Басқа тілдерден енген сөздер

Басқа тілдерден енген сөздер
Қай тілдің болса да, сөздік құрамы өзінің даму барысында басқа тілдерден енген сөздермен де толысып отырады. Бір тілден екінші тілге сөз ену тарихи жағдайға және экономикалық, сауда, мәдени қатынастарға байланысты болады. Мұндай мемлекетаралық қатынастар халықтардың бір-біріне зат алмастыруымен қатар, ол заттардың атауларын да ауыстыруға мүмкіндік береді.
 
Әлеуметтік жағдайға және мемлекетаралық қатынастарға байланысты, мысалы, орыс тілі мен қазақ тіліне енген сөздер өте көп. Мысалы: ескі грек, рим мәдениетінен келе жатқан республика, диктатура, милиция, грамматика, механика, лаборатория, формула, газет, почта, кабинет, бюллетень, симфония, касса, кассир, балкон, опера; грек, латынша: геометрия, физика, экономика, термометр, телеграф, телефон, телевизор; ағылшын тілінен: чемпион, руль, рельс, клуб, вокзал; француз тілінен: бюро, депо, партизан, авангард, метр; неміс тілінен: штраф, мундир, офицер, штаб, матрас т. б. Бұл сөздердің барлығы қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. Сонымен катар, казак тілінің қанына сіңіп, тіліміздің байлығына айналған, жалпыхалықтық сипат алып кеткен араб, парсы тілдерінін сөздері де бар: алгебра, нашатырь, әдебиет, дәптер, кітап, калам, сәлем, сағат, мектеп, өмір, Отан, бала, ұстаз, мұғалім т. б.

Дата: 2012-10-15 Просмотров: 19574 Загрузок: 72 Язык: на казахском языке

  • noname 17 September 2014 22:20
    полная
    Ответить
  • Асылхан 17 May 2019 17:54
    негизинде менин жауабы жок
    Ответить
  • Томирис 25 December 2020 11:31
    Негызгы жауап жок
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: