1905 – 1907 және 1917 жылдардағы революциялық оқиғалар мен өзгерістердің қазақ өміріне ықпалы

1905 – 1907 және 1917 жылдардағы революциялық оқиғалар мен өзгерістердің қазақ өміріне ықпалы
1905—1907 жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері. Қазақ елі өзінің отарлық езгідегі халін түсіне бастауы жөне үлттық зиялы қауымның нақты әрекетке көшуі 1905 жылғы бірінші орыс буржуазиялық-демократиялық революциямен тікелей байланысты.
 
Ғасырлар бойы қасық қаны қалғанша қорғаған жерінен айырылып, кіріптарлық күйге түскен қазақтың ауыр халі және патшалық Ресейдің қатал отарлық саясаты көзі ашық оқыған қазақтың азаматтарына ой салды. Дәл осы түста қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мухаметжан Тынышпаев, Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер, Жақып Ақбаевтар саяси күрес сахнасына көтерілді.
 
Ресейдегі алғашқы революциялық қозғалыс пен отарлық тәуелділіктегі халықтардың, соның ішінде казақ елінің де өз азаттығы үшін күрес жолына түсуі арасында тікелей байланыстың бар екендігі рас. Сонымен бірге метрополия мен отарлық тәуелділіктегі елдердің азаттық үшін қозғалыстарындағы айырмашылықтың табиғи сипатын да жоққа шығаруға болмайды. Ол айырмашылықтар бүл қоғамдық қозғалыстардың көздеген мақсатынан және оларға атсалысқан әлеуметтік күштердің құрамынан туындайды. Егер орыс азаттық козғалысының негізгі мақсаты Ресейдегі басыбайлылық тәртіп қалдықтарын біржола жойып еркін экономикалық және демократиялық өзгеру жолына алып шығу болса, ұлт зиялылары бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басты мұраты ұлттық мемлекеттік дербестікті жаңғырту арқылы басқа елдермен тең кұқықты өркендеуге жол ашу болды. Яғни ұлт-азаттық қозғалысы үшін бірінші кезекте ұлттық еркіндік және теңдік мөселесі тұрды.
 
Қазак халқының мұң-мұқтажын жоқтаған ұлт зиялылары азаттық қозғалыстың бастаушы күшіне айналды. Қазақ жерін отарлап, халқын орыстандыру секілді патшалық Ресейдің өктемдік саясатын әшкерелеп, оған карсы үгіт-насихат жүргізген Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, Ж.Ақбаев жәнө басқалардың қатысуымен даярланған арыз-тілектерде алым-салықтың көбеюіне, билік өкілдерінің өзбарлығына, сондай-ақ жаппай қоныстандыру саясатына батыл қарсылық көрсетілді. Патшалық самодержавиеге қарсы үгіт-насихат жүргізген түрлі астыртын ұйымдар мен топтардың ісіне араласа жүріп, өздерінің ой-пікірлерін, жеке көзқарастарын баспасөз беттерінде жариялап отырды. Мысалы, М.Тынышпаев: «Сахарадағы толқудың басты себебі саяси, рухани, діни, экономикалық езгі», — деп ашық айтты.
 
1905 жылғы жазда Сырдария облысының Шымкент, Әулиеата уездерінде толқулар бұрқ ете түсті. Мамыр-қазан айлары аралығында ірі қалаларда социал-демократиялық топтар ұйымдастырған шерулерге қатысушылар «Самодержавие жойылсын!» деген ұрандар көтеріп шықты.
 
Семей облысы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде Дала өлкесінде көп дабыра тудырған атақты Қарқаралы арыз-тілегі (петициясы) дүниеге келді. Оның соңына 14,5 мың адам қол койды. Арыз-тілекте сол тарихи кезеңдегі қазақ азаттық қозғалысының алдында тұрған негізгі міндеттер бағдарламалық деңгейде баяндалды.
 
Жер мәселесін, халыққа білім алу мүмкіндігін туғызу, дін тұтыну еркіндігін және басқа талаптар қойған арыз-тілектер Оралда, Жетісуда, Әулиеатада, Лепсіде, Торғайда және тағы басқа орталықтарда даярланып, орталық билік орындарында жөнелтілді.
 
Мемлекеттік Дума жөне қазақтар. Ресейдегі азаттық қозғалыстың өрлеу барысында қазақ қоғамына да жеткен тарихи жаңалықтардың бірі 1905 жылы 6 тамызда шыққан манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығының берілуі еді. Ұлт зиялылары Мемлекеттік Дума мінберін империяның Қазакстандағы саясатына, әсіресе, жер мәселесін тура шешуге ықпал жасау құралы ретінде бағалап, оның жұмысына үміт артып, депутат сайлау науқаны мен Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына белсене араласты.
 
I Мемлекеттік Дума (1906 жылы) жүмысына қазақ елінің атынан үш депутат қатынасты. Олар: Орал облысынан — Алпысбай Қалменов, Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов және Семей облысынан — Әлихан Бөкейханов болатын. Бұлардың бәрі де жоғары білімді мамандар, яғни алдыңғы екеуі заңгер, соңғысы агроном-статист еді.
 
Дума отырысында А. Бірімжанов сөз сөйлеп, қазақ елінің жерге байланысты шешілмей жатқан көп мәселелері бар екенін айтып, аграрлық мәселе бойынша құрылған комиссияның құрамына қазак депутаттарынан өкіл енгізуді ұсынды. Қазақ депутаттары, сондай-ак мұсылмандар фракциясы тарапынан аграрлық мәселеге байланысты даярланған тұжырымдаманы жазуға қатынасып, үкімет орындарына қазақ жеріне көшіп келгендерді орналастырумен айналысатын комиссиялардың заңсыз әрекеттеріне тыйым салу жөнінде сүрау салды.
 
Бар болғаны 72 күн жұмыс жасап үкімет шешімімен таратылған I Думаның 182 депутаты наразылық танытып Выборг (Финляндия) Манифестіне қол қояды. Олардың арасында Ә. Бөкейханов та бар еді.
 
Өз жұмысын 1907 жылы 20 ақпанда бастаған екінші Думаға қазактардан бес депутат сайланды. Олар Орал облысынан заңгер Б. Қаратаев, Жетісу облысынан инженер М. Тынышпаев, Сырдария облысынан заңгер Б. Қулманов жөне Семей облысынан Т. Нурекенов. Бүл аталған кісілердің ішінде үшеуінің жоғары білімі болды.
 
Дума жұмысында қызу пікір тартысын тудырған тағы да аграрлық және қоныс аудару мәселесі болып шықты. Жергілікті халықтардың құқығы мен мүддесі ескерусіз қалғандығы айтылып, ешқандай да даярлықсыз жүргізіліп жатқан қоныс аудару саясаты өткір сынға алынды. Дума мөжілісінде сөйлеген депутат Б. Қаратаев. «130 000 помещиктің мүддесін корғау үшін» үкімет жерсіз орыс шаруаларына егіншілікке жарамды қазақ жерлерін тартып әперіп отырғандығын айтып, осы жағдайға байланысты зиялы орыс қауымынан қолдау күтетіндігін білдірді. Дума құрамында жер мәселесіне байланысты қазақ халқына жанашырлықпен караған Волков 2-ші, Скалозубов, Дзюбинский, Виноградов, Мақсұдов, Жағыпаров сияқты депутаттар бар еді. Мәселен, Орынборлық депутат Т.И.Седельников және басқа сібірлік депутаттардың ұйымдастыруымен Ақмола, Семей облыстарындағы жергілікті халықтың жер тапшылығын көріп отырғандығын баяндаған 53 депутаттың қолы қойылған Мөлімдеме Дума төрағасына тапсырылды.
 
Дегенмен Дума мүшелерінің талап-тілегіне қарамастан билік орындары тарапынан отарлау үдерісіне белгілі бір шектеу қоя алатындай құжат қабылданған жоқ. Ал 1907 жылы 3 маусымда үкімет қабылдаған заңда «көшпелі бұратаналар сайлауға катыса алмайды» деп көрсетілді. III және IV Думаларға қазақ коғамынан депутаттар сайланбады. Қазақ зиялыларының жаңадан қалыптаса бастаған орыс парламентіне артқан үміті ақталган жоқ. Сонымен бірге Дума жұмысына тікелей және мұсылман фракциясы арқылы қатынаса жүріп ұлт зиялылары саяси тәжірибе жиналы, көздеген мұратқа жету үшін ауыр да үзақ жолдан жүріп ету қажеттігін түсінді.
 
Қазақстан Уақытша үкімет билігі тұсында. Қазақ комитеттерінің құрылуы. 1917 жылы 27 ақпанда жеңіске жеткен буржуазиялық-демократпиялық революция Ресей өміріне түбегейлі өзгерістер ала келді. Монархиялық билік құлады, патша тағынан айырылды. Жаңа мемлекеттік билік жүйесін анықтауға тиіс болған Жалпыресейлік Құрылтай жиналысы шақырылғанға дейін саяси билік Уақытша Үкімет қолына көшті. Осы жылы 2 наурыз күні құрылған жаңа үкімет елде демократиялық билік жүйесін орнату бағытын үстанатындығын мәлімдеді. Газеттерде жарияланған үкімет Мәлімдемесінде «сословиялық, діни және үлттық шектеулердің жойылатындығы» айтылды.
 
Думандағы мұсылман депутаттарының ұйымдастыруымен 7 наурыз күні Петроградта қаланың мұсылман тұрғындарының жиналысы өтіп, жиналыс атынан Дума төрағасы М.В.Родзянко мен Уақытша үкіметтің төрағасы князь Г.Е. Львовқа жеделхат жолданып, онда Ресей мұсылмандары билікті жария еткен өз бағдарламаларын іске асырады деген тілекпен оған толық колдау жасайтындықтарын білдіреді.
 
Революция жеңісі туралы хабарды бүкіл қазақ халқы қуанышпен қарсы алып, ғасырлар бойы күткен арман-тілектерінің орындалар сәті туды деп түсінді. Ә.Бөкейханов бастаған қазак зиялылары Құрылтай жиналысы шақырылып, елдегі саяси биліктің түрі мен мазмұнын анықтағанға дейін халықты Уақытша үкіметтің шараларын қолдауға шақырды.
 
1917 жылы 16 наурызда Батыс майдан штабы (Минск қаласы) жанындағы Земск және калалық одақтардың біртұтас бөлімін басқарып жүрген Ә.Бөкейханов жедел түрде Петроградқа шақырылып, Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалды. 7 сәуірдегі шешімімен Уақытша үкімет Түркістанды бпсқару ісін 9 адамнан түрған Түркістан комитетіне тапсырды. Оның алғашқы құрамы мынадай топтан тұрды. Н.Н.Щепкин (төраға), Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, С.Мақсұдов, В.С.Елпатьевский, Л.А.Липовский, П.Б.Преображенский, О.А.Шкапский жөне Г.Дәулетшин.
 
Түркістан өлкесінің құрамына бұл кезде Самарқан, Ферғана облыстары, Хиуа хандығы және Бұқар өмірлігінен басқа басым бөлігі қазақ уездерінен тұрған Сырдария, Жетісу жөнө Закаспий облыстары енді. Шамамен осы күндері құрылған Орталық мұсылмандар бюросы езінің 10 сәуірде қабылдаған шешімімен Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мұсылман мүшелеріне мынадай ұстанымдарды басшылыққа алу жөнінде ұсыныс жасады: Түркістандағы ескі билік өкілдерін қызметінен аластауды; жергілікті халықтың құқын орыстармен толық теңгеруді; барлық жергілікті мекемелерде, қоғамдық ұйымдарда ұлттық азшылықтардың өкілдігіне кепілдік беруді; Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің қызметін жұмысшы және солдат депутаттары кеңестеріне біріккен жергілікті демократия өкілдерінің қызметімен үйлестіре жүргізуді; отаршылдық көзқарас және саясатпен күреске қажет барлық шараларды іске асыруды.
 
Наурыз айының алғашқы жартысында-ақ бүкіл империя көлемінде, яғни облыс, уезд, болыс және ауылдарда ескі құлаған үкіметтің орнына жаңа Уақытша үкіметтің басқару органдары калыптаса бастады. Азаматтық комитеттер атанған бұл жергілікті басқару буындарын құру ісінде белсенділік танытқан орыс және басқа да еуропалық тұрғындар болды. Олар жаңа билік орындарын сол бұрынғы патшалық жүйе тұсындағыдай өздеріне ғана тиесілі билік есебінде қабылдады.
 
Міне, осындай жағдайда 1917 жылдың наурыз айынан бастап қазақ облысарында, тіптен қайсыбір аймақтардағы уездерде жергілікті ұлт зиялыларының басшылығымен Қазақ комитеттері құрыла бастайды. Олардың негізгі міндеті түрлі деңгейдегі казақ съездерін даярлап өткізу, сондай-ақ жергілікті халықтың талапілектерін билік алдына қойып, оларды шешуге күш салу еді. Жалпы, 1917 жылдың көктемінде өлкенің ұйғыр, дүнген сияқты басқа да этникалық топтарының ұлттық және діни негізде өз ұйымдарын құру талпынысы байқалды.
 
Осы жылдың наурыз және сәуір айларында болып өткен облыстық орыс және қазақ тұрғындарының біріккен съездерінде Уақытша өкіметтің облыстық атқару комитетіне мүше болып Торғай облысы бойынша С.Кәдірбаев, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы және Н.Бегімбетов, Орал облысы бойынша Д.Күсепғалиев, Ғ.Әлібеков және Б.Қаратаев сайланды.
 
Қазақ зиялылары, сондай-ақ уездік деңгейдегі мемлекеттік басқару қызметтеріне тағайындала бастады. Сәуір айында Уақытша үкіметтің уездік комиссары қызметіне Қостанай уезі бойынша заңгер А.Бірімжанов, Торғай уезі бойынша мұғалім Ғ.Алмасов, Ырғыз және Ақтөбе уездерін бірдей басқаруға заңгер Ғ.Теміров бекітілді.
 
Қорыта айтқанда, қазақ зиялыларының мемлекеттік басқару ісіне түрлі деңгей және дәрежеде араласуы Қазақстанның барлық аймақтарында жүріп жатты. Бұл халық арасында бұрын байқалмаған саяси белсенділіктің көрінісі еді. Торғай облыстық орыс және қазақ тұрғындарының біріккен съезі (1917, 20-28 сәуір) облыс комиссары Ә.Бөкейхановтың ұсынысы бойынша «атқаратын жұмысы жоқ болғандықтан Орал – Торғай қоныс аудару мекемелерінің басқару буындарын жою» және «шаруалар бастығы мекемелерін тарату» жөнінде шешім қабылдайды. Бұл іс жүзінде бұрынғы империялық мемлекеттік құрылымда таза отарлаушылық міндет атқарып келген мекемелерді жоюға бағытталған алғашқы қадамдардың көрінісі еді. Осы шаралармен бір мезгілде патшалық губернаторлар мен уезд бастықтарын, олардың кеңсе шенеуніктерін қызметінен босату, сондай-ақ ескі билік тұсында түрлі заңсыз зорлық істерімен көзге түскен шенеуніктерді айыпқа тарту қатар жүрді.
 
Уақытша үкімет билігі тұсында байқалған тарихи оқиға – бұл елдің барлық саяси орталықтарында болып өткен қазақ съездері еді. Қазақ саяси элитасының кемелдік деңгейін танытқан бұл съездер, бірініиіден, күнделікті өмір ағымынан туындап, тез арада шешімін күткен (аштықпен күрес, босқындарға көмек үйымдастыру, комитеттер құру т.с.с.) жөне екіншіден, осы жылдың соңында шақырылмақ Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына шығарылуға тйіс (жалпыресейлік мемлекеттік түрі, соған байланысты қазақ халқының мемлекеттік статусы; жер мөселесі, қоныс аударушылар легін тоқтату және басқа да с.с.) мәселелерді талқыға салып, олар бойынша сол тарихи кезеңге лайық өз ұсыныстарын білдірді.
 
Осы жылы облыстық, уездік, қайсыбір жерлерде болыстық деңгейде құрылған Қазақ комитеттері қазақ халқының өзін-өзі басқаруға, ұлттық мемлекеттікке ұмтылысының көрінісі болды. Сондықтан да Қазақ комитеттерінің осы жылдың соңына қарай құрылған Алаш партиясымен мен Алашорда өкіметінің жергілікті іс жүргізу буындарына айналуы толық табиғи құбылыс еді.
 
Казақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Азамат соғысы. 1917 жыллдың күзіне қарай Ресей империясындағы жағдай терең өзгерістеpre ұшырады. Ауыр соғыс шығындарына азық-түлік тапшылығы қосылып, елдің түрлі аудандарында аштық көріне бастайды. Уақытша үкімет ауыр экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын іздеудің орнына халық наразылықтарын күшпен басуға көшті. Қалыптасқан жағдай өлсіз Уақытша өкіметтің беделінің түсуіне, керісінше қоғам алдында большевиктер бастаған солшыл күштердің салмағының өсуіне негіз болды.
 
Осы жылдың 24-25 қазан күндері Петроградта басталған қарулы көтеріліс жеңіске жетіп 25 қазан күні кешінде Смольныйда ашылған Кеңестердің Жалпыресейлік II съезі Уақытша үкіметтің түтқынға алынып, елде биліктің жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары қолына өткендігін мәлімдеді. 26 қазан күні Кеңес Үкіметінің «Бейбітшілік туралы Декреті» және «Жер туралы Декреті» қабылданды. Бірінші құжатта Кеңес үкіметінің соғыска қатысушы барлық жақтарды «әділ демократиялық бітім жасау жөнінде келіссөзді бастауға шақырса, екінші құжатта жерге жеке меншіктің жойылып, оны мемлекеттік меншік ауыстыратындығы айтылды.
 
3 қарашада «Ресей халықтарының құқық Мәлімдемесі» қабылданып, онда жаңа билік империя құрамындағы ұлттардың теңдігі мен еркіндігін мойындайтындығын, әрбір халықтың өзіне қажет деген билік түрін өз бетінше анықтай алатындығын, тіптен дербес мемлекет құру құқын жария етті. 20 қарашада «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» Үндеуі жолданып, онда Ресей мұсылмандарының күнделікті өмірін өз қалауларынша жүргізу мүмкіндігі бар екендігі тағы да айтылды. Империя ауқымындағы билік үшін күрес барысында большевиктер осылайша үлттық теңсіздік тақсыретін әбден тартқан халықтарды түрлі уәделермен өз жағына аударумен болды.
 
Қазакстанда Кеңестер билігінің орнауы 1917 жылдың соңы мен келесі 1918 жылдың наурызы аралығында жүрді. Соған дейін Ресей империясының құрамында болған Польша мен Финляндияның мемлекеттік еркіндігін бірден мойындаған Кеңестік билік, құрамындағы басқа ұлттарға байланысты екі жакты, қайшылықты ұстанымға көшті. Мәселен, В.И.Ленин мен И.В.Сталин Түркістан кеңестерінің съезіне жолдаған жеделхатында: «Халық комиссиялары кеңесі сіздердің өлкелеріңіздің кеңестік негіздегі автономия болғандығын қолдайды», – деп көрсетті. Яғни, империя құрамындағы халықтардың өздеріне қажет деген мемлекеттік түрін анықтай алу құқын мойындаған жаңа билік, сонымен бірге ондай мемлекеттік кұрылымның тек «кеңестік негіздегі автономия» ғана бола алатындығын өзі белгілейді. Басқаша айтқанда, Польша мен Финляндияға байланысты «демократиялық» ұстанымдағы большевиктер билігі ортаазиялық халыктарға келгенде қандай мемлекеттік түрі лайық екендігін сол халықтардың өздерімен кеңесіп жатпай-ақ шешудің көрінісі еді. Бұл іс жүзінде орталық тәуелділікте болып келген халықтарға қай тұрғыдан алғанда да қажет ұлттық мемлекеттілікті ысырып тастап, оның орнына пролетарлық интернационализмді жамылғы тұтқан жаңа мазмұндағы империялық тәртіпті ұсынудың өзі-тін.
 
Мемлекеттілік түрін анықтау ісінде мұндай өктем ұстаным танытқан Кеңес үкіметіне ұлт-азаттық қозғалыс басшылары сенімсіздікпен қарап, 1918 жылы жазғытұрым басталып кеткен Азамат соғысы тұсында ақгвардияшыл күштер жағында болды. Дегенмен мұндай ұстанымға да олар бірден көше қойған жоқ, алдымен, кеңестік билікпен байланыс жасап (1918, наурыз—сәуір) өзара түсінісуге ұмтылыс жасады. Бірақ ондай әрекеттен ештеңе шықпады. Алаш әскери құрамалары ақ қазақ және ақгвардияшылармен бірге Орал, Семей, Торғай және Жетісу облыстарында белсенді соғыс қимылдарына араласты. 1918 жылдың шілдесінде Алашорда үкіметі Алаш автономиясын мойындау жөнінде Самарадағы Құрылтай Жиналысы Комитетімен және Сібір Уақытша үкіметімен келіссөздер жүргізді. Бірақ ресейлік әсерлер мен олардың одақтастары — қазақтар мен ақгвардияшылар дербес қазақ мемлекеттігін мойындаудан бас тартты. Бұл жағдай Алашорда үкіметін 1919 жылдың көктемінен бастап Мәскеудегі Кеңес үкіметімен қайтадан келіссөздер жүргізуге итермеледі.
 
Жалпы «қозғалыс», «көтеріліс», «төңкеріс», «революция» сияқты тарихи-өлеуметтік үғымдарының мәні мен мағынасын түсінуде олардың үнемі бір қалыптан екінші қалыпқа ауысып дамып отыратындығын ескеру қажет. Сондыктан бұл күрделі тарихи құбылыстарға баға бергенде, олардың ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтап алған жөн.
 
1916 жылғы көтерілістің қазақ халқының тарихында бұрынғы көтерілістерден ерекшелеу болғаны анық. Әсіресе көтерілістің қозғаушы күштері, ауқымы жағынан өзгешеліктері болды. Тараудың басында айтылған «Көтеріліс», «қозгалыс» үғымдарына сәйкес, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты да осыған жатқызуға болады. Ал Қазақстан тарихында жаңа дәуір, жаңа кезеңді бастап, күрделі бетбұрыс жасаған 1917 жылдардағы оқиғалар болды. Революцияға қоғамның барлық мүшелері тартылса, төңкеріс белгілі бір өлеуметтік топтар, таптардың белсенділігімен жүзеге асты.
 
1917 жылғы Ақпан революциясы Ресей империясы құрамындағы бұратана отар халықтар, оның ішінде қазақтар тағдырына үлкен өзгерістер әкелді. Патша үкіметі құлады.
 
Ал Қазан төңкерісі саяси, өлеуметтік-экономикалық жағынан жаңа құрылысты бастап берді. Бұрынғы өкімет билігі мен меншіктері жойылды. Кеңес билігі орнады. Жаңа социалистік қоғам дүниеге келді. Қазақ халқы белгілі дәрежеде үлттық автономияға қол жеткізді.
Пайдаланылған әдебиет

Дата: 2012-11-14 Просмотров: 4260 Загрузок: 6 Язык: на казахском языке

  • Меруерт 06 December 2014 12:47
    Саламатсыз ба! мен қызылордалықпын. қандай мамандық болынша оқытасыздар? мамандық бойынша оку акысы канша? колледж ба? алде Универ ма?
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: