақтылау.
16. Жалғау арқылы байланыс тәсілін көрсетіңіз.
A) Ұлт қасиеті.
B) Ежелгі сырлы Шығыс.  
C) Ұлттық мұра.
D) Айтыс және көрермен.
E) Уыздай ұйыған берекелі тірлік.  
17. Сөз тіркестерінен тура толықтауышты табыңыз.
A) Оны білгенін жасырды.
B) Ауданға барды.
C) Ойында сақтаулы.
D) Оқуға түсті.
E) Келгеніне риза болды.
18. Жақты сөйлемді табыңыз.
A) Тойған үйге тоғыз бар.
B) Асқардың көзі түсті.
C) Жарқыраған айдын көл.
D) Амал не, көнуге тура келеді.
E) Шумақты қайталай бергісі келді.
19. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) Әрине, адам өмірінде көп қиындықтар кездеседі.
B) Біреулері ызғарлы, біреулері көңілді отыр екен.
C) Не ексең, соны орасың.
D) Жә, мырза, мына келе жатқан біздің көшіміз еді.
E) Өмірде бәрі кездеседі, дегенмен жақсылық жеңеді.
20. Күрделі сөз қатыспаған қатарды көрсетіңіз.
A) Мың-мың сала өмірдің өрісі бар,
      Керегіңді мөлшерлеп бөлісіп ал.
B) Тыныш-ақ Есіл ағысы,
      Талдарын самал тербейді.  
C) Самалың бетті сипап жүрек тербер,
      Әсем ән, «Саржайлаудай» күйің қандай!
D) Сарыарқа сал домбыра секілденіп,
       Жанымның лүпіліне бекінді еніп.
E) Ұлытау, Қарқаралы, Шыңғыс тауың,
     Тарихын тамашаға толы айтады.  
21. Толықтауыш қызметіндегі заттанған сын есімдерді анықтаңыз.
A) Үлкенге де, кішіге де адал бол!
B) Бақыт деген – бір үркітсең, жақындамай қоятын кіп-кішкене нәзік құс.
C) Ақылды адам  сөзді  орнымен айтып, жөнді жауап күтеді.
D) Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім  мен ақыл.
E) Кеңесті білім озады, кеңессіз білім тозады.
22. Жалғаулықты себеп-салдар салаласты табыңыз.
A) Аспан бұлтсыз, күн шаңқан ыстық еді.
B) Ду күлген балалар тынышталған соң, қатені қалай түзетуді сұрадым.
C) Оттың жалыны көрінбейді, жаңа тұтанды.
D) Жел саябырлаған сияқты, бірақ күн жылынбады.
E) Сенің алдыңда әдемі болашақ бар, сондықтан әр күніңді бос өткізбе.
23. Көп құрамды төл сөзді белгілеңіз.
A) – Енді кері қайтуға бола ма? – деп сұрады жауынгерлер.
B) – Жігітім, жарайсың. Күшіңе сүйсіндім, – деді Паң. – Не бата тілейсің?
C) Әлияның батыр болғаны туралы айтылды.
D) Ол үш күннен бері жаңбыр жауғанын айтты.
E) Абай Ақылбайдан: – Қалада  не хабар бар? –деп сұрады.
24. Қыстырмаға  байланысты  қойылған тыныс белгіні табыңыз.
A) Мен Бауыржанды көтеріп әкеліп, көп ойыншықтың ортасына отырғыздым.
B) Бұл ғасыр адамзат баласы күтпеген ұлы тарихтың жаңа бетін, жаңа тарауларын ашып берді.
C) Жайықтың суын қолымызбен көсіп, топырағын сезіну бақыты былтыр бұйырған еді.
D) Сеңдей соғылысқан замана толқыны, шынында да, даланы да, даланың қайсар ұлдарын да небір ағыстарға салды.
E) Әкем үйден шыққанша, апам Рахиманы киіндіріп қойыпты.
25. Қанатты сөздің авторын табыңыз.
«Керекті сөз өз жерінде айтылсын».
A) Қ.Жалайыри.
B) Құтып.  
C) С.Сараи.
D) Ж.Баласағұн.
E) А.Йүгінеки.
 

 

 
ҚАЗАҚ ТІЛІ
 

  1. Жаңа сөздерді табыңыз.
A) Сәуір, маусым.
B) Дарбаза, леген.
C) Сіріңке, тұрба.
D) Жылыжай, саяжай.
E) Баралы, келулі.
  2. Жақтың қатысына қарай қысаң дауысты дыбыстардың санын көрсетіңіз.
A) 3.
B) 6.
C) 5.
D) 2.
E) 1.
  3. Буын құрайтын қатарды анықтаңыз.
A) Үнді дауыссыз.
B) Ұяң дауыссыз.
C) Жұп дауыссыз.
D) Қатаң дауыссыз.
E) Еріндік дауысты.
  4. Біріккен сөздің айтылуы бойынша жазылғанын анықтаңыз.
A) Итмұрын.
B) Ақтау.
C) Сейілбек.
D) Есенәлі.
E) Ботагөз.
  5. Сан есімге қай септіктің жалғауы жалғанып тұрғанын көрсетіңіз.
Оның жасы 30-дан асты.
A) Ілік.
B) Табыс.
C) Көмектес.
D) Жатыс.
E) Шығыс.
  6. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуін табыңыз.
Асан Қайғы желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге сындар айтқан екен.
A) Жай сөйлем.
B) Лепті сөйлем.
C) Сұраулы сөйлем.
D) Бұйрықты сөйлем.
E) Хабарлы сөйлем.
  7. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.
Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі.
A) Жол.
B) Туса.
C) Игі.
D) Қуса.
E) Бала.
  8. Антонимдік қатарды көрсетіңіз.
A) Ақ - ақшылдау.                
B) Жеңіл - ауыр.
C) Сулы - сусыз.
D) Таулы - таусыз.
E) Қаз - жаз.
  9. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді белгілеңіз.
A) Сарыжайлау.
B) Сарыөзек.
C) Қандыағаш.
D) Тереңөзек.
E) Сарыарқа.
10. Көмекші есім қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
A) Жаным жай тапсын десең, еңбектен.
B) Табандылықпен еңбек ету  адамның өмірін көркейтеді.
C) Ауыл үстінде шаңқай түсте, бұлтсыз аспанға шаншылып шырқалған әсем үн.
D) Бұрынғы өткен заманда бір патша болыпты.
E) Ертесінде хан өзінің үш уәзірін шақырыпты.
11. Жіктеліп келген жіктеу есімдігін анықтаңыз.
A) Бір тойым болатыны сөзсіз менің.
B) Мені айт деп тұрғандай намысымды шымшылайды.
C) Меніменен шабыт бірге ұйықтайды, бірге оянады.
D) Сендер менің дарыныма жел берген.
E) Менмін ғой Сарыарқадан сені іздеген.
12. Сөйлемде қимылдың иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен орындалатынын білдіретін етісті белгілеңіз.
A) Ырықсыз етіс.
B) Өздік етіс.
C) Ортақ етіс.
D) Өздік, ортақ етістер.
E) Өзгелік етіс.
13. Себеп-салдар үстеулі тіркесті табыңыз.
A) Бірден келді.
B) Бірен-саран адам.
C) Алда жүреді.
D) Босқа келді.
E) Артта келеді.
14. Еліктеу сөздің қай сөз табы орнына жұмсалып тұрғанын анықтаңыз.
Орынсыз ыржың,
Болымсыз қылжың,
Бола ма дәулет, кәсіп бұл?
A) Зат есім.
B) Сан есім.
C) Сын есім.
D) Есімше.
E) Көсемше.
15. Септеулік шылауды көрсетіңіз.
A) Не Көкше, не оның балапан таулары, не көлдері еш уақытта Асқарды тойғызған емес.
B) Сондай да сөз бола ма екен?
C) Бір сәт үзіліс істеліп, ақын да, үйдегі үлкендер де сыртқа шықты.
D) Абайдың қысылғанын Ділдә сезді, бірақ ол түк өкінген жоқ.
E) Тек апасы түннен бері қатты мазасызданып, тынышы кетіп жүр.
16. Сөз тіркесіне ұқсас сөздер тобын көрсетіңіз.
A) Мен келдім.
B) Шұбар ала.
C) Армансыз өмір.
D) Ертеңгі ұрпақ.
E) Маған берді.
17. Бірыңғай мүшелер сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтаңыз.
Қарқаралының кейбір көне қазағы естіген татулық жайын Бөжей, Байсалдар әлі естіген жоқ-ты.
A) Анықтауыш.
B) Баяндауыш.
C) Толықтауыш.
D) Пысықтауыш.
E) Бастауыш.
18. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Жер жыртқан тракторлар гүрілі алыстан құлаққа шалынады.
B) Мың тоғыз жүз тоқсан бес.
C) Күз келді.
D) Бізге көбірек оқу керек.
E) Құлаққа ұрған танадай.
19. Қыстырма сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
A) – Шырағым, қайдан жүрген баласың? Айтсаңшы!
B) – Шашырамай, бір ізбен жүріңдер.
C) – Анау не, балам!
D) – Ә, бұл, шынында да, шұрайлы жер екен ғой.
E) – Жаңағы түйе ғой, әке.
20. Дара сөздермен ғана жасалған сөйлемді көрсетіңіз.
A) Мың-мың сала өмірдің өрісі бар,
      Керегіңді мөлшерлеп бөлісіп ал.
B) Ұлытау, Қарқаралы, Шыңғыс тауың,
     Тарихын тамашаға толы айтады.    
C) Үзбеймін күдерімді жарықтан мен,
      Үзбеймін күдерімді халықтан мен!
D) Сарыарқа сал домбыра секілденіп,
       Жанымның лүпіліне бекінді еніп.
E) Самалың бетті сипап жүрек тербер,
      Әсем ән, «Саржайлаудай» күйің қандай!
21. Баяндауышы сапалық сын есімнен жасалған сөйлемді табыңыз.
A) Бекет Ата ерекше қасиетті жан болыпты.
B) Қазір бұл мінез-құлық тіпті бағалы.
C) Тау жаңғыртып әр дыбысты қайта айтады.
D) Ауыл сыртындағы қырқаның етегі жап-жасыл.
E) Ақ торғын, жеңіл мұнар тауды басқан.
22. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді, бірақ талған жоқ.
B) Жақсылардың біразы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті  ғой... .
C) Біресе жаңбыр себелейді, біресе қар ұшқындайды.
D) Олардың киімдері де, кескіндері де, мінез-құлықтары да бір-біріне ұқсамайды.
E) Күз аяғы болып, қысқа қамдану жұмыстары уақытылы бітіп жатты.
23. Автор сөзінің ортасында келген төл сөзді анықтаңыз.
A) Бетін жуып, отырды төрге барып,
     Құрт берді сары майды және салып.    
B) «Иесімен ас тәтті» деп Еңлікті
     Шақырып ап екеуі отырды жеп.
C) Еңлік аттандырарда: – «Қош аман бол, келіп жүр, Кебек», - деді.  
D) «Қайда жүрсең, аман жүр, батырым», – деп,
      Бел асқанша артынан қарап тұрды.    
E) Кебек сонда шалға айтты: – Ей, ақсақал,
     Өзің таңдап түлкінің біреуін ал.  
24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
A) Түйе жисаң – нардан жи: сиыр жисаң – тарғылдан жи.
B) Түйе жисаң – нардан жи сиыр жисаң – тарғылдан жи.
C) Түйе жисаң  нардан жи; сиыр жисаң тарғылдан жи.
D) Түйе жисаң – нардан жи, сиыр жисаң – тарғылдан жи.
E) Түйе жисаң, нардан жи; сиыр жисаң, тарғылдан жи.
25. Құрылысы белгілі бір тәртіппен, ретпен ұйымдастырылып, мәтіннің қарым-қатынас иелеріне ортақ қалыптасқан үлгісі бар стиль түрін анықтаңыз.
A) Көркем әдебиет стилі.
B) Ауызекі сөйлеу стилі.
C) Ресми стиль.
D) Ғылыми стиль.
E) Публицистикалық стиль.
 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ
 

  1. Берілген термин сөздің қай ғылымға тән екенін белгілеңіз.
Белдеу.
A) География.
B) Химия.
C) Биология.
D) Медицина.
E) Математика.
  2. «Аумағы» сөзіндегі дауысты дыбыстар санын белгілеңіз.
A) 6.
B) 5.
C) 4.
D) 3.
E) 2.
  3. Тасымалдауға болмайтын сөзді табыңыз.
A) Өндіріс.
B) Сыйламас.
C) Бұрын.
D) Ы.Алтынсарин.
E) Бізбен.
  4. Қысқарған сөзге қосымшаның дұрыс жалғануын табыңыз.
A) БҰҰ-ға
B) ХШЖК не
C) педколледж-ге
D) смдей
E) ҚРның
  5. Реттік сан есімді табыңыз.
A) Алты.
B) Алтыншы.
C) Алты-алтыдан.
D) Алтау.
E) Алты бүтін оннан бір.
  6. Көңіл күй одағайлары және -ақ, -ай, -ау шылауларының  қатысуымен жасалатын сөйлемді анықтаңыз.
A) Лепті сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Сұраулы сөйлем.
D) Риторикалық сұрау.
E) Жайылма сөйлем.
  7.  Омоним болатын сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ақбілек бейнеттен құтылды.
B) Көңілінде ой, көзінде жас.
C) Өмір өзі үйретеді.
D) Мәселе тым қиын еді.
E) Дала қараңғы.
  8. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A) Толған ай.
B) Он шақты адам.
C) Құрдай жорғалау.
D) Қырға шығу.
E) Жүйрік ат.
  9. Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді анықтаңыз.
A) Әңгіме.
B) Бұрым.
C) Қала.
D) Кілт.
E) Дана.
10. Туынды зат есімі бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Күзгі күн салқын еді.
B) Шәкірттерім ақысыз өнер көрсетті.
C) Ол түйінді пікірлерін ортаға салды.
D) Айдар достарымен келісті.
E) Нағашы әжемнің жасаған жақсылығы көп.
11. Атау тұлғадағы сын есімнің қандай сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз.
Жарамсақтықтың жолы - жіңішке.
A) Бастауыш.
B) Баяндауыш.
C) Анықтауыш.
D) Толықтауыш.
E) Пысықтауыш.
12. Еш есімдігінің бөлек жазылатын орнын табыңыз.
A) Еш(қайда).
B) Еш(бір).
C) Еш(кім).
D) Еш(біреу).
E) Еш(адам).
13. Жедел өткен шақтың жұрнақтарын көрсетіңіз.
A) -п, -ып, -іп;
B) -атын, -етін;
C) -йтын, -йтін.
D) -ды, -ді, -ты, -ті.
E) -ған, -ген, -қан, -кен;
14. Күрделі үстеуді көрсетіңіз.
A) Шапшаң.
B) Әнеугүні.
C) Әдейілеп.
D) Құсша.
E) Биіктеп.
15. Бейнелеуіш сөздер қатарын белгілеңіз.  
A) Ербең-ербең, бұрқ-сарқ.
B) Сырт-сырт, қарш-қарш.
C) Жапыр-жұпыр, жалп-жалп.
D) Шаң-шұң, жарқ-жұрқ.
E) Бырт-бырт, бүгжең-бүгжең.
16. Сөз тіркесіндегі меңгеруді табыңыз.
A) Оқуға бар, өнерді үйрен.
B) Ауылдың маңы, менің кітабым.
C) Биік тау, орындалған арман.
D) Мен барамын, сен сөйлейсің.
E) Бақытты балалық, кең дала.
17. Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді табыңыз.
A) Абылай хан – үш жүзді біріктірген хан.
B) Оспан – Амангелді батырдың жолдасы.
C) Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізді.
D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.  
E) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады.
18. Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді белгілеңіз.
A) Мен елдің жіберген елшісімін.
B) Кімнің кетіп жатқанын біліп болмайды.
C) Бақыт кеше келді.
D) Ораз отыр.
E) Ол еш уақытта қуанған емес.
19. Одағай сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) – Түу, есім жаңа кірді ғой!
B) Бәріміз де үнсіз қалыппыз.
C) Әлбетте, ғарыш арқылы зерттейміз.
D) Туып-өскен жер оңай дейсің бе?
E) Рақмет, балам, жолың болсын!
20. Етістік → зат есім → сын есімді қатарды табыңыз.
A) Білімі.
B) Зейнетін.
C) Зейнеткер.
D) Біліммен.
E) Білімпаз.
21. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Тілшіге өлеңдер ұнамады.
B) Қазір радио арқылы орталықпен сөйлеспек.
C) Жә, мырза, мына келе жатқан біздің көшіміз еді.
D) О заман, бұ заманда естімеген оқиға екен.
E) Ит ашуын тырнадан алады.
22. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Кенжебек жауап іздеп көріп еді, орынды сөз ойына орала қоймады.
B) Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды.
C) Көктем енді келсе де, күн ысып кетті.
D) Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ еді.
E) Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады.
23. Төлеу сөзді көрсетіңіз.
A) – Қоғам маған әділ ме, әділетсіз бе, ол туралы ойланған емеспін, – деді Манарбек.
B) Ешкімге өкпе-назының жоқ, тілеуінің ақ екенін айтты.
C) – Төңіректі шолып жүрсің бе, құлыным?
D) Жоламан былай деді: «Апам барқыт бешпент тігіп берген».
E) Әулет құптау білдіріп, басын изеді.
24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
A) Шіркін, мына саф ауа не деген жұпар еді!
B) Шіркін, мына саф ауа; не деген жұпар еді!
C) Шіркін, мына саф ауа, не деген жұпар еді.
D) Шіркін мына, саф ауа, не деген жұпар еді.
E) Шіркін мына саф ауа не деген жұпар еді!
25. Публицистикалық стильдің сипатын анықтаңыз.
A) Жұртпен дидарласу.
B) Экспрессивті сөздер қатыспайды.
C) Жұртшылыққа үндеу, үгіт айтады.
D) Құрылысына кіретін әр бөлік «реквизит» деп аталады.
E) Құжаттарды жазуда арнаулы нұсқаулық басшылыққа алынады.


Дата: 2013-04-30 Просмотров: 13202 Загрузок: 1104 Язык: на казахском языке

  • Бекжан 25 August 2019 23:19
    вариант?
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: