Есімдікке байланысты тест тапсырмалары № 1

   Есімдікке байланысты тест тапсырмалары № 1
1. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Бұлар В) Қайдан? С) Ешкім Д) Олар Е) Кейбіреу
2. Күрделі есімдіктер қатарын табыңыз.
А) Күллі, барша, тегіс В) Өзім, өзді-өзі, өздеріңіз
С) Қашаннан? Қайсысы? Неңіз?
Д) Әркім, қайсыбір, ешқашан Е) Мынау, осыңыз, соным
3. Көбіне тәуелденіп және септеліп қолданылатын есімдік түрі.
А) Сұрау есімдігі В) Жалпылау есімдігі С) Белгісіздік есімдігі
Д) Болымсыздық есімдігі Е) Өздік есімдік
4. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Кіміңіз? Несі? В) Бұнысы, мынауыңыз С) Соның, анаған
Д) Өздерің, өзіңіз Е) Барлығынан, бәрінің
5. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.
А) Бірнеше В) Саған С) Дәнеңе Д) Әлдекім Е) Түгел
6. Есімдік сөйлемде қандай жағдайда анықтауыш болады?
А) Зат есім орнына қолданылса. В) Сын есім, сан есім орнына қолданылса.
С) Мезгіл, мекен мағынасын білдірсе. Д) Сөйлем соңында келсе.
Е) Үстеу сөздердің орнына қолданылса.
7. Сын есім орнына жұмсалатын белгісіздік есімдігін табыңыз.
А) Қайсыбір В) Әлдекім С) Біреу Д) Әлдеқайдан Е) Кімде-кім
8. Тұлғасы өзгеріліп септелген есімдікті көрсетіңіз.
А) Осынау В) Оған С) Әрне Д) Кейбіреулер Е) Ештеңе
9. Асты сызылған есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
«Сендер нешеусіңдер?»
А) Бастауыш В) Баяндауыш С) Толықтауыш Д) Анықтауыш Е) Пысықтауыш
10. Бастауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.
А) Әркімді заман сүйремек.
В) Өзіңде бармен көзге ұрып, артылам деме өзгеден.
С) Жаңа жолдың басшысы – ол.
Д) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
Е) Сенен аяр түгі жоқ,  Бүгін сыйлас көрініп.
 
Другие тесты по этой теме:
 
Есімдікке байланысты тест тапсырмалары № 1
 
Есімдікке байланысты тест тапсырмалары № 2
 
Есімдікке байланысты тест тапсырмалары № 3
 
Скачать ответы к этому тесту

Дата: 2013-01-26 Просмотров: 24753 Загрузок: 535 Язык: на казахском языке

  • АЛИШЕР 26 December 2017 10:07
    Ответы были бы
    Ответить
    • Аймерей 06 November 2020 21:55
      1.В)Биік тау 2.А) Ниетің3. А)Тұмау аяғы-қурт,тұман аяғы- жұт.4.Д)Игі5.Д) олар6.Д) өздерің,өзіңіз. АЛ 7,8,9,10 БИЛМИМ МЕНЕН КИМ ЖАЛҒАСТЫРАЛАДЫ ЕКЕН
      Ответить
  • Асем 23 May 2019 09:17
    Asem
    Ответить
  • Ёрқиной 24 December 2020 10:07
    Күшті
    Ответить
  • Анель 04 February 2021 23:36
    Оощд
    Ответить
  • Касиет 26 January 2022 20:39
    Uau
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: