Сөйлем мүшелері тақырыбы бойынша тест № 2

 1. Сілтеу есімдігінен жасалған баяндауышты көрсетіңіз.
А) Бі үшеуіміз мәселені дұрыс шештік. В) Ақ бесті қара қасқадан сытылып шықты.
С) Мен сізден осыны сұрағалы отырмын. Д) Ауылдың маңы – терең сай.
Е) Сұрап отырғаны – осы.
2. Сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз.
А) Оқыған кісілер айтты. В) Көрмес – түйені де көрмес. С) Жақсы адам ісімен жақсы.
Д) Өнерлі өрге жүзеді. Е) Жасыл жайлауды тамашалап тұрмын.
3. «Бүгін аспанда алақандай бұлт жоқ.». Анықтауышты табыңыз.
А) бүгін В) бұлт С) жоқ Д) аспанда Е) алақандай
4. Зат есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.
А) Шәкірттер өсіп қанат қақты. В) Ауыл кешке өзгеше көрінді. С) Ер жолдасы – тәуекел.
Д) Мен жаудан шегінбеймін. Е) Ол оқуға құмар.
5. Сан есімді тіркестен жасалған баяндауышты табыңыз.
А) Екіншісі – тау жолы. В) Екі түрлі жағдай керек: біреуі – су. С) Үшеуіміз жүріп кеттік.
Д) Екі ауылдың арасы – он шақырым. Е) Жастардың ендігі міндеті – соның екіншісіне қол жеткізу.
6. Күрделі бастауышты табыңыз.
А) Ерінбеген етікші болады. В) Марат шахтаға кетті. С) Оған намысы жібермеді.
Д) Бұл – Еркіннің сөзі. Е) Күле беру ыңғайсыз.
7. Күрделі баяндауышты табыңыз.
А) Аспанды бұлт торлады. В) Оқу инемен құдық қазғандай. С) Жел кешке қарай басылды.
Д) Олар бұл мәселеге біраз ойланды. Е) Сенің айтқаның болсын.
8. Есімдіктен жасалған баяндауышты табыңыз.
А) Қарттың аты – Амантай. В) Бес жердегі бес – жиырма бес. С) Бұл күнде біз үшеуміз.
Д) Сен кімсің? Е) Оның арманы – ауылға бару.
9. Күрделі сан есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.
А) Осында жиналғанымыз – жетеу.
В) Жиналысқа келгендері – он адам.
С) Жеті жердегі жеті – қырық тоғыз.
Д) Оның жасы жиырмада.
Е) Оның қасиетті саны – бес.
10. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Айнаш Асанды да үйіне алып жүрді.
В) Қызыл жүзді, жирен сақалды Беріктің денесі ірі, қапсадай.
С) Бұйралау, ұзын, сары сақалы бар, қызыл жүзді сұлу адам екен.
Д) Жұрт үндемей қалды.
Е) Құнанбай жататын үлкен бөлме.
 
Тесты по данной теме, другие варианты:
 
Сөйлем мүшелері тақырыбы бойынша тест № 1
Сөйлем мүшелері тақырыбы бойынша тест № 2
Сөйлем мүшелері тақырыбы бойынша тест № 3
Скачать ответы к этому тесту


Дата: 2013-01-28 Просмотров: 10043 Загрузок: 163 Язык: на казахском языке

  • Данчо 17 January 2020 11:53
    Dhgdhd
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: