Сөз құрамына қарай талдау үлгісі: (Разбор слова по составу)

Сөз құрамына қарай талдау үлгісі:
(Разбор слова по составу)
Колхозшылар орден (ді) алды.
колхозшылар - деректі, күрделі, жалпы зат есім (конкретное, сложное, нарицательное существительное)
колхоз – күрделі қысқарған түбір (сложное существительное, состоит из двух основ)
шы – зат есімнен зат есім тудырып тұрған жұрнақ (словообразующий суффикс существительного)
лар – көптік жалғау (окончание множественного числа)
орден (ді) – деректі, жалпы, жалаң зат есім, -ді- деген табыс септік жалғауы түсіп қалған
(конкретное, нарицательное, простое существительное, выпало окончание винительного падежа –ді-)
алды – болымды, сабақты, негізгі етістік (положительный , переходный, основной глагол)
ал – түбір (корень)
ды – жедел өткен шақ жұрнағы (суффикс недавно прошедшее времени)
 
Сөйлемге кешендік талдау (комплексный разбор предложения)
1. Сөйлемнің түрі (вид предложения)
2. Құрмалас болса, сол құрмаластың қандай түріне жатады
(Если сложное, то к какому виду относится)
3. ҚС-нің құрамында қандай жай сөйлемдер бар (Какие есть простые предложения в СП)
4. Жай сөйлемнің түрілері (Виды простых предложений)
5. Жай сөйлемді құрап тұрған сөз тіркестері (Словосочетания, образующие простое предложение)
6. Сөз тіркестерінің түрлерін нақтыла (Определить виды связей словосочетаний)
7. Сөйлем мүшелеріне талда (толық синтаксистік талдау)
(Выполнить полный синтаксический разбор предложения)
8. Морфологиялық талдау жаса. Мұнда жеке сөз бен сөз тіркестерінің қай сөз табына жататынын,
сол сөз табының қай түрлері екенін анықтау.
(Сделать морфологический разбор. Определить, к какой части речи относятся слова и словосочетания)
 
Мысалы: Күн кешкіре келе бұлыңғырланып тұр еді, ұзамай қар жапалақтай бастады.
Жалғаулықсыз ыңғайлас сөйлем, СҚС, хабарлы, екі жай сөйлемнен тұрады.
Бірінші жай сөйлем – Күн кешкіре келе бұлыңғырланып тұр еді.
Екінші жай сөйлем – Ұзамай қар жапалақтай бастады.
Күн кешкіре бұлыңғырланып тұр еді. – жай сөйлем, жақты, жайылма,толымды.
Күн бұлыңғырланып тұр еді – күрделі етістікті сөз тіркесі, басыңқы сыңары – бұлыңғырланып тұр еді, бағыныңқы – күн, байланысу формасы –қиысу.
Кешкіре келе бұлыңғырланып тұр еді – күрделі етістікті сөз тіркесі, басыңқы –бұлыңғырланып тұр еді, бағыныңқы – кешкіре келе, мезгілдік қатынастағы сөз тіркесі, байланысу формасы – жанасу.
Ұзамай қар жапалақтай бастады. –жай сөйлем, жайылма, жақты, толымды.
Қар жапалақтай бастады – күрделі етістікті сөз тіркесі, басыңқы – жапалақтай бастады, бағыныңқы – қар, байланысу – қиысу.
Ұзамай жапалақтай бастады – күрд.етістікті сөз тіркесі,басыңқы – жапалақтай бастады, бағыныңқы – ұзамай, мезгілдік қатынаста, байланысы – жанасу.
Күн кешкіре бұлыңғырланып түр.
Күн – баст, дара, зат есім, жалпы, жекеше түрі.
Бұлыңғырланып тұр еді – күрделі етістік, баяндауыш, 3-ші жақ, өткен шақ.
Кешкіре келе – көсемшелердің тіркесінен жасалған күрделі мезгіл пысықтауыш.
Ұзамай қар жапалақтай бастады.
Қар – дара зат есім, жалпы, бастауыш.
Жапалақтай бастады – күрделі етістік, күрделі баяндауыш, өткен шақ.
Ұзамай – дара етістіктің ауыспалы шақ түріндегі дара көсемше, мезгіл пысықтауыш.
 

Дата: 2013-01-28 Просмотров: 148771 Загрузок: 896 Язык: на русском и казахском языке

  • раймбек 26 May 2014 10:02
    класс
    Ответить
    • Алтын 27 January 2018 22:11
      Новерное
      Ответить
      • Асека 10 December 2020 12:39
        Сәлеметсіз бе Серікқызы Әсел ватсап скачать бесплатно игры
        Ответить
  • Али 06 January 2015 10:38
    сөз қүрамы ол оңай зат!!!!!
    Ответить
  • Мақпал 08 February 2015 18:48
    Бұның бәрі оңай мен бұларды 2 сыныпта үйренгем ал қазір осыларды егіз қыздарыма үйретіп отырмын Осының бәрін маған кішкентай кезімдегі қызықты граматика пән мұғалімі Өмірұзақ ағайыма көп рахмет айтамын
    Ответить
    • Жулдыз 16 May 2015 03:00
      Өтініш:Еңбек адамның бағын ашады,спорт адамның әрін ашады.Және астын қалай сызатыны туралы.Мысалы бастауыш 1-сызык бәрін ұмытып қалдым өтініш көмектесізбе
      Ответить
    • Соли 09 March 2020 15:24
      Тигинши жане матамен созин соз курамына талдап бересизбе?)
      Ответить
  • алтынбек 11 May 2015 11:37
    мен бұны білемін
    Ответить
  • Али 28 January 2016 19:22
    Күн кешкіре келе бұлыңғырланып тұр еді,-жай сөйлем, жақты, жайылма,толымды.-деп жазылыпты.Бұны түсінбедім, толымды болу үшін түрлаусыз мүшелердің барлығы қатысу керек емес пе.Ал, мұнда тек бастауыш, пысықтауыш, баяндауыш қана қатысқан.Жоқ мен дұрыс талдамадым ба? түсіндіріп берсеңіздер.
    Ответить
  • Расул 18 January 2018 12:06
    Хоккейшілер
    Ответить
  • Ержан 13 January 2017 09:09
    Ән,жұмыс, мұнай, өнер, су, таза құрамына қарай қандай сөздер
    Ответить
  • Жадыра 09 August 2017 21:03
    лдеқалай құрамына қарай қандай сөз?Өтініш жауабын жазыңыздаршы
    Ответить
  • Айша 11 May 2018 13:26
    Соз курамына талдау улгисин корсетиниздерши
    Ответить
  • Роналдо 14 May 2018 19:18
    Тамсана
    Ответить
  • қарақат 16 November 2018 11:23
    екпін,палеолит,бөлшек,теңсіздік,тасымал,төртбұрыш,тайпа,дуэт,септік,қорым,ұзындық,сөз тіркесі,джаз,сөзжасам,әскер,сан есім ,азайғыш,опера,сақ,неологизм сөздерін құрамына қарай талдап беріңіздерші.Мысалы;төртбұрыш-төрт және бұрыш сөздерінің бірігуінен жасалған күрделі сөз
    Ответить
  • нестисын 12 May 2019 17:23
    қолбасшы
    Ответить
  • Айнур 17 April 2019 14:46
    тәрбиеленушілердің, дарындарымызбен, еңбектеріміздегі, өнерлерімізден, мамандықтарғы, оқырманымызда, жол тәртіптерінде, даналарыңыздан, адамдықтан, шәкірттерімізге
    Ответить
  • Далбаеб 09 September 2019 21:38
    Норм
    Ответить
  • Саят 16 October 2019 22:24
    Қарамерген
    Ответить
  • Айгуль Асулханкызы 04 February 2021 20:19
    Жулдегери созине соз курамын талдау
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: