Адвентициялық жасуша

Адвентициялық жасуша (лат. adventitius — келімсек) — қан тамырларының сыртқы борпылдақ дәнекер ұлпалық қабықтарында кездесетін шала маманданған жас жасуша. Пішіні ұршық сабына ұқсас ұзынша келген, сопақ ядролы адвентициялық жасушаның цитоплазмасы солғын көкшіл түске (базофильді) боялған. Органеллалары нашар жетілген. Адвентициялық жасуша — борпылдақ дәнекер ұлпасының талшықтары мен негізгі пішінсіз затын түзетін жасушалары — фибробласттар даму қатарының жетілмеген ең жас жасушасы. Адвентициялық жасушалардан борпылдақ дәнекер ұлпасының жасушалары — фибробласттар, миофибробласттар, адипоциттер (май жасушалары), лаброциттер (шырлы жасушалар немесе ұлпа базофилдері) дамып жетіледі

Дата: 2012-10-10 Просмотров: 2944 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: