Халел Ғаббасов

Халел Ғаббасов – Алашорда үкіметінің Семей облысынан сайлан­ған мүшесі, Үкімет төрағасының орын­­басары, Алаш қозғалысының көр­некті жетекшілерінің бірі, пуб­лицист, Алаш үні «Сарыарқа» га­зе­тінің кезектескен редакторы, ма­ман­дығы – физик-математик. 1888 жылдың 1 қазанында Семей қала­сында, қала жатағының отбасын­д­а туған. 15.08.1901 – 2.06.1909 жылдары Се­мей ерлер гимназиясында оқып, оның толық 8 класын бітірген. 1910-1915 жылдары ИМН Мәскеу университетінің физика-математика факультетінде білім алып, 1915 жылғы 27 мамырдағы сынау комиссиясының қорытындысы бойынша 2-дәрежелі дип­ломға ие болып, №11142 диплом­ды 1916 жылғы 30 наурызда алады. ЖОО бітірген соң Семейде уақ-қа­рыз серіктігінде инспектор болып қыз­мет атқарады. Патша өкіметі құлаған соң ол ел­дегі саяси өмірге, Алаш қозғалысына бел­сене араласады. Уақытша үкімет тарапынан ол Түр­кістан комитетінің мүшелігіне таға­йын­далады. Алайда ол коми­тет­тің мүшесі ретінде нақты жұмыс ат­қарылмайды. Ал Семей облыстық қазақ коми­те­ті төрағасының орынбасары, об­лыс­тық земство басқармасының мүше­сі, облыстық Делегаттар жина­лы­сының мүшелігіне сайланып бұл ба­ғытта көп жұмыстар атқарады. Әр түр­лі әлеуметтік саяси жұмыстарды ұйым­дастыру-үйлестіру бағытында шы­ғып тұрады (мысалы, 1917 жылы Зай­сан уезіне барды). «Қазақ» газетінен кейін Алаш үні бол­ған «Сарыарқа» газетінің кезек­ші­сінен редакторларының бірі бола­ды. Онда ол ел-жұртты толғандырып, маза­лап жүрген әлеуметтік-саяси жағ­дайды түсіндіріп, талдаған және большевиктердің озбырлық саясатын әшкерелеген өткір мақалалар жария­лап тұрады. 1917 жылғы шілдеде өткен Жал­пы­қазақтық сиезге Бүкілресейлік құрыл­тай жиналысының депутат­ты­ғына ұсынылады.
 
Халел Ғаббасовтың қазақ елдігі үшін еткен еңбегінің ең көрнектісі – оның 1917 жылғы желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық сиезге арнайы құрыл­ған комиссия атынан Қазақ автономиясы, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама дайындап жа­сағаны. Осы баяндаманың негізінде сиез «… жері бірыңғай, іргелі халқы қа­зақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық-жерлі автономия құруға» деген тарихи қарар қабылдайды. Сиезге Халел Алашорда үкіметінің мүшелігіне Семей облысынан сайланып, кейін төраға Ә.Бөкейхановтың орынбасары міндетін атқарып, Алашорда атынан шығарылған заң-қаулыларға қол қойып отырады. Сиезге милиция жасақтау туралы баян­дама жасалып, кейін сол қаулы­ның негізінде 1918 жылы Семейде Алаш атты әскер жүздіктерін жасақ­тауға белсене араласады. Сол алмағайып заманда қазақ елді­гін қалай аман сақтау жолында еңбек еткен басқа да алаш арыста­ры­мен бірге Халел 1918 жылдың қазан айын­да Том қаласында өткен жалпы Сібір сиезіне қатысады. Сиезге Сібір авто­номиясы мәселесі қаралған бола­тын. Ондағы мақсатты Ә.Бөкейханов жақсы түсіндіреді. «Біз ойладық, әуелі Сі­бірге сүйеніп, тасымалдап, жалға­сып көшіп кетелік, жіп жалғап, зор мемлекет күрмеуінен құтылып ап, отау болып, соңынан бөлінелік деп». Халелдің енді атқарған үлкен бір ісі – төраға Ә.Бөкейхановтың тапсыр­ма­сымен 1918 жылдың 20 наурызында автономия жөнінде И.В.Сталинмен телеграф арқылы келіссөз жүргізеді. 1918 жылы сәуір айында Ә.Бө­кей­ханов, Ә.Ермековтермен бірге Алаш автономиясын алу жөнінде телеграф арқылы В.И.Сталинмен тағы да сөй­лес­кен. 1918 жылғы 21 сәуірде РСФСР Халық комиссарлары кеңесі мен Ұлт істері жөніндегі комис­сария­ты­на жолдаған жеделхатында Ала­ш­орда автономиясын дереу мойындау тура­лы талап қояды. Бірақ жауап болмады. Кеңес тұсында саяси-қоғамдық істерден шет қалмаған. Семей облыс­тық кеңесі төрағасының орынбасары, Семей облыстық земство жанындағы Жер комитетінің төрағасы, Қазақ революциялық комитетінің мүшесі (VІІІ.1920) және оның Сейревлом жа­нын­дағы уақытша өкілі болады. Ақмола және Семей облыстарын Қа­зақстан қарамағына алу жөніндегі Қаз ОАКнің төтенше комиссия­сы­ның мүшесі (1921-1923), Семейдегі педте­хникум оқытушысы, қазақ АССРның Мемлекеттік жоспарлау коми­тетінде және басқа да орындарда қызмет атқарды. 1930 жылы қуғын-сүргінге ұшы­рап, 1931 жылы Мәскеу түрмесінде аты­лып кете барады.

Дата: 2012-11-14 Просмотров: 2383 Загрузок: 3 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: