Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері

Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері
 
Адам – табиғаттың құрамды бір бөлігі, тірі ағзалардың ұзақ уақыт тарихи дамуының жемісі. Көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов адамның табиғаттағы алатын орнын жоғары бағалаған. Ғалым «адам табиғаттың асқақ туындысы, әрі ол күрделі де нәзік жүйе» – деп, қорытынды жасаған. Адамды табиғаттан мүлде бөліп қарауға болмайды. Біріншіден – оның дене құрылысы, тіршілік әрекеті басқа ағзаларға өте ұксас. Екіншіден – адам қанша саналы болғанымен табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері оның ақыл-ой, санасы арқылы айқындалады. Себебі адам – ақыл-ой, санасы арқылы өзін қоршаған табиғи ортаны танып біледі.
 
Адам ағзасының жоғарғы сатыдағы жануарлардан (приматтардан) негізгі ерекшеліктері:
 
I.Қаңқа
 
1. Омыртқа жотасының пішіні 4 иілімді S тәрізді
 
2. Аяқтары қолдарынан едәуір ұзын және күштірек
 
3. Бассүйек алдыңғы жақта карақұстың үлкен тесігінен арқа жағына «асылып» тұрмай (дорсально) үстіңгі жағына «орныққан»
 
4. Ми орналасқан бөлік беткі бөліктен едәуір қомақты
 
5. Тіс, жақсүйек, тұмсық бөлімі нашар дамыған
 
6. Төменгі жақсүйек таға тәрізді, иегі шығыңқы
 
7. Шайнау бұлшықеттері жойылып кеткендіктен, бассүйек бұдырлары тегістеліп кеткен
 
8. Қас үсті буылтығы кас үсті доғасына алмасқан
 
9. Аяқбасы – дөңес, баспайы – үлкен
 
10. Басбармағы өзге саусақтарға қарама-карсы орналасқан
 
11. Қолдары иыққа бекінген; кеуде қуысының ені, ұзындығы мен тереңдігінен кеңірек
 
12. Жамбас астауы тостаған тәрізді
 
II. Бұлшықет
 
13. Тіл бұлшықеттері күшті дамыған
 
14. Ымдау бұлшықеттері дамыған
 
15. Қолды айналдыра қозғайтын білек бұлшықеттері жаксы дамыған
 
16. Көмекейдің ерекше дауыс шығаратын бұлшықеттері бар
 
III. Жүйке жүйесі және сезім мүшелері
 
17. Миы үлкейген, «бедерлер» – үлкен ми сыңарлары қыртысының қатарлары есебінен дамыған
 
18. Көру, есту, түйсіну дамыған; иіс сезу өзгерген (нашар)
 
19. Екінші сигналдық жүйе – сөз – дерексіз ойлау, көз алдына елестетумен өзара байланыста қалыптасқан
 
20. Барлық деңгейлердің психиялық үдерістері жетілген
 
IV. Жабын (тері)
 
21. Түкті жабын жойылған
 
22. Теріде тер бездері және рецепторлары көп
 
23. Саусақ ұшындағы жұмсақ еттің бүртікті өрнегі күшті дамыған
 
Қазіргі кезде адамды түрлі бағытта зерттейтін ғылымдар бар. Ол адам табиғатына ерекше мән береді. Адам табиғаты дегеніміз – адамның жеке басына тән сипаттар жиынтығы. Оны кебіне гуманистік касиеттер жүйесі деп атайды. Гуманизм (лат. humanus -адамгершілік, ізгілік) адамды жеке тұлға ретінде тани білу туралы көзқарастар жиынтығын қамтиды. Оған адамның еркін дамуын, шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру құқығын мойындау жатады. Гуманизмнің басты қағидасы – жеке адам бойындағы құндылықтарды мойындап, олардың жүзеге асуына жағдай жасау.
 
Адамның саналы тұлға ретінде қалыптасуында еңбектің рөлі зор. «Адамды адам еткен – еңбек» деген тұжырым соны толық аңғартады. Адамның пайда болуының өзі тікелей еңбек етуге үйренуімен байланысты. Еңбек әрекеттері арқылы ми мен сезім мүшелерінің кызметі жетіле түсті. Соның нәтижесінде, адамның таным кабілеттері де дамыды. Еңбек етіп, бірімен-бірі қарым-қатынас жасауының арқасын-да сөз пайда болды. Айқын сөз негізгі қарым-қатынас құралына айналып, қоғамның қалыптасуына мүмкіндік туғызды.
 
Адамның қалыптасуында жеке адамдардан отбасы құралды. Туыстық жақын отбасылар бірігіп үлкен әулет құрады. Еңбек ету, қарым-қатынас барысында ұжымдар пайда болды. Ұжымдардан бірте-бірте коғам қалыптасты. Әрбір саналы адам — өзі өмір сүрген қоғамның толық мүшесі болып саналады.
 
Қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдардың дене бітімі, санасы толық қалыптасқан. Қазіргі кезде қалыпты анатомия ғылымында кемел адам (нормальный человек) деген ұғым бар. Дені сау адам қоғамдағы жауапкершілікті жақсы сезінеді (2-кесте).
 
Қазіргі кезде дені сау ересек адамды кейде кемеліне келген (зрелый) адам деп те атайды. Оның бойының ұзындығы – 170 см, дене салмағы – 70 кг, өмір сүру ұзақтығы – 70 жас, терісінің ауданы 1,8 м2.
 
Денсаулық – адам өмірінің басты кепілі. Әрбір дені сау адам қоғамның басты байлығы. Жеке адамдардың денсаулығынан қоғамның денсаулығы қалыптасады. Денсаулық адамның негізгі көрсеткіші болып саналады. «Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау», «Халқың сырқат болса, қабырғаң сөгіледі» деген халықтық даналық сөздерде үлкен мән бар.
 
Әрбір адам өз денсаулығын сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстануы қажет. «Қазақстан – 2030» бағдарламасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары нақты атап көрсетілген. Елімізде 1997 жылы «Азаматтардын денсаулығын сактау туралы» арнайы заң қабылданған.
 
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектептерде арнайы «Салауаттану» пәні оқытылады.
 
Денсаулық дегеніміз біріншіден – аурудын немесе дене кемістігінің болмауы. Екіншіден – адамның денесінің, рухани жан дүниесінің қалыпты жағдайы, өміріне қажетті әлеуметтік жағдайлардың болуы.
 
Кемеліне келген ересек адамның мүшелері, олардың салмағы және жалпы дене салмағынан алатын % үлесі (А. Мамедов бойынша, 1998)
Мүшелер Салмағы (грамм есебімен) Жалпы дене салмағынан алатын %-дық үлесі
Бұлшықеттер 30 000 43
Қанқа 10 000 14,3
Май ұлпасы 10 000 14,3
Тері және теріасты шел қабаты 6 100 8,7
Қан 5 400 7,7
Қарын және ішектер 2 000 2,9
Бауыр 1 700 2,4
Ми 1 500 2,1
Өкпе (2) 1 000 0,14
Жүрек 300 0,24
Бүйрек (2) 250 0,35
Көкбауыр 150 0,2
Қуық 150 0,2
Ұйқыбез 70 0,1
Аталық без (2) 40 0,06
Аналық без (2) 10-14 0,016
Жұлын 30 0,04
Көз (2) 30 0,04
Қалқанша без 20 0,03
Тістер 20 0,03
Қуықасты безі 20 0,03
Басқа мүшелер (қантамырлар,шеміршектер,жүйкелер және т. б.) 1 220 1,7
Жалпы дене 70 000 100
 
Үшіншіден – дене мүшелерінің, адам психикасының қалыпты қызмет атқару жағдайы. Төртіншіден – ұжымның, қоғамның мүшесіретіндегі белсенділігінің, жұмыс істеу қабілетінің болуымен ерекшеленеді.
 
Қорыта айтқанда, адам денсаулығын еш нәрсемен алмастыруға болмайды.[1]
Пайдаланған әдебиеттер
↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х

Дата: 2012-10-10 Просмотров: 6382 Загрузок: 12 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: