Салалас құрмалас сөйлемі бойынша тест № 2

1. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің сыңарлары қандай жалғаулық шылаулар арқылы
байланысады?
А) –бірақ – дегенмен – алайда – В) -өйткені – сондықтан – себебі - С) –және -әрі – да –
Д) жалғаулығы жоқ Е) – кейде – бірде – біресе –
2. Жалғаулығы жоқ салалас түрін табыңыз.
А) Ыңғайлас салалас. В) Қарсылықты салалас. С) Түсіндірмелі салалас.
Д) Себеп-салдар салалас. Е) Талғаулы салалас.
3. Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан себеп-салдар салалас құрмаласты табыңыз.
А) Түнде күзетші ұйықтап қалғандықтан, жылқылар егіске түсіп кетіпті.
В) Оспан жүгіре жөнелді, мен де артынан ілестім.
С) Ұмытқанымызды еске салды: оларға рақмет айту керек.
Д) Сырт тазасы не керек, тазарт әуелі ішіңді!
Е) Өтірік айтқан сөзін Хамит те естіді, бірақ бұл сөзге мән берген жоқ.
4. Жалғаулықсыз себеп-салдар салалас құрмаластың салдар мәндісі бірінші келсе, одан кейін
қандай тыныс белгісі қойылады?
А) нүктелі үтір В) үтір С) сызықша Д) қос нүкте Е) үтір – сызықша
5. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай.
В) Өнерді түсінбейтін инженер – инженер емес, қиялдай алмайтын сәулетші – сәулетші емес.
С) Кейде екі салт қатар аяндайды да, кейде бірі екі атты жетелеп, бірі артынан айдайды.
Д) Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады.
Е) Оларды жазықсыздан-жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес.
6. Тек жалғаулықты болатын салалас құрмаластың түрі қайсы?
А) Ыңғайлас салалас. В) Қарсылықты салалас. С) Себеп-салдар салалас.
Д) Кезектес салалас. Е) Түсіндірмелі салалас.
7. Жалғаулығы түсіп қалған қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Жерді жыртқан біледі, малды баққан біледі.
В) Мақсат – біреу, сол себепті оны екіге бөлу – ымырашылдық.
С) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.
Д) Ең сенімді су жер астынікі,- оны іздеу керек.
Е) Шытырлап тұрған құрай лап етті, қара түтін бұрқ етті.
8. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Біресе бір адым озып кетеді, біресе кейін қалып қояды.
В) Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол.
С) Ерінген қалар ұятқа, іздеген жетер мұратқа.
Д) Не жұмыстың көзін тап, не қисықтың тезін тап.
Е) Ол бірде биік, бірде аласа, бірде шешен, бірде сараң сөзді еді.
9. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмаласты табыңыз.
А) Осылай жаз да өтті, күз де өтті.
В) Алыста қара бұлт тұтасып келе жатса да, Қайрат асықпады.
С) Жарқырай шағылысқан сәулесі жоқ , - бұлт астындағы қоңырқай жарықта бәрі ап-анық..
Д) Сен жыладың , мен бірақ селт етпедім.
Е) Серік құр сараң жымиғаны болмаса, шырай берген жоқ.
10. Талғаулы салаластың жалғаулық шылауларын табыңыз.
А) әрі, және, да В) кейде, бірде, біресе С) бірақ, алайда, дегенмен
Д) сондықтан, сол себепті, өйткені Е) не, я, я болмаса
 
Тесты по данной теме, другие варианты:
 
Салалас құрмалас сөйлемі бойынша тест № 1
Салалас құрмалас сөйлемі бойынша тест № 2
Салалас құрмалас сөйлемі бойынша тест № 3
Скачать ответы к этому тесту


Дата: 2013-01-28 Просмотров: 6303 Загрузок: 20 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: