ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР
 
Тіліміздегі сөздердің белгілі бір тобы қысқарған сөздер. Сөздердің қысқарып барып бірігу жолы орыс тілінің әсерінен келіп дами түсті.
Орыс тілінің де, соған орай казақ тілінін де сөйлеу, жазу дағдысында жиі қолданылатын суреттеме атауларды қысқартып айту және қысқартып жазу — дәстүрге айналды. Осының нәтижесінде, қысқарған сөздер әдеби тілде жаңадан сөз тудырудың белгілі бір тәсілі болып қалыптасты. Мысалы: колхоз, совхоз, ҚМҰУ — Қазақтың мемлекеттік ұлттык; университеті, E. Қ.—«Егеменді Қазақстан» газеті. ТМД — Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, МАИ — Мемлекеттік автоинспекциясы.
Қысқарған сөздер деп ұйым, мекеме аттарын білдіретін күрделі атауларды айтамыз. Күрделі атаулар сөйлеу тілімізде де, жазу тілімізде де бірде толық, бірде қысқартылып қолданылады. Қысқарған сөздерді тіл ғылымыңда аббревиатура дейді
Жазуда қолданылатын см (сантиметр), мм (миллиметр), кв (киловатт) т.б. (тағы басқалар), т.с. (тағы сондайлар, т.с.с. тағы сол сияқтылар) секілді шартты белгілер де қысқарған сөздер тобына жатады.

Дата: 2013-03-29 Просмотров: 6350 Загрузок: 122 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: