Еліктеу сөздерге, одағайға байланысты тест тапсырмалары № 3

   Еліктеу сөздерге, одағайға байланысты тест тапсырмалары № 3
1.Сөйлемде толықтауыш қызметін атқарып тұрған еліктеу сөзді табыңыз.
А) Ескекті тарта-тарта екі қары салдырап, алақаны дуылдап жанып кетті.
В) Сорпа-су ішіп, жас ет жесе, оңалып кетер еді.
С) Ескіше-жаңаша шала-шарпы хат таниды.
Д) Үй іші – апыр-топыр.
Е) Пыш-пыш, күбір-күбірлеріңді тыйыңдар.
2. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сөзді табыңыз.
« Мотор дүрілі естілгендей болды да, төңірек тым-тырыс боп тына қалды.»
А) дүрілі В) төңірек С) тына Д) естілгендей болды Е) тым-тырыс боп
3. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сөзді табыңыз.
« Далада үп еткен жел жоқ.»
А) далада В) үп еткен С) жел Д) еткен Е) жоқ
4. Еліктеу сөздің қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз.
« Қашан сиыр айдаушыларға жеткенше, артына жалтақ-жалтақ қарайды.»
А) баяндауыш В) толықтауыш С) анықтауыш Д) бастауыш Е) пысықтауыш
5. Бастауыш қызметіндегі еліктеу сөзді табыңыз.
А) Құммен аршылған ескі күмістей жарқ-жұрқ етеді.
В) Қазақ дауылпаздарының дүңкілі кең даланың үстінде қалықтай жөнелді.
С) Мың сіз-бізден бір шыж-быж артық.
Д) Іште бұғып жатқан сағыныш толқыны бірден лап етіп, сыртқа шыққандай болып еді.
Е) Алтындай жарқырап өзен ағып жатыр.
6. Өкіну мәніндегі одағайды табыңыз.
А) уау В) әйда С) моһ-моһ Д) әттең Е) қане
7. Одағайға тән ерекшелікті табыңыз.
А) Басқа сөздермен байланысқа түспейді.
В) Сөз бен сөзді байланыстырады.
С) Қимыл, іс-әрекеттің белгісін білдіреді.
Д) Заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы бейнелейді.
Е) Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындайды, дәлелдейді.
8. Одағай қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді.
В) Үй ішінде де майда самал ескендей.
С) Көкжиекте аққудай тізілген ақша бұлттар шуақтап жатқан тәрізді.
Д) Япырау, қайда сол күндер! Е) Көрсетпе! Тый көзіңнің жасын!
 
9. Сөйлемде одағайға қатысты қойылатын тыныс белгілер қатарын табыңыз.
А) сұрау белгісі, леп белгісі
В) үтір, леп белгісі
С) сызықша, үтір
Д) нүкте, тырнақша
Е) леп белгісі, жақша
10.Одағайға тән емес ерекшелікті табыңыз.
А) Толық лексикалық мағынасы жоқ.
В) Септік тұлғасындағы сөздің шылауында айтылады.
С) Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді.
Д) Оқшау айтылып, үнемі басқа сөздермен тыныс белгісі арқылы ажыратылады.
Е) Сөйлем мүшесі бола алмайды.
 
Тесты по данной теме, другие варианты:
 
Еліктеу сөздерге, одағайға байланысты тест тапсырмалары № 1
 
Еліктеу сөздерге, одағайға байланысты тест тапсырмалары № 2
 
Еліктеу сөздерге, одағайға байланысты тест тапсырмалары № 3
 
Скачать ответы к этому тесту

Дата: 2013-01-28 Просмотров: 10001 Загрузок: 64 Язык: на казахском языке

  • Толкын 06 October 2016 20:41
    ..
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: