Азия департаментінің жазбасы

Азия департаментінің жазбасы— тарихи құжат. 1828 жылы Ресей қаржы министрлігіне Азия департаментінің Ішкі Орда қазақтарымен сауда-саттық қатынастарын дамыту жолдары туралы ұсыныстар жазылған. Жазбада қазақ даласынан Ресейге шикізат қорын молынан тасымалдау және қырға орыс қалаларынан өндіріс өнімдерін жеткізіп, өткізу мәселесі сөз болады. Сол мақсатга сауда-саттық жүргізілетін орындар, тауар түрлері мен сату әдістері, көпестердің дәрежесі жан-жақты сипатталған. Бұл бағдарламалық сипаттағы құжаттың мақсаты – қазақ өлкесін Ресейдің арзан шикізат көзіне, тауар өткізу аясына айналдыру.

Дата: 2012-11-14 Просмотров: 1564 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: