Ботаниканың агрономиямен байланысы

Ботаниканың агрономиямен байланысы
Ботаника мен агрономия бір-бірімен тығыз байланысты, өйткёні олардың зерттейтін объектісі де, зерттеудің төсілдері де және даму тарихы да екеуіне ортақ бірдей болып келеді. Ботаниктер табиғи (жабайы өсетін) өсімдіктердің және олардың жекелеген топтарының түрлік құрамын, құрылысымен дамуының зандылықтарын зерттейді, ал агрономдар болса мәдени өсімдіктермен ғана айналысады. Бірақта көп жағдайда ботаниктердің зерттейтін объектісі ауылшаруашылық өсімдіктері, оның ішінде өсіресе мәдени жағдайға жаңа көшірілген өсімдіктер болып келеді, ал агрономдардың зерттейтін объектісі жабайы өсетін өсімдіктер, мысалы, жайылымдар мен шабыңдықтардың өсімдіктері болып келеді. Бұл өсімдіктерді агрономдар, олардың өнімділігін (түсімділігін) арттыру мақсатында зерттейді. Сонымен ботаника мен агрономияның арасын бөліп тұратын айқын шекара жүргізуге болмайды. Бұл кездейсоқ нәрсе емес, өйткені агрономия ботаникадан бөлініп шыққан. Сондықтанда агрономия сөз жоқ ботаниканың бір саласы болып табылады, дәлірек айтсақ өсімдіктер шаруашылығы ғылымын толықтыра түсетін ботаниканың бір саласы. Агрономдар мен ботаниктердің алдыңда бір ғана мақсат тұрады. Ол мақсат шамамен өсімдіктерді адамның практикалық қажеттілігіне толық пайдалану, басқаша айтқанда дәннен, жемістерден, көк балаусадан мол өнім алу болып табылады.Ботаниктердің топырақтану және агрохимия ғылымдарымен де байланыстары аса тығыз болып келеді. Әсіресе олардың зерттеу жүргізу тәсілдері бір-біріне ауысып және бірін-бірі үнемі толықтырып отырады. Мысалы, индикационная геоботаника топырақтанушылар мен агрохимиктерге топырақтың және жердің (грунттың) сапасы, физико-химиялық құрамы, гидрологиялық жағдайы және т.б. жөнінде сипаттамалар беруге мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі болып табылады.Ботаниктер құрлықта, суда және ауада өсетін 500 мың өсімдіктердің түрлерімен жұмыс істейді, ал агрономдардың еншісіне құрлықтың жер көлемінің 10% -не себілетін екпелі өсімдіктердің 15 мыңдай түрлері тиеді. Бірақта агрономдардың алдында жауапкершілігі аса жоғары міндет тұрады. Ол барлық адамзатқа қажетті тамақ өнімдерін жөне әртүрлі өсімдіктерден алынатын шикізаттардың өнімділігін арттыру болып табылады. Тамақ өнімдері жоғарғы мәдениет пен дамудың қажетті негізінің бірі болып қана қоймайды, сонымен бірге тіршіліктің де негізі болып табылады. Сондықтанда адам баласының алдында одан асқан жауапты міндет жоқ. Бұл жерде Ф.Энгельстің бір айтқан сөзін келтіре кеткен жөн: «тарихты жасайтындай жағдайда болу үшін, адамдардың өмір сүруге мүмкіндіктері болуға тиісті.» Ол үшін алдымен тамақ пен ішетін су, баспана, киім және тағы басқалар қажет.7 Агроном өрбір экологиялық тұрғыдан оқшауланған өндірістік учаскедегі өсімдіктердің оргаңдарының пайда болып қалыптасуы мен дамуының кезеңдері жөнінде толық мәліметтерді дер кезінде және тұрақты түрде алып отыруға тиісті.Ол үшін агроном кез келген ауылшаруашылық дақылдарының түсімділігінің (өнімділігінің) қалыптасу процестерін бақылаудың тәсілдерін жете меңгерген болуға тиісті. Мұндай бақылау оргоногенездің барлық кезеңдерін тұқымның, пиязшықтардың және басқа да вегетативтік көбею органдарының өсуінен бастап, өркендерінің пайда болуына, гүлдеуіне және жемістерінің түзілуіне дейінгі аралықты қамтиды. Бір жағдайларда бұл кезеңдер өте баяу жүреді, ал екінші жағдайларда керісінше шамадан тыс жылдам жүруі мүмкін. Алғашқысы өсімдіктің бұл жерде нашар өсетівдігінің, ал соңғысы керісінше өсімдіктің аса жақсы өсуіне қолайлы жағдайдың бар екендігінің бірден бір белгісі болып табылады. Егерде өсімдіктің шамадан тыс жақсы өсуі, оның өркен беру немесе түптену кезеңдеріне сәйкес келсе, онда гүлдеу, дән байлау және жеміс түзу кезеңдерінде депрессия болуы мүмкін. Сондықтанда әрбір нақтылы жағдайда агротехникалық шараларды дұрыс және дер кезінде жүргізіп отыру керек. Өсімдіктердің өсуі мен дамуын биологиялық тәсілмен бақылап отыру, толығымен дерлік өсімдіктердің морфологиясына негізделген. Жер бетіндегі адамдардың саны күн санап артып келеді.Мысалы, 10 жылда, 1921-ден 1930 жылға дейін жер шарындағы адамдардың саны 11%-ке, ал 1951-ден 1960 жылға дейін 19%-ке көбейген. 1981 жылы біздің планетамызды мекендейтін адамдардың саны 4 млрд.-қа жеткен, ал 2000 жылы бұл сан 6 млрд.-қа дейін өседі деген жорамал бар. Сондықтанда, алдағы 20 жылдың ішінде, тамақ өнімдерін кем дегенде екі есе арттыру қажет. Бұл проблеманы шешу үшін ботаниктер мен агрономдардың және басқа да биологиялық ғылымдардың комплексінің арасында творчествалық байланыстар орнату қажет. Дүние жүзі ғалымдарының ассоциациясы (оның ішіңде бұрынғы одақтас республикалардың және қазақстанның да ғалымдары бар), бірлесе отырып өсімдіктер мен жануарлардың биология7* Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения, изд. 2-е, Т.З, М.: Политиздат, 1955. с. 26 лық өнімділігін зерттеу мақсатында ортақ бағдарлама жасау үстінде. Алдын ала жүргізілген жұмыстардың нәтижесі мынаны көрсетеді, жердің потенциальдық мүмкіңдігі әлі толық пайдаланып біткен жоқ. Мысалы есептеу жұмыстарының мәліметіне жүгінсек континенттердің жалпы жер көлеміне шаққанда айдалған жердің көлемін 10%-тен 16— 17%-ке дейін арттыруға болады екен. Осыған байланысты көптеген ғалымдар шөддерді (мысалы, сахараны) сулаңдыру және ауылшаруашылығы тұрғысынан оларды игеруді алға тартып отыр. Бұл мемлекет аралық проблемалардың бірі. Бұл тұрғыдан қарағанда Орта Азияның шөлін игеруде бұрынғы одақтас республикалардың төжірибесі үлгі боларлық. Қазіргі кездерде осы аймақтан бақша өсімдіктерінің, жүзімнің, күріштің және мақтаның плантацияларын бұрынғы уақыттарда егіс егуге жарамсыз деп табылған жерлерден кездестіруге болады. Совет ғалымдары кезінде Памирдің климаты салқын, биік тау аңғарларында егін шаруашылығымен айналысуға болатындығын делелдеп берді. Жайлым, шабындық және орман ретінде пайдаланып жүрген әртүрлі табиғи өсімдіктердің топтарының өнімділігін қажетті агротехникалық шаралар жүргізу арқылы арттыруға болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Өсімдіктер жабынының құрылысы мен дамуының жалпы заңдылықтарын біле отырып, мысалы,  батпақты жерлерге  агромелиоративтік шаралар жүргізу арқылы, бір жағдайларда оны шабындыққа және жайылымға, ал екінші бір жағдайларда құнарлы өнім беретін егістік алқабына айналдыруға болады.Алайда шөлді және батпақты жерлерді игеру барысында орны толмас өкінішке қалып жатқан жағдайларымызда жоқ емес. Бұған «Арал» тағдыры бірден-бір мысал бола алады. Арал тағдыры бұл күнде адам тағдырына айналып отыр. Дүние жүзі бойынша бір ғана ұрпақтың көз алдыңда тұтастай бір теңіздің суының таусылып құрғап, жоқ болып кетуі бұрын соңды тарихта кездеспеген жағдай. Сондықтаңда табиғатта ғасырлар бойыңда қалыптасқан тепе-теңдікті бұзу, сөз жоқ үлкен қылмыс. Реті келгенде айта кеткен жөн экосистемаға елеулі өзгерістер ендіретін проектілерді, экономикалық жағынан қаншалықты тиімді болғанымен қолдамаған жөн. Соңда ғана біздер қоршаған ортаны қаз қалпында сақтай аламыз.Жыл сайын ботаниктер өсімдіктердің жаңа түрлерін ашады, ал агрономдар болса жаңа пайдалы: малға азық болатын, эфир майлары алынатын, дәрілік және техникалық өсімдіктерді мәдени жағдайға ауыстырады. Табиғи және мәдени өсімдіктердің ресурстарын пайдаланудың масштабы мен комплекстігі, сол елдің мәдениеті мен егін шаруашылығының жалпы деңгейін көрсетеді. Мысалы, Францияда алтыншы мыңжылдықтың өзіңде жүзімді егіп, оның дәнінен жүрек ауруына  ем болатын май алынған.Ғалымдардың назарьш әлемдік мұхиттар мен тұщы су алаптарьшьщ биологиялық өнімділігі аударьш отыр. Өйткені синтезделетін органикалық заттардың көп бөлігі, теңіз балдырларының еншісіне тиеді. Энергияньщ көзі ретінде адамға тамақ немесе ауылшаруашылық жануарларына азық ретінде, органикальщ тьщайтқыш немесе өндірістік шикізат, мысалы медицинада дәрі алу мақсатында теңіз баддырларын рационалды пайдаланудьщ мүмкіңдігі қалай? Қазіргі кезде әлемдік мұхиттың, суы тұщы өзеңдер мен көлдердің базасыңда селекциялық-генетикалық зерттеулерді кеңінен жүргізудің мүмкіндігі туып отыр. Болашақта «теңіз өсімдіктері шаруашылығы» деген жаңа қолданбалы ғылым пайда болуы мүмкін. Біздің елде ботаниктердің және агрономдардың жұмыстарының бағыты мемлекет тарапынан қойылған, ересен үлкен міндеттерге байланысты айқындалады. Сондықтанда ғылым мен техниканың жетістіктерін халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында орынды пайдалануға тиістіміз.

Дата: 2012-10-10 Просмотров: 2720 Загрузок: 1 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: