Етістікке байланысты тест тапсырмалары № 3

  Етістікке байланысты тест тапсырмалары № 3
1. Дара етістіктен жасалған анықтауышты табыңыз.
А) Ұялған кісі қарап тұрмайды.
В) Аузы күйген үріп ішер.
С) Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Д) Тәртіпке бас иген құл болмайды.
Е) Ойлап сөйлеген адамның қатесі аз.
2. Пысықтауыш қандай етістіктен жасалған?
«Ол оның сөзіне қарқылдап күлді».
А) сабақты етістік В) туынды етістік С) көмекші етістік
Д) болымсыз етістік Е) құранды етістік
3. Тұйық етістікті көрсетіңіз.
А) алтау В) сұлу С) бау Д) отау Е) дау
4. Етістіктен болған күрделі баяндауышты табыңыз.
А) Торғай жерге жақындай ұшты. В) Қазақстан пайдалы қазбаға өте бай.
С) Ол асықты. Д) Ол оған жауап бере алмады. Е) Дала жап-жарық.
5. Тәуелденіп және септеліп қолданылған сөз қайсы?
А) шашу В) баруым С) бастауымның Д) оюлар Е) сөйлеуде
6. Қай сөйлемде тұйық етістік барыс септік тұлғасында тұр?
А) Адамға ғылым-білімді көбейтуге екі қару керек: бірі-пікіплеспек, екіншісі-берік сақтау.
В) Ер Төстік егеуін іздеді.
С) Осыны түгел айту керек.
Д) Ойы – тезірек Дөңқараның бергі түбегіне жету.
Е) Соның қайсысын бірінші кезекте көтеру керек.
7. Тұйық етістікті тіркесті табыңыз.
А) келер еді
В) танысыпты
С) тапсырманы орындаймын
Д) барғым келеді
Е) адал еңбек ету
8. Күрделі етістіктен жасалған баяндауышты табыңыз.
А) Ол досына көмектеспеді.
В) Болат халыққа жар салды.
С) Сағатым жоғалды.
Д) Оның арманы – демалу.
Е) Сабақ оқығаннан басқа тірлігі жоқ.
9. Тұйық етістікті табыңыз.
А) қою тамақ В) мал сою С) жаяу жүр Д) баяу айт Е) ояу жатыр
10. Етістік қандай жағдайда сөйлемде бастауыш қызметін атқарады?
А) шақ, рай тұлғасында жіктеліп
В) көсемше тұлғасында қимылдың амалын білдіріп
С) есімше тұлғасында септеліп
Д) есімше, тұйық етістік атау септік тұлғасында
Е) тұйық етістік ілік септік тұлғасында
 
Тесты по данной теме:
 
Етістікке байланысты тест тапсырмалары № 1
 
Етістікке байланысты тест тапсырмалары № 2
 
Етістікке байланысты тест тапсырмалары № 3
 
Скачать ответы к этому тесту

Дата: 2013-01-26 Просмотров: 11049 Загрузок: 46 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: