Жақыпбаев Нүсіпбек
Жақыпбаев Нүсіпбек (1890, бұрынғы Жетісу облысы Үлкен Алматы болысы — 1932) — қоғам қайраткері. 1911 жылы Верный ер балалар гимназиясын, 1916 жылы Киев университетінің медицина факултетін үздік бітірген. Оқуын бітіргеннен кейін Жетісу облысына жұмысқа жіберіледі. Майдандағы қара жұмысқа шақырылғандарға арналған дәрігерлік пункттегі комиссия құрамында жұмыс істейді (1916). Сол жылы желтоқсанда Үржар ауылдық дәрігерлік бөлімшесінде дәрігер болады. 1918 жылы 10 — 31 тамызда Лепсі қаласында өткен Жетісу облысы қазақтарының 2-съезінде Алаш облысы комитетінің жаңадан сайланған құрамына мүше болады. 1923 — 24 жылдары Жетісу облысы денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1924 — 26 жылдары Жетісу губерниялық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, губерниялық атқару комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған. Жақыпбаев 1925 жылы дәрігерлердің Бүкілодақтық 1-съезіне, Орынборда өткен губерниялық денсаулық сақтау бөлімдерінің съезіне қатысқан.
Дата: 2012-11-14 Просмотров: 2181 Язык: на казахском языке
Ваше имя:
Ваш email: