Сөйлемнің құрамына қарай тест № 1

1. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
А) бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.
В) тұрлаулы мүшелерімен қатар, тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем.
С) мазмұны толық берілген сөйлем.
Д) бастауышы жоқ сөйлем.
Е) бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем.
2. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
А) Марат еш уақытта қуанған емес.
В) Қартқожа сөйлеп тұр.
С) Жоғары қарады.
Д) Ауылға көз салды.
Е) Түн. Дала жым-жырт.
3. «Республика сарайының кең, зәулім залы». Бұл қандай сөйлем?
А) жақты сөйлем. В) жақсыз сөйлем. С) жайылма сөйлем.
Д) толымды сөйлем. Е) атаулы сөйлем.
4. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?
А) жалаң сөйлем. В) жайылма сөйлем. С) жақты сөйлем.
Д) жақсыз сөйлем. Е) толымды сөйлем.
5. Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдер қалай бөлінеді?
А) жақты , жақсыз сөйлем. В) атаулы сөйлем. С) толымды, толымсыз сөйлем
Д) жалаң , жайылма сөйлем Е) жай, құрмалас сөйлем.
6. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
А) Сабақтан кешігуге болмайды. В) Баяу ескен қоңыр жел. С) Туған жерге туың тік.
Д) Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп, күн болам. Е) Оның елі – дүйім қазақ.
7. Толымды сөйлемді табыңыз.
А) Өзеннен балық аулаймыз. В) Қайда барасыз? С) Бүгін кездесуге барасыз ба?
Д) Абай Ділдәмен оңаша қоштасты. Е) Жеті жұрттың тілін біл.
8. Жақты сөйлемді көрсетіңіз.
А) Мұрат, мені танисың ба?
В) Орынсыз талаптарға көнуге болмайды.
С) Өңінен ештеңені болжап болмайды.
Д) Баланы жаман үйретпеу керек.
Е) Лық толған халық.
 
9. Жайылма сөйлемді табыңыз.
А) Қалың қар. В) Қар жауды. С) Қарлы тау.
Д) Қар қалың жауды. Е) Қар жауып тұр.
10. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.
А) Мен барамын. В) Айдала. С) Ол – сері жігіт. Д) Үй жап-жарық. Е) Сендер қараңдар.
 
Тесты по данной теме, другие варианты:
 
Сөйлемнің құрамына қарай тест № 1
Сөйлемнің құрамына қарай тест № 2
Сөйлемнің құрамына қарай тест № 3
Скачать ответы к этому тесту


Дата: 2013-01-28 Просмотров: 5590 Загрузок: 44 Язык: на казахском языке

  • Сымбат 22 April 2021 23:13
    Жауабы жоқ па?
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: