Адамның мінез-құлығы

Адам ағзасы баска тірі ағзалар сиякты өзінің биологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылады. Осы арқылы ағза өзінің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтап отырады. Адам ағзасы өз қажетін қанағаттандыру үшін үнемі тамақтанады, тыныс алады және т.б. Соған байланысты өседі, дамиды жөне тіршілігін жалғастырады. Адам қоғамдағы өз мінез-құлығы аркылы әлеуметтік және рухани қажетін қанағаттандырады. Мұндай қажеттіктерге еңбек етуі, білім алуы, шығармашылық жүмысы, білгенін баскаларға үйретуі және т.б. жатады. Адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін міндетті түрде алдына мақсат қояды. ішкі сезімге беріліп, ойлайды, қиялданады, есіне түсіреді. Мұның бәрі әр адамның жеке ішкі сезімі арқылы миында алдын ала бейнеленеді. Бұлар адамның психикасына тән қасиеттер. И. М. Сеченов адам психикасы мен жоғары жүйке қызметінің рефлекстік сипатының ұқсастығына ерекше мән берді. Психология ғылымының физиологиямен өте тығыз байланысты екенін атап көрсетті.
 
Әрбір адам белгілі бір өлеуметтік ортада тіршілік ететіндіктен, сол ортаның тыныс-тіршілігімен санасады. Адам қоғамда басқа адамдармен қарым-қатынас жасамай, өмір сүре алмайды. Отбасында, ұжымда, қоғамда тіршілік етіп, сол аркылы психикасы қалыптасады. Осын- дай қарым-қатынастың нәтижесінде өрбір адам жеке түлға ретінде өмір сүреді. Адамның психикасының қалыптасуында сөздің де маңызы зор. Өз қажетін қанағаттандыру максатында қалыптасқан күрделі психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығы – мінез-құлықты білдіреді.
Декарт Рене
 
Адамның мінез-қүлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология (гр. «еtһоs» – мінез, «logos» – ілім) дейді. Рефлекс — жүйке кызметінің негізі, оның түрлері. Адам денесіндегі барлык тіршілік үдерістердің тікелей жүйке жүйесінің басқаруымен жүретіні өздеріңе белгілі (жүйке жүйесін, рефлексті естеріңе түсіріңдер). Ағзага сыртқы және ішкі ортаның өзгерістері тітіркендіргіш ретінде өсер етіп, рефлекс пайда болады. Рефлекс аркылы ағза үнемі өзгеріп түратын сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. ішкі мүшелермен мүшелер жүйелері қызметтерінің үйлесімді жүруі рефлекс арқылы реттеледі. Рефлекс кезінде үлкен ми сыңарларының қыртысында сырткы жөне ішкі ортадан келетін тітіркендіргіштердің өсері талданады. Рефлекс үғымын ғылымға алғаш рет енгізген француз ғалымы – Р.Декарт (1596-1650).
 
Рефлекстерді шығу тегіне сәйкес шартсыз жөне шартты рефлекстер деп екі топка бөледі. Шартсыз рефлекс орталык жүйке жүйесінің төменгі бөлімдері (жұлын, сопақша, ортаңғы ми, мишық) аркылы жүзеге асады. Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары алып тасталған жануарларда шартсыз рефлекс сақталады. Шартсыз рефлекстер адамның жасына сәйкес үнемі өзгеріп отырады. Туа пайда болған ретті тізбек арқылы бірімен-бірі байланысқан шартсыз рефлекстер жиынтығы – түйсік – инстинкт (лат. «instictus» – түйсіну) деп аталады. Түйсік – едәуір күрделі мінез-құлықтың бір түрі. Түйсік көбінесе топтасып тіршілік ететін бунақденелілерде де айқын байқалады. Түйсік арқылы ағзаның ішкі ортасының қажеті қанағаттандырылады.
 
Жаңа туған нәрестенің алғаш рет анасын емуі – тағамдық шарт сыз рефлекске жатады. Көзге бір затты жақындатқанда көзді жұму – қорғаныштық шартсыз рефлекс. Сәбиге таные емес затты көрсеткенде соған карай басы мен көзін бұруы – бағдарлаушы шартсыз рефлекс. Шартсыз рефлекстер арқылы ағзаның ішкі ортасының түрактылығы қамтамасыз етіледі. Ішкі мүшелер мен мүшелер жүйесінің кызметі үйлесімді түрде жүреді.
Шартты рефлекстер
 
Шартты рефлекстер. Ми қыртысында шартты рефлексті жүзеге асыратын жүйке – рефлекс орталықтары орналасады. Жүйке орталығы мен жүйкелер арасында шеңбер түрінде үнемі байланыстар болып тұрады. Шартты рефлекстер кезінде ми қыртысы мен мидың басқа бөлімдерінің арасында уақытша байланыстар түзіледі. Шартты рефлекстер – ағза мінез-құлығының ең қарапайым көрінісі. Шартты рефлекстер бірімен-бірі белгілі бір реттілікпен жүзеге асатын бірнеше кезеңдерден түрады. Шартты рефлекстер аркылы адам тамағын табуға, кауіпті жағдайлардан қорғануға әрекет жасайды. Мүның бәрі де жоғары жүйке қызметі аркылы жүзеге асады.
Жоғары жүйке кызметінің күрделенуі
 
Жоғары жүйке кызметінің күрделенуі сөздің пайда болуымен тікелей байланысты. Адамның мінез-құлығы негізінен екі түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Біріншіден — ағзаның ішкі қажетін қанағаттандыру. Екіншіден – сыртқы орта жағдайларына бейімделу. Мидың және жүйке жүйесінің баска бөлімдерінің қызметі рефлекстер түрінде жүзеге асады, яғни рефлекстік сипатта болады. Ми қыртысының рефлекстік қызметін ғылыми түрғыда түсіндірген орыс ғалымы – И.М.Сеченов (1829-1905). Ол «Мидың рефлекстері» (1863) еңбегінде рефлекс ұғымына жан-жақты анықтама берді. Ғалым алғаш рет біздің саналы жөне санасыз әрекеттеріміздің бәрі рефлекстерге негізделгенін дәлелдеп берді. И. М. Сеченовтың пікірі бойынша, рефлекстер үш кезеңді қамтиды. Оның бірінші кезеңінде сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен сезім мүшелерінде қозу пайда болады. Екінші кезеңінде – мида қозу мен тежелу үдерістері жүреді. Осы үдерістердің нөтижесінде психикалық құбылыстар (түйсіну, сезу, т.б.) пайда болады. Үшінші кезеңінде – адамның мінез-құлығы әрекеттер арқылы көрініс табады. И.М.Сеченовтың зерттеулері мидың төменгі орталықтары, оның жоғары орталықтарының тікелей бақылауында жүретінін дәлелдеп берді. Ми қыртысындағы рефлекс орталықтары көптеген шартсыз рефлекстердің қызметін кейде тежеуі, кейде күшейтуі мүмкін.
Павлов Иван Петрович
 
Рефлекстер туралы ілімді одан әрі толыктырып дамытқан көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов (1849 – 1936) . Ол – жоғары жүйке қызметінің физиологиясы — мінез-қүлық туралы ғылымның негізін салушы ғалым. Ғалым мінез-құлықты зерттеуде шартты рефлекстердің қальпггасу әдістерін ашты. И.П.Павлов жоғары жүйке кызметі тікелей шартты рефлекстер жиынтығынан түратынын толық дәлелдеп берді.
 
Бірінішіден, шартты тітіркендіргіштің әсер ету уакыты шартсыз тітіркендіргіштердің өсерімен сәйкес келуі кажет. Мысалы, бұрын ет жеп көрмеген итке етті көрсетсе де иттің оған сілекейі бөлінбейді. Итке етті көрсетіп, артынша ет беруді бірнеше рет кайталаса, ет көріне салысымен сілекей бөліне бастайды.
 
Екіншіден, шартты тітіркендіргіштің өсері шартсыз тітіркендіргіштің алдында бірнеше рет кайталануы шарт. Қоңырау шалып, артынан итке тамак беруді бірнеше рет кайталаса, шартты рефлекс түзіледі.
 
Үшіншіден, шартты жөне шартсыз тітіркендіргіштердің әсер ету уакытын сәйкестендіріп, бірнеше рет кайталаганда да шартты рефлекс түзіледі.
 
Шартты рефлекстің қалыптасуы, шартты және шартсыз тітіркендіргіштерді қабылдайтын ми қыртысының екі орталығының арасындағы уакытша байланыска негізделген. Шартты тітіркендіргіштің әсерінен ми кыртысының бір жерінде козу ошағы пайда болады. Шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен де ми қыртысының екінші жерінде қозу ошағы пайда болады. Ми қыртысындағы осы екі козу ошақтарының арасында уақытша байланыс түзіледі. Адам өмірінде көптеген шартты рефлекстер түзіледі. Мұның бәрі де біздің өмір сүруіміздің басты мәні болып саналады. Тіршіліктің бұл өмірлік мәні жеке адам үшін басты рөл атқарады, бірак бұл тұқым қуаламайды.

Дата: 2012-11-14 Просмотров: 4080 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: