Тұрақты тіркестер

Тұрақты тіркестер
Тіл арқылы қатынас жасағанда, сөздер дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады. Тіркес екі түрлі болады.
 
1. Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға бола беретін еркін тіркес. Мысалы: үлгілі бала дегеннің орнына үлгілі қыз деуге болады, диктант жазу дегеннің орнына шығарма жазу, хат жазу, мазмұндама жазу десе де болады. Мұндай еркін тіркестер сөз тіркесі деп аталады. Еркін сөз тіркесінің беретін мағынасы сол тіркесті құрайтын сөздердің мағыналарымен байланысты болады.
2. Мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалатын да тіркестер бар. Мысалы: қой аузынан шөп алмас, ит жанды, таяқ тастам жер, мұзға отырғызып кету, жұмған аузын ашпау, көзді ашып жұмганша т. б. Қой аузынан шөп алмас дегеннің орнына- түйе аузынан шөп алмас, ит жанды дегеннің орнына мысық жанды деп өзгертіп айтуға көнбейді.
Сондай-ақ мұндай тіркес көркем, бейнелі бір ұғымды білдіреді: қой аузынан шөп алмас — жуас, ит жанды — көнбіс, таяқ тастам — жақын, мұзға отырғызып кету — алдау, жұмған аузын ашпау — үндемеу, көзді ашып-жұмғанша — лезде деген мағыналарды білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады. Сондықтан мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейді. Тұрақты тіркестің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан тумайды, басқа бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабыргаңмен кеңес — ойлан, бесіктен белі шықпай — ерте, қас пен көздің арасында — шапшаң мағыналарын білдіреді.
Еркін сөз тіркесі мен тұрақты тіркесті салыстырып көрейік.
 
Сөз тіркесі тұрақты тіркес
/.   Таза   дәптер,   таза   киім, әдемі дәптер, әдемі киім,
 
2.  Әдепті оқушы,  әдепті кісі, баланың ісі, улкеннің ісі.
 
тайга таңба басқандай (анық),
біреудің    ала    жібін    аттамау (ұрламау),
 
жүрек   жұтқан   (батыр),   қоян жүрек  (қорқак,),   таяқ   тастам (жақын), тіс жармау (ундемеу).
 
Неше сөзден құралса да, тұрақты тіркес бір ғана ұғымды білдіреді. Сөйлем ішінде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Мысалы: Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елге қызмет етеді. Осы сөйлемдегі көзі ашық, көкірегі ояу тұрақты тіркестің сұрағы қандай? Саналы деген бір мағынаны білдіреді, анықтауыштық қызмет атқарады.
Орын жағынан әбден қалыптаскан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданы-латын тіркесті тұрақты тіркес дейміз. Тұрақты тіркестер ғылым тілінде фразеология, фразеологизм деп те аталады.

Дата: 2012-10-15 Просмотров: 47449 Загрузок: 43 Язык: на казахском языке

  • дура 12 November 2012 00:00
    мал
    Ответить
  • Секрет 18 November 2013 22:19
    Незнаю как вам но мне очень помогла  улкен рахмет
    Ответить
  • мереке 26 November 2013 19:58
    мынау куама аздап маган комек керек деймин маган коил куйди билдиретин создер керек
    Ответить
  • sara 27 November 2013 10:01
    кирге шаны бес батпан
    Ответить
  • динара 17 January 2014 22:39
    кп рахмет бл ережеге
    Ответить
  • vendetta 26 May 2014 21:53
    spasibo ochen pomogli
    Ответить
  • aru 06 September 2014 19:33
    super
    Ответить
  • Аида 07 September 2014 21:56
    рахмет бирак бул маган жетпейди((
    Ответить
  • абдрахман 27 November 2014 10:44
    super
    Ответить
  • умит 03 December 2014 19:33
    тағыда тауып бере аласыздарма
    Ответить
  • Акжан Оспаналиева 18 November 2015 23:18
    РАХМЕТ. МАГАН КОМЕКТЕСТИ. ОТВЕЧАЮ
    Ответить
  • DIAS 18 December 2015 19:25
    НЕ мынау азгой косандарш
    Ответить
    • GGG 06 November 2018 15:15
      Осығанда риза бол айтпесе олда жоқ
      Ответить
  • арсен 10 December 2016 18:59
    аай
    Ответить
  • Бактияр 07 November 2017 17:37
    спасибо но это мне не хвотить :):)
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: