Құлманов Бақтыгерей

Құлманов Бақтыгерей — Алаш қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, 1-2 Мем­ле­кеттік Думалардың депутаты, шығыстанушы, алғашқы ғылым кандидаты 1888(1888).
 
1859 жылы 22 желтоқсанда Астрахань губерниясындағы Ни­кольск селосының маңайында (Бөкей ордасы, қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы) туған. Өзі төре тұқымынан. Әбілқайыр — Нұралы — Есім сұлтаннан тарайды.
 
1872-1881 жылдары Орынбор ерлер гимназиясында 9 жыл оқып, оны алғашқы бітірген қазақтар­дың бірі, күміс медальмен мара­пат­талған.
 
1881 жылы Сән-Питербор университетінің заң факультетіне түскен. Бұл факультетте 1883 жылдың желтоқсанына дейін 1-курс­та қатарынан 3 жыл оқиды. Таңғаларлық жайт, 1-ші курсқа өз өтінішімен қала берген. Үшінші жылы тағы қалуға университет бас­шы­лығы рұқсат бермеген­дік­тен, ол 1884 жылдың қаңтарынан бас­тап университеттің Шығыс тіл­дері факультетіне ауысады да, 1889 жылы 9 наурызда № 877 диплом алып шығады. Араб, парсы, осман, татар тілдері және орыс сөздігінен өте жақсы баға алып, университет кеңесінің 1888 жылғы 17-қыр­күйек­тегі ұйғарымымен канди­дат­тық ғылым дәрежесіне лайық деп бағаланады.
 
ЖОО бітірген соң еліне келіп, 1889 жылдан бастап Астрахань гу­бернаторының қарамағындағы Қамыш-Самар қисымының әкімі қызметінде болады. Әкім болып тұрғанда мектептер ашып, әр түрлі емдеу пунктерін көбейтуге күш салады.
 
1901 жылы Бөкей ордасының құрылғанына 100 жыл толуына байланысты Бөкей қазақтарының де­путациясын бастап Ресей патшасының қабылдауында бола­ды да депутация атынан арнау сөз сөйлейді.
 
1903 жылғы 22 шілдеден 1906 жылғы қыркүйекке шейін Бөкей ордасының Уақытша кеңесінің кеңесшісі қызметін атқарады. 1906 жылы отставкаға шыға­ды.
 
1 Мемлекеттік думаға Ставро­поль және Астрахань губернияла­рының көшпелі тайпаларынан 2 орын бөлінеді. Астрахань губер­ния­сының қазақтарынан Б. Құл­манов, ал Ставрополь губерния­сының қалмақтарынан[1] Давид Церенджиб Нойон Тундутов сай­ланады.
 
Құлманов 1907 жылы 2 Мем­ле­кеттік думаға мүше болып сайланады. Қатарынан екі рет сайлануы, оның ел алдындағы қадірін білдірсе керек.
 
1917 жылы 21-25 сәуір ара­лы­ғында Бөкей ордасындағы қазақ съезіне белсене араласып, онда ол баяндама жасайды. Осы съезде Астрахань өлкесі қазақтары­ның, яғни Бөкей ордасының ко­мис­сары болып сайланып, оны 1918 жылғы 1 сәуіріне шейін, Қы­зыл өкіметі орнағанша атқарады.
 
1917 жылы қыркүйек айында Бөкей ордасының ұлт зиялыла­рының съезі өтеді. Онда Б.Құл­ман­ов жер мәселесі жөнінде баян­дама жасайды.
 
Б. Құлманов қоғамдық-саяси қимылдарға тек Бөкей ордасымен шектеліп қалмай, жалпықазақ елі бойынша атсалысады. Мысалы, патша өкіметі құлағаннан кейін 1917 жылы 24 наурызда Минскі­ден Ә.Бөкейханов бастаған бір топ зиялылар жер-жерге жеделхат соққанда, Астрахань губерния­сын­дағы Шәңгерей Бөкеев пен Б.Құлмановқа арнайы жібереді.
 
1917 жылы 21-26 шілде ара­лы­ғында Орынборда өткен Жалпы қазақтық съезде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутат­тыққа Бөкейліктен Б.Құлманов, У.Танашев, Б.Ниязов ұсынылады. «Қазақ» газеті Құрылтай жи­на­лысына депутаттыққа ұсыныл­ған адамдарды сипаттай келе Ба­қыт­керей туралы: «…Университет бітірген кісі. Былтыр 25 июнь жарлығы шыққаннан кейін „Арыз айтасыз, Мәулет сөйлейсіз“ деп Астрахань губернаторы Бақытке­рейді жер аударып еді. Бақыткерей Самар губерниясынан еліне бостандық туғаннан кейін ғана қайтты», деп оның күрескерлік қимылын атап өтеді.
 
Ал 1917 жылы 5-13 желтоқ­сан­да өткен Жалпықазақтық съезге ол арнайы шақырылып, съез президумының төрағасы болады. Съезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланады.
 
Алашорда үкіметінің төраға­сы­ның орнына Ә.Бөкейханов, А.Тұрлыбаев пен бірге Б.Құлман­овтың да түсуі де көп жайтты аң­ғартады. Осы съезден кейін ол еліне қайтып, артынан сүзек ауруынан 1919 жылы Жаңақалада қайтыс болады. Кейбір энциклопедияда жазылып жүргендей, ол шетел асып кеткен жоқ.
Түсініктемелер
 
↑ Орайы келгенде айта кеткен жөн, кейбіреулер оны қа­телесіп, қазақ деп жүр. Ол өрескел қате. Ол қате Н. Прутанскийдің ре­дакциясымен 1906 жылы шық­қан 1 Мемлекеттік дума туралы кі­таптан алынса керек. Онда қал­мақ дегеннің орнына жаңылысып «киргиз» деп жіберген. Әмбе аты­нан да көрініп тұр ғой қазақ емес­тігі.

Дата: 2012-11-14 Просмотров: 2255 Загрузок: 1 Язык: на казахском языке

  • Исмайлова Жаркынай Имантаевна 15 March 2022 00:09
    өте керемет жұмыс
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: