Адам эволюциясы

Адам эволюциясы
Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті.
Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады.
Оларға ежелгі адамдар (архантроптар),
ертедегі адамдар (палеоантроптар) және
қазіргі адамдар (неоантроптар) жатады.
Бас сүйек: 1. Дриопитек 2. Аустралопитек (ми көлемі: 450 – 650см3) 3. Питекантроп ( ми көлемі: 750 – 1100см3) 4. Неандерталь адамы(ми көлемі: 1400см3) 5. Кроманьон адамы (ми көлемі: 1400 – 1500 см3) 6.Саналы адам (ми көлемі: 1600см3)
Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн — 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эйсен Дюбуа питекантроп деп атады. Ол гректің «Pithekos» — маймыл және «anthropos» — адам сөзінен — алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 г, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен.
Питекантроп
Питекантроптың ортан жілігінің құрылысы адамның ортан жілігіне ұқсас болуы, оның тік екі аяқпен жүріп тіршілік еткенін аңғартады. Оның кейбір белгілерінің маймылға, ал кей белгілерінің адамға ұқсастығына байланысты оған маймыладам (питекантроп) деген ат берілді. Кейіннен оның қаңқа қалдықтары Қытай, Германия, Венгрия, Солтүстік және Оңтүстік Африка жерлерінен де табылды. Питекантроптың қаңқа қалдықтары табылған кезде, әлі де аустралопитектердің де, епті адамдардың да қаңқа қалдықтары табылмаған еді. Сондықтан көп уакытқа дейін питекантроптар адамтектес маймылдар мен адамдар арасын байланыстыратын тіршілік. Питекантроптар иесі саналып келді. Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға (ежелгі адамдарға) немесе тік жүретін адамға («ноmо erectus») жатқызады. Ежелгі адамдардың сыртқы дене құрылысының едәуір айырмашылықтарына қарамастан, олардың бәрін бір ғана түрге жатқызады. Архантроптар жер бетінде бұдан 1 млн жыл мен 500 мың жылдар аралығындағы кезеңде тіршілік еткен. Бұларды қаңқа қалдықтарының табылған жерлеріне сәйкес питекантроп, синантроп (қытай адамы), гейдельберг адамдары деп те атайды. Ежелгі адамдардың сыртқы белгілері аустралопитектермен, епті адамдармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсас әрі миының салмағы да үлкен. 750, 900 г, кейде 1000—1100 г-дай. Архантроптардың бойының ұзындығы 165—170 см, бұл белгілердің бәрі де олардың қазіргі адамдарға едәуір ұқсас екендігін дәлелдей түседі. Дегенмен архантроптардың қас үсті доғасы айқын байқалады әрі маңдайы тайқы және жазық, иегі алға қарай шығыңқы емес. Ежелгі адамдардың жақ сүйектері ірі, бас сүйегінің бет бөлімі жақсы дамыған, ал ми сауыты әлі де кішілеу.
Архантроп
Архантроптардың бір тобы — синантроптар (қытай адамы) Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пекин маңындағы үңгірден табылды. Олар аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және тас құралдарды әрі отты пайдаланған. Синантроптардың көп белгілері питекантроптармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсайды. 1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғалымдар Гейдельберг адамы деп атап, архантроптарға жатқызды. Архантроптардың тіршілік әрекеттерінде де күрделі өзгерістер болғандығы байқалады. Олар көбіне ірі жануарларды ұжымдасып аулаған, отты пайдалана білген. Тастан құралдар жасауды жетілдірген. Тұрмыс қажетіне қарай тастардың шеттерін өткірлеп, үшкірлеп шапқыға, кескіге, қашауға ұқсас құралдар жасай білген. Архантроптардың тарихи даму кезеңіндегі негізгі ерекшеліктің бірі— сөздің пайда болуы. Сөз ежелгі адамдар арасындағы басты қарым- қатынас құралы болған. Өйткені олардың миының маңдай және самай бөліктерінің жақсы дамуы, дыбыстық ақпаратты қабылдау қабілетінің жақсы жетілгендігіне дәлел болады. Архантроптардың қаңқа қалдықтары Орталық және Солтүстік Африкадан, Оңтүстік Еуропа мен Алдыңғы Азия өңірінен де көптеп табылған. Бұл аймақтардан кейіннен архантроптар бірте-бірте Еуропа мен Азияның басқа да жерлеріне таралған деген пікірлер бар. Қазақстан жерінде де ежелгі адамдардың қоныс мекендері, пайдаланған тас құралдары мен аулаған жабайы жануарларының қаңқа калдықтары көптеп табылды. Басқалардың қаңқа калдықтары табылған емес. Соңғы жылдары Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары соны дәлелдейді. Тас дәуіріне қатысты тастан жасалынған құралдар Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Алтын Қолат жайлауының маңынан табылған. Кейіннен мұндай тас құралдар Жамбыл облысы Қызылту елді мекенінен де табылды. Осындай зерттеулер нәтижесінде ғалымдар Қазақстан жерінде ежелгі адамдардың қоныс мекендері шоғырланған бірнеше аймақты анықтады. Ондай аймақтарға Маңғыстау, Үстірт, Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау, Солтүстіктегі ұсақ таулы Көкшетау және Нарын- Бұқтырма, Ертіс маңы жатады. Архантроптар, негізінен, үңгірлерде өмір сүрген. Көптеген ғалымдар орталық немесе солтүстік Африка жеріндегі архантроптардың топтарынан казіргі адамдар пайда болған деген пікірді қолдайды. Архантроптардан бастап қазіргі адамдардың келіп шығуы 500 мың жылдай уақыт аралығын қамтыған. Архантроптардың эволюциясында ми салмағының артуы, қоғамдасып тіршілік ету, еңбек құралдарын жетілдіре түсу және отты пайдалану — эволюцияның басты бағыттары болды. Дегенмен де архантроптардың эволюциялық дамуында биологиялық факторлар, соның ішінде табиғи сұрыпталу басты рөл атқарған.
Пайдаланған әдебиет

Дата: 2012-10-10 Просмотров: 23406 Загрузок: 48 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: