Етістік (Глагол)

    ЕСІМДІК (местоимение)
 
Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?
Етістіктің негізгі үш түрі бар: тұйық етістік, көсемше, есімше.
Тұйық етістік - у – ю (й+у) жұрнақтары арқылы жасалады.
Бұл түрді «қимыл есім» деп те атайды. Тұйық етістік зат есімге өзгере алады, шақпен, жақпен байланысы жоқ. (Эту форму также называют «имя действия». Неопределенная форма легко преобразовывается в имя существительное, не выражает лицо и время.) Мысалы: оқу,қолдау,бақылау (читать-чтение, защищать-защита, контролировать-контроль).
 
Тұйық етістіктің емлесі: (Орфограмма неопределенной формы глагола)
 
Ниже привожу значение замены - сначала правило, ниже, через перенос, на следующей строке - пример.
 
и+у=ю
жай+у- жаю
 
и+у=ю
жи+у - жию
 
ы+у=у  І+у = у
оқы+у – оқу
 
йы+у = ю йі+у = ю
байы+у-баю кейі+у-кею
 
у+у = уу жу+у-жуу
 
қ+у = ғу  к+у = гу
жақ+у- жағу төк+у- төгу
 
п+у = бу
жап+у- жабу кеп+у - кебу
 
(Глагол обозначает действие или состояние лица, предмета. Вопросы: что делал? что сделал?
У глаголов различаются три основных вида: неопределенная форма, деепричастие, причастие. Неопределенная форма глагола образуется при помощи суффиксов -у –ю (й+у))
Отыр, тұр, жатыр, жүр деген етістіктер жалаң нақ осы шақта негізгі етістік болады.
(Данные глаголы в настоящем времени в простой форме являются основой глагола).
Мысалы: Мен отырмын. Сен тұрсың. Сен жүрсің. (Мен айтып /тұрмын/ –көмекші етістік).
 
Етістіктің семантикалық жіктемесі (Семантические признаки глагола)
 
Тұлғасына қарай (по способу образования)
1. Негізгі етістік – заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі қосымшасыз, бөлшектеуге
келмейтін етістік болады. II жақтың бұйыру мағынасында жұмсалады.
(Основа глагола – начальная форма глагола, обозначающая действие. Это – корень без аффиксов,
неделимая часть слова. Используется во II лице повелительного наклонения)
Мысалы: кел, жаз, отыр, айт, оқы т.б.
2. Туынды етістік – түбір етістікке және басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақтар жалғану арқылы
жасалады. Туынды етістіктер есім негізді туынды етістіктер(түбірі есім, үстеу,
одағай) және етістік негізді туынды етістіктер(түбірі етістік)болады.
(Производный глагол – образуется путем прибавления к основе глагола или к другим именным словам
словообразующих суффиксов. Производные глаголы бывают именные
производные глаголы (именной корень, наречие, междометие)
и глагольные производные глаголы (основа глагола)
Мысалы: ой+ла, ой+ла+н+дыр, есеп+те, таза+лан т.б.
Құрамына қарай (по составу)
1. Дара етістік – бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады.
(Простая форма глагола – образуется только из одного корня (основа или производный)
Мысалы: бас+та, кес, із+де.
2. Күрделі етістік – кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Бірінші сынары негізгі етістік, кейінгі
сөз көмекші етістік болады.алып кел, уәде берді, бара-бара шаршадым, сатып алдым, жүре бер.
(Сложная форма глагола – состоит не менее из двух слов. Первая часть состоит из основы глагола, а
вторая часть является вспомогательным глаголом) Мысалы: алып кел, жазып отыр т.б.
 
Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай (по отношению к результату действия)
1. Болымды етістік – іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
(Положительная форма глагола – утверждает, что действие совершилось,совершится, совершается)
Мысалы: кел, сана, жаз, кет, шық т.б.
2. Болымсыз етістік – іс-әрекеттің болмауын білдіреді. Негізгі және туынды етістікке – ма- ме- па – пе –
ба – бе – жұрнақтарының (синтетикалық тәсіл) немесе – жоқ – емес – сөздерінің
(аналитикалық тәсіл) тіркесуі арқылы жасалады.
(Отрицательная форма глагола – отрицает выполнение действия.Образуется путем прибавления к
непроизводным и производным глаголам суффиксов –ма - ме – па –
пе –ба – бе –синтетический способ или слов -не – нет-аналитический способ)
Мысалы: кел+ме, бар+ма, керегі жоқ, оқыған жоқпын, білдірген емес т.б.
 
Мағынасына қарай /объектіге қатысына қарай/
(по значению /по отношению к объекту/)

1. Салт етістік - өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік.
(Непереходный глагол – глагол, не требующий от предыдущего слова формы винительного падежа)
Мысалы: үйге кел, мектепке бар т.б.
2. Сабақты етістік – алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет ететін етістік.
(Переходный глагол –глагол, требующий от предыдущего слова формы винительного падежа)
Мысалы: хат+ты оқы, үй+ді көрді т.б. сұрақ: нені?

Мағынасына қарай (по значению)

1. Негізгі етістік – толық лексикалық мағынасы сақталады, тікелей сұраққа жауап бере алады,сөйлем
мүшесінің қызметін атқара алады.
(Основной глагол-сохраняет полное лексическое значение, может отвечать на вопрос и являться членом
предложения)
2. Көмекші етістік – толық лексикалық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі бола алмайды, тек негізгі етістіктер
мен есім сөздермен бірге қолданылады.
(Вспомогательный глагол – не имеет полного лексического значения, не может являться членом
предложения, применяется только в составе основного глагола и именными словами)
Мысалы: Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып баласынан сұрады. (Ы.А.)
Не істеп? – келе /жатып/ -негізгі етістік. Не істеді? – сұрады –негізгі етістік.
жатып – сұраққа жауап бере алмайды.-көмекші етістік.
 
Күрделі етістіктерге (Сложные глаголы) - құрама, құранды, қосарлы, біріккен, тұрақты тіркесу
арқылы жасалған етістіктер жатады.
1. Құрама етістік (составные глаголы етістік+етістік) Мысалы: барып кел, кіріп шық т.б
2. Құранды етістік (составные есім+етістік) Мысалы: жәрдем ет, қызмет қыл, адам бол т.б.
3. Қосарлы етістік (парные глаголы) Мысалы: алдап-сулап, жығыла-сүріне т.б.
4. Біріккен /кіріккен етістік (сращенно-слитные) Мысалы: әкел, әпер, апар, бүйт, сүйт т.б.
5. Тұрақты етістік (фразеологические) Мысалы: ауыз жаласу, таяқ жеу, жүрек жалғау т.б.

Есімдерден туынды етістік жасайтын жұрнақтар
(Суффиксы, образующие производные глаголы от именных частей речи)

 
1. –ла,-ле,-да,-де,-та,-те: аяқ+та, қол+да, үтік+те, май+ла, жаман+да, үшеу+ле, ілгері+ле, үһ+ле т.б.
2. –лан,-лен,-дан,-ден,-тан,-тен: ой+лан, таза+лан, әдет+тен, рух+тан, үй+лен, ашу+лан т.б.
3. –лас,-лес,-дас,-дес,-тас,-тес: сыр+лас, пікір+лес, ақыл+дас, көмек+тес, ұйым+дас т.б.
4. –лат,-лет,-дат,-дет: шу+лат, түнде+лет, ән+дет, дауыл+дат т.б.
5. –а,-е: ат+а, дем+е, жин+а, сын+а, тең+е т.б.
6. –ай,-ей,-й: күш+ей, сарғ+ай, көрк+ей, мұң+ай т.б.
7. – қар,-кер,-ғар,-гер: бас+қар, ес+кер, аң+ғар, тең+гер, ат+қар т.б.
8. – ар,-ер,-р: жаңа+р, ескі+р, өзге+р, жақс+ар, ұз+ар т.б.
9. –ал,-ел,-ыл,-іл,-л: жоғ+ал, су+ал, тарт+ыл, тең+ел, бер+іл т.б.
10. –ық,-ік: бір+ік, орн+ық, тын+ық т.б.
11. –сы,-сі,-ымсы,-імсі: пысық+сы, үлкен+сі, оқыған+ымсы, кеткен+імсі т.б.
12. –сын,-сін: жат+сын, адам+сын, көп+сін, аз+сын т.б.
13. –сыра,-сіре: әл+сіре, қан+сыра, жетім+сіре, ой+сыра т.б.
14. –ра,-ре,-ыра,-іре: бұрқ+ыра, күрк+іре, жарқ+ыра, сарқ+ы+ра т.б.
15. –ырай,-ірей: кіші+рей, бақ+ырай, баж+ырай т.б.
 
Етістіктен етістік тудыратын жұрнақтар
(Суффиксы, образующие глаголы от глагола)

 
1. –н,-ін,-ын: ки+ін, тара+н, бу+ын, ой+ла+н т.б.
2. –л,-ыл,-іл: аш+ыл, тес+іл, жаз+ыл, жұм+ыл т.б.
3. –т-: тара+т, қара+т, жара+т т.б.
4. –тыр,-тір,-дыр,-дір: жап+тыр, кеп+тір, кел+тір т.б.
5. –тыр+т,-тір+т,-дыр+т,-дірт+т: соқ+тырт, ал+дырт, кеп+тірт т.б.
6. –қыз,-кіз,-ғыз,-гіз : жат+қыз, жет+кіз, өт+кіз, тарт+қыз, же+гіз, отыр+ғыз т.б.
7. –ыз,-із: там+ыз, ем+із т.б.
8. –с,-ыс, -іс: сөйле+с, айт+ыс, бер+іс т.б.
 
Етістіктің шақтары (Времена глагола)
Іс-қимылдың уақытын білдіретін етістіктің тұлғасы. (Форма глагола, обозначающая время действия)

 
2.
Келер шақ – сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын іс-әрекетті білдіреді. 3 түрі бар.
(Будущее время – действие происходит после момента речи. Есть 3 вида)
1. болжалды келер шақ – іс-әрекеттің келешекте болатынын болжайды.
(Предположительное будущее время- действие предполагается)
Етістік+-ар-ер-р- + жіктік жалғау.(Глаг суфф.+лич.ок).Мысалы: бар+ар+мын т.б.
2. мақсатты келер шақ – іс-әрекет келешекте мақсат етіле орындалады.
(будущее намерения – действие должно быть совершено после момента речи)
Етістік+-мақ-мек-пақ-пек-бақ-бек-+-шы-ші-+жіктік жалғау.
(Глагол+суфф.+оконч.+личн.ок) Мысалы: бар+мақ+пын, бар+мақ+шы+мын т.б.
3. ауыспалы келер шақ – алдағы уақытта болатын іс-әрекетті білдіреді.
(переносное будущее время - выражает привычное действие в будущем) Етістік+-а-е-й+жіктік жалғау. (Глаг+суфф.+личн.ок)
Мысалы: бар+а+мын, кел+е+сің.
 
3 Өткен шақ – іс-әрекет сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткенін білдіреді. 3 түрі бар.
(Прошедшее время – действие произошло до момента речи. Есть 3 вида)
1. жедел өткен шақ – іс-әрекет жуық арада болды. (недавно-прошедшее время)
Етістік+-ды-ді-ты-ті-+жіктік жалғау. (Глаг.+суфф.+личн.ок) Мысалы: бар+ды+м т.б
2. бұрынғы өткен шақ – іс+әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болғанын білдіреді.
(действительно прошедшее время)
Етістік+-ған-ген-қан-кен-ып-іп-п-+жіктік жалғау. (Глаг+суфф.+личн.ок)
Мысалы: бар+ған+мын, же+ген+сің, кет+кен+мін, жаз+ып+пын, сөйле+п+сің т.б.
3. ауыспалы өткен шақ – іс-әрекет бұрын нақтылы орындалғанын білдіреді.
(переносное прошедшее время – действие точно произошло в прошлом)
Етістік+-атын-етін-айтын-итін+жіктік жалғау. (Глагол+суфф. + личные окончания)
Мысалы: бар+атын+мын, біл+етін+сің, жаз+атын+быз, жаз+ба+йтын+мын т.б.

Етістіктің райлары (Наклонения глагола)
Орындаушының іс-қимылға байланысты ой-пікірін, қатынасын білдіреді.
(Передается отношение сообщаемого к реальности, к способу действия)

Райлар(наклонения)

 
1. Ашық рай  (изъявительное  наклонение)Іс-қимылдың қай шақта екенін білдіреді.(используетсядля обозначения действия во всех временах) Үш шақтың жасалу жолдары арқылы.(имеет грамматические признаки 3-х времен)
Мен келдім
Мен келе жатырмын
Мен келемін
Мен келмекшімін
Мен келгенмін
2. Бұйрық рай (повелительное  наклонение)Іс-қимылдың бұйыру, талап ету,өтіну мағынасын білдіреді.(побуждает к действию, выражает просьбу или приказ) Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы. (глаголы в повелительном наклонении с личными окончанием) 1жақ.- Мен бар+айын.
 
(ейін,йын,йін)
 
2 жақ- Сен бар.
Сіз бар+ыңыз.
(іңіз,ңіз,ңыз)
3жақ- Ол бар+сын.
( сін)
3.Шартты рай (условное  наклонение)Іс-қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіреді.(действие выполняется или не выполняется при определенном условии)Шартты райдың болымсыз түрі негізгі етістікке болымсыздық жұрнақтар,сосын шартты рай жұрнақтары қосылу арқылы жасалады.(отрицательная форма образуется с помощью суффиксов ма-ме-па-пе-ба-бе, которые присоединяются к основе глагола, после них присоединяется суффикс условного наклонения) Етістік+ жұрнақ са-се+ жіктік жалғауы.(глагол+суффикс са-се +личные окончания)
 
Етістік+болымсыз.жұрнақ ма-ме-па-пе-ба-бе + са-се+жіктік жалғауы.(гглагол+отриц.суффикс+суффикс са-се+личное окончание)Жаңбыр жау+са, жер көгереді.Жақсы оқы+са+ң, оқымысты боласың.
 
Мен бар+ма+са+м, сен шықпайсың.Қоңырау соқ+па+са, сабақ аяқталмайды.
4. Қалау рай (желательное  наклонение) Қалау, тілекті білдіреді.(выражает желание, намерение совершить действие) Етістік+ жұрнақ –ғы-гі-қы-кі +тәуелдік жалғау және көмекші етістік –кел-(гл+суф+притяж. оконч.и вспомог.глаг. –кел-
Ескерту: Төмендегі қосымшалар да қалау рай жасайды.-ғай-гей-қай-кей-са-се игі еді. Менің бар+ғы+м келді.
Мараттың айт+қы+сы келді.
 
Кел+гей+сің, оқы+ғай+сың,Бар+са игі еді.
 
Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі(Синтаксическая роль глагола в предложении)Бастауыш:Есімше және тұйық етістік атау септікте тұрып, бастауыш болады.  (Причастие и инфинитив в именительном падеже могут быть подлежащим)
Мысалы: Айтқан –сен. Іздеген жетер мұратқа. Оқу – білім бұлағы.
 
Баяндауыш: Етістік жіктеліп келіп, баяндауыш болады. (Глагол с личными окончаниями  является сказуемым)  Мысалы: Мен бүгін мектепке бармаймын. Алма мен Мұрат ертең қалаға  кетеді. Сен жұмысты өзін бітірерсін.
 
Толықтауыш: Есімше және тұйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде  тұрып, толықтауыш болады.(Причастие и инфинитив находится во всех  падежах кроме именительного и родительного, являются дополнением)
Мысалы: Сыйлағанды сыйлау керек. Біз енді жарысуға кірістік.
 
Анықтауыш: Есімшелер және ілік септігіндегі тұйық етістік анықтауыш болады.   (Причастие. Инфинитив в родительном падеже является определением) Мысалы:Оқудың шегі жоқ.Ақыл-тозбайтын тон, білім-таусылмайтын кен.
 
Пысықтауыш: Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп, пысықтауыш болады.  (Глагол выражает способы действия и является обстоятельством) Мысалы: Ол күлімсіреп қарады. Ол өтініш айтқалы келді.
 
ЕТІСТІКТІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ (Основные формы глагола)
Етістіктің үш негізгі түрі бар: 1. тұйық етістік. 2. көсемше. 3. есімше. Олардан етістіктің барлық грамматикалық түрлері пайда болады. (У глагола есть три основные формы: 1. неопределенная форма.
2.деепричастие. 3. причастие. От них образуются все грамматические формы глагола)
 
КӨСЕМШЕ (деепричастие)
Бірде үстеудің, бірде етістіктің қызметін атқарады. (Выполняет функции то наречия, то глагола)
 
Тесты по теме ЕТІСТІК (Глагол)
Етістікке байланысты тест тапсырмалары № 1
 
Етістікке байланысты тест тапсырмалары № 2
 
Етістікке байланысты тест тапсырмалары № 3

Дата: 2013-01-26 Просмотров: 90888 Загрузок: 268 Язык: на русском и казахском языке

  • Жанна 15 February 2018 02:19
    Материал өте қажетті және қол жетімді
    Ответить
  • Асем 14 March 2018 12:32
    Все внятно и понятно. Спасибо. Очень помогло!
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: