Құрмалас сөйлем (Сложное предложение)

Құрмалас сөйлем (Сложное предложение)
Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құрылып, күрделі ойды білдіреді.(Представляет собой грамматическое, интонационное и смысловое единство нескольких простых
предложений).
1.Салалас құрмалас сөйлем (Сложносочиненное предложение)
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады.
(В ССП сказуемые простых предложений имеют устойчивые грамматические формы и равноправны
между собой).
Жасалу жолдары (способы образования):
а) Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады.
(Предложения, имея смысловое единство, между собой связаны интонационно).
б) Құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулары арқылы байланысады.
(Простые предложения связаны между собой союзами).
Мысалы: Биыл қыс суық болды, бірақ қар аз жауды. Марат біресе күледі, біресе ызаланып жылайды.
 
2. Сабақтас құрмалас сөйлем (Сложносочиненное предложение)
Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына
байланысады. Бағыныңқы – басыңқы. (Сказуемое первого простого предложения не имеет личных
показателей и подчиняется второму предложению. Придаточное – главное).
Бағыныңқысының баяндауышының жасалу жолдары:
(Способ образования сказуемого придаточной части)
а) шартты рай (условное наклонение) -са – се
б) көсемше (деепричастие) -а –е – й – ып – іп – п – ғалы – гелі – қалы – келі
в) есімше (причастие) -ған – ген – қан – кен –дықтан – діктен – мен – ша – ше – да – де
г) болымсыз етістік (отрицательный глагол) - ма – ме – па – пе – ба – бе – й – йынша – йінше – стан – стен
Мысалы: Биыл қыс суық болғанмен, қар аз жауды.
Кітаптарын жоғалтып алғандықтан, оның бүгін мазасы болмады.
 
3. Аралас құрмалас сөйлем (Смешанные сложные предложения)
Кемінде үш сөйлемнен құрылып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады.
(Не менее трех предложений, связанных как сочинительной так и подчинительной связями)
Жасалу жолдары:
Құрамындағы үш жай сөйлемнің біреуінің баяндауышы тиянақсыз болады да, қалған екеуінің баяндауыштары тиянақты болып келеді.
(Сказуемое одного из трех простых предложений не имеет личных показателей, а два других сказуемых выражают законченную мысль).
Мысалы: Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді.
Күн шықса, бұлар егістікке кетеді, дегенмен бүгін осында қалатын түрлері бар.
Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен қосымша, шылау, орын тәртібі,интонация арқылы байланысады. (Простые предложения в составе сложного предложения связываются друг с другом при помощи аффиксов, союзов, порядка слов и интонационно).

Дата: 2013-01-28 Просмотров: 21841 Загрузок: 283 Язык: на русском и казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: