Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі (Порядок членов предложения)

Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі
(порядок членов предложения)

1. Бастауыш
(подлежащее) - баяндауыштың алдында тұрады (находится перед сказуемым)
- анықталатын сөз ретінде анықтауыштан кейін тұрады
(в качестве определяемого слова находится после определения)
 
2. Баяндауыш (сказуемое) - сөйлемнің соңында келеді (находится в конце предложения)
- СҚС-нің бағыныңқы сыңарында соңында келеді
(находится в конце придаточного предложения СПП)
- СҚС ішіндегі жай сөйлемдерінің соңында келеді
(находится в конце ппростых предложений ССП)
3. Анықтауыш (определение) - анықталатын сөздің алдында тұрады
(находится перед определяемым словом)
 
4. Толықтауыш (дополнение) - баяндауыштың алдынан келеді (находится перед сказуемым)
- анықталатын сөз ретінде анықтауыштан кейін тұрады
(в качестве определяемого слова находится после определения)
5. Пысықтауыш (обстоятельство) - өзі байланысып тұрған сөздің алдынан келеді
(находится перед словом, с которым связано)
- өзі байланысып тұрған сөзбен бірге немесе алшақ тұруы мүкін (может находиться рядом со связанным словом или далеко от него)- мекен, себеп-салдар, мақсат және мезгіл пысықтауыш сөйлемнің алдында  және ортасында болуы мүмкін.(обстоятельства места, причины,цели,  времени могут находиться в начале и в середине предложения)- іс-әрекет пысықтауыш баяндауыштың алдында тұрады.
(обстоятельство образа действия стоит непосредственно перед сказуемым)
6. Көмекші етістік (вспомогат. глагол) - күрделі баяндауышта соңында тұрады  (находится в конце составного сказуемого)
7. Шылау сөздер (служебные слова) - байланысатын сөзінен кейін тұрады
(находится после слова, к которому относятся)
8. Толықтырма сөз (дополняющее слово) - толықтырма сөз толықтауыштың алдынан келеді
(дополняющее слово находится перед дополнением)
Ескерту(примеч): Инверсия - әдетте қолданылатын сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің өзгеруі.  Әсіресе, көркем әдебиетте, поэзияда, ауызекі сөйлеуде жиі кездеседі.
(Отступление от обычного порядка слов. Часто встречается в художественной  литературе, поэзии, диалоге).

Дата: 2013-01-28 Просмотров: 4338 Загрузок: 6 Язык: на русском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: