Үйірлі мүше (Составной член)

Үйірлі мүше (составной член)
Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір ғана мүше бола алатын, бірақ өз ішінде шартты түрде бастауыш, баяндауыш және басқа сөйлем мүшелеріне талданатын сөздер тізбегін үйірлі мүше деп атайды.
Үйірлілік – сөйлем мүшелерінің барлығына тән. (Составной член предложения – группа слов, отвечающих на один вопрос и являющихся в предложении одним членом, но в своем составе разбирающиеся на главные и второстепенные члены. Составными могут быть все члены предложения).
 
Мысалы:
Үйірлі бастауыш: Білімі күшті (кім?) мыңды жығады.
Үйірлі баяндауыш: Сіздің ауыл бұрынғыдай емес: өзгеріпті, жаңарыпты, үлкейіпті.(қайтіпті?)
Үйірлі толықтауыш: Құлақ естігенді (нені?) көз көреді.
Үйірлі анықтауыш: Қызылбалақтың машағына бойы үйренген (қандай?) жуас торы ат үріккен жоқ.
Үйірлі пысықтауыш: Жаз шыға (қашан?) қойшылар жайлауға қарай бет алды.
 
Оқшау сөздер (обособленные слова)
Сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше.
Олар – қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай.
(Обособленные слова – слова, находящиеся в составе предложения, но не имеющие грамматических связей ни с каким членом предложения. Это - обращение, вводное слово, междометие).
1.Қаратпа сөз – біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер.Негізгі тыныс белгілері – үтір және леп белгісі. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады. Сөйлемнің ортасында келсе, үтір қаратпа сөздің екі жағынан қойылады. Сөйлемнің соңында келсе, үтір оның алдынан қойылады.
Қаратпа сөз көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылса, леп белгісі қойылады.
(Обращение – слова, используемые для привлечения к себе внимания. Основные знаки препинания – запятая и восклицательный знак. Если обращение находится в начале предложения, то запятая ставится после обращения. Если в середине – запятая ставится с двух сторон. Если обращение находится в конце – запятая ставится перед ним. Если обращение произносится с особым чувством, то ставится восклицательный знак.
Мысалы: Балалар, ертең емтихан болады. Білгеніңді айта бер, Марат, қорықпа. Ендігі кезек сенде, қарағым.
Диқансың және, кеншісің және, Мұғалім!
2.Қыстырма сөз – сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөз немесе сөз тізбегі.
Құрамына қарай қыстырма сөз, қыстырма сөз тіркесі, қыстырма сөйлем болып бөлінеді. Негізгі тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады. Сөйлемнің ортасында келсе, үтір қыстырма сөздің екі жағынан қойылады. Сөйлемнің соңында келсе, үтір оның алдынан қойылады. (Вводное слово – слово или сочетание слов, при помощи которых говорящий выражает свое отношение к тому, что он сообщает. По составу бывают: вводное слово, вводное сочетание, вводное предложение. Основной знак препинания – запятая. Если вводное слово находится в начале предложения, то запятая ставится после него. Если в середине – запятая ставится с двух сторон. Если вводное слово находится в конце – запятая ставится перед ним).
Мысалы: Меніңше, мұғалімнің пікірі дұрыс. Қорықтыма, әйтеуір, оның жазуға батылы бармады.
Шақырғанда келмедің, ұмытып кеттің-ау, сірә.
Қыстырма сөздері мағынасына қарай мынадай топтарға бөлінеді (вводные слова по значению делятся на данные группы)
1. Кісінің көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөздер:
(выражают настроение, чувства человека) несің айтасың, бағымызға қарай, амал қанша,  абырой бергенде т.б. Мысалы: Амал қанша, сен дұрыс айтып  тұрған жоқсын.
Биыл, несің айтасың,егіннің жақсы шықты.
2. Айтылған сөзге нануды, жорамалдауды білдіреді:
(выражают соглашение, безусловность сказанного)
әрине, әлбетте, рас, сөз жоқ, сірә, мүмкін, шамасы,  расында, шынында, шынын айту керек, өзіңіз білесіз,
бәсе, дұрысында т.б. Мысалы: Осының бәрін ол, әрине, жалғыз  істей алмады.  Мүмкін, бүгін жұмысты бітіретін
шығармыз.
3. Ойдың айтылу амалын, тәсілін білдіретін сөздер: (выражают отношение к сказанному)
қысқасы, сайып келгенде, былайша айтқанда,  жалпы алғанда, демек, ендеше т.б.
Мысал: Қазақстан қазір, қысқасы,  гүлденген республика болды. Былайша айтқанда, бүгінгі күн  сәтсіз болды.
4. Айтылған ойға пікір білдіруге байланысты: (выражают мнение к выраженной мысли) сіздіңше, меніңше, мен білсем, қысқасы,  айтуына қарағанда, айтуы бойынша, пікірі
бойынша, олай болса, демек, сөйтіп т.б.
Мысалы: Меніңше, бұл – маңызды іс. Қарттардың айтуына қарағанда,  Арал теңізі жыл сайын тартылып  келеді.
5.Айтылған ойлардың өзара қатынасын білдіреді: (обозначает связь между выраженными мыслями) біріншіден, екіншіден, ақырында, керісінше,  сөйтіп, мысалы, әуелі, бір жағынан т.б.
Мысалы: Біріншіден, қаражаты жоқ болса,  екіншіден, білімі жетпейді. Ақырында, Мараттың айтқаны  дұрыс болып шықты.
3.Одағай сөз – айтушының көңіл-күйін, ішкі сезімін және жан-жануарларды шақыру, қуу үшін қолданылатын сөздер.Негізгі тыныс белгілері – үтір мен леп белгісі. Лексикалық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі бола алмайды.
(Междометие – слова, используемые для выражения эмоций говорящего и для обращения с животными..
Не имеет лексического значения, не может быть членом предложения. Основные знаки препинания – запятая и
восклицательный знак).
Мысалы: Шіркін, ақын болсаң, осындай бол. Бұл не, әй!
Оқтын-оқтын күрсініп: аһ! – дегенде, жүрегі қарс айырылды.
 
Одағайдың мағынасына қарай түрлері (виды междометия по значению)
1. Көңіл-күйі одағайлары (междометия эмоций)
Шаттану, таңырқау, қуану, ренжу, өкіну, ұнату,
назар аудару т.б. мәндерді білдіреді. (выражает радость, удивление, обиду, сожаление,  одобрение и другие чувства).
пәлі, ойпырмай, алақай, пай-пай, бәрекелді, түу, уһ, аһ, әй, еһе, әттең, өй, ой, қап, әттеген-ай, беу, қап, ау, па, уа, мә-ә, мә саған, дүние-ай т.б.
Мысалы: -Қап, тоқтай тұр, бәлем!
- Ой, сен мұнда неғып жүрсің?
- Ойбай-ай, мына балаға қарашы!
2. Жекіру одағайлары (императивные междометия)
Жекіру, тыйым салу, бұйыру мәндерді білдіреді.
(выражает запрет, повеление, возглас неодобрения)
тәйт, тек, жә т.б. Мысалы: - Тәйт, үніңді шығарма!
- Жә-жә, ойланып сөйлеген жөн  болар.
- Тек жалғыз-ақ, арыла сөйлес.
3. Шақыру одағайлары (междометия подзыва)
Мал, ит-құсты шақыру, қуу мәнді білдіреді. (обращения к животным)
құрау-құрау, шөре-шөре, көс-көс, айт, қош-қош,
моһ-моһ, құр-құр, кә-кә, пырс, аухау-аухау т.б.
4. Тұрмыс-салт одағайлары (бытовые междометия)
Ассалаума-әлейкүм, уағалимкүм-ассалам, қош,
рақмет, құп, ләббай, жәрәкім-алла, қайыр т.б. Мысалы: - Ақтөс, Ақтөс, кә-кә, - деп, Марат  күшігін шақырды.
 
Мысалы: - Рақмет, балам, көп жаса.
- Ләббай, тақсыр, - деп, нүкерлер атқа  қонды.
 
Тұлғасына қарай (по способу образования)
1. Негізгі одағайлар (непроизводные междометия) оһ, ой, әй, е, ә, ау, па, пай, ө, охо, беу т.б.
2. Туынды одағайлар (производные междометия) мәссаған – мә саған, әттеген-ай - әйт деген ай,
бәрекелді – барын алып келді т.б.
Ескерту (прим): 1. Жұрнақ жалғану арқылы одағайдан басқа сөз табы пайда болуы мүмкін.
(При помощи суффикса от междометия может образовываться другая часть речи).
Мысалы: ура+лау, ойбай+лап т.б.
2. –ал –деп – де – дейтін етістіктермен тіркесіп, сөйлем мүшесі бола алады.
(сочетаясь с данными глаголами, могут быть членами предложения).
Мысалы: Моһ-моһ деп ол жылқысын шақырды. /моһ-моһ деп = пысықтауыш/
3. Одағайлар заттанып, түрлі қосымшалардың жалғануы арқылы сөйлемнің қалыпты  мүшесінің қызметін атқарады. (субстантивируясь и принимая разные аффиксы,
междометия могут выполнять функции членов предложения).
Мысалы: Мен үйге аһлап, уһлеп /қалай?/ әзер жеттім.
Оның айтатыны – ойпырмай. /не?/

Дата: 2013-01-28 Просмотров: 101748 Загрузок: 123 Язык: на русском и казахском языке

  • Сания 03 March 2015 00:59
    Рахмет!
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: