Абдулла Хан

Абдулла Хан, (Абдаллах бек, Абдул) (т.ө.ж.б. 14 ғ.) — Алтын Ордадағы “Дүрбелең жылдары” (1359-79) таққа отырған хандардың бірі (1360/61 — 1369/70). Ата тегі: Шыңғыс хан — Жошы — Тұқай Темір — Үз Темір — Абай — Мыңғасыр. АБДУЛЛА ХАН Мыңғасырдың 9 ұлының алтыншысы. 1359 ж. Бердібек хан өлтірілгеннен кейін 1-2 жыл ішінде Алтын Орда тағына Құлпа, Наурыз бек, Қызыр хан, Темір қожа отырған. Мамай Темір Қожаны өлтіріп, хан тағына А-ны әкелді. Іс жүзінде билікті АБДУЛЛА ХАН-ның атынан Мамай жүргізді. Осы кезден бастап Алтын Орда екі бөлікке бөлінді. Еділден батысқа қарай АБДУЛЛА ХАН, шығысында Аралдың солт-ндегі далалық аймақтарды Шайбани ұрпағы Қожа Мұрат (Мюрид, Меруд, Амурат) биледі. А.х. Мәскеу боярларының өтінішімен жас Дмитрийдің (болашақ Донскойдың) ұлы князь болуына жарлық берген (1363). 1369-70 ж. Мамай Абдулла ханның орнына оның ұлы Мұхаммед сұлтанды (Мұхаммед Бұлақ) таққа отырғызды.

Дата: 2012-11-14 Просмотров: 1724 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: