Автотомия

Автотрофтар (гр. autos — өзім, өздігінен; trophe — қорек, қоректену, тамақтану) — бейорганикалық заттардан (көмірқышқыл газынан, судан, азоттың бейорганикалық қосылыстарынан) фотосинтез немесе хемосинтез арқылы органикалық дүниенің тіршілігі үшін тым қажет күрделі органикалық заттарды (акуыздарды, майларды, көмірсуларды) түзетін орАвтотомия (гр. autos’ — өзім, өздігінен; tome — кесу, үзу, түсіп қалу) — оқыс тітіркеніске байланысты кейбір жануарлардың өздерінің дене бөліктерін өздігінен үзіп тастау қабілеті. Мыс., актинийдің қармағышын, кесірткенің құйрығын өздігінен үзіп тастау құбылысы; кейбір жануарлардың қатер қорғаныш реакциясы ретінде өз денелерінің қыспағында бөлігін үзіп тастауы – мысалы жыртқыштардың шабуылы кезінде.[1] Үзілген дене бөліктері соңынан қалпына (регенерация) келеді.ганизмдер. Автотрофты организмдерге жасушаларында жүретін фотосинтез процесі үшін күн сәулесі қуатын пайдаланатын жасыл өсімдіктер және хемосинтез процесі үшін химиялық қуатты пайдаланатын кейбір хемотрофты бактериялар жатады.
 
Аутотрофты организмдер (грек. autos – өзі және trophé – қорек)– қоршалған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде тіршілігіне қажетті органикалық зат түзетін организмдер. Аутотрофты организмдерге жоғары сатыдағы өсімдіктер, балдырлар, кейбір бактериялар жатады.
 
Автотрофты бактериялар минералды заттардан (H2SNaNO2NH4OH)органикалық қосылыстар түзеді. Бұл процесс химиялық реакциялар (хемосинтез) нәтижесінде атқарылады.
Мысалы, топырақтағы нитросомонас және нитробактериялар аммиакты тотықтырып, азот қышқылының тұзына айналдырады да,
одан босаған қуатты өз денесінің құрамына енетін заттарды түзуге пайдаланады.
Кейбір микроорганизмдер денесінде хлорофилл тектес пигменттер болады, сондықтан олар синтездік процестерге қажет қуатты күн сәулесінен алады. Оларды фотосинтездеуші автотрофты микроорганизмдер деп атайды.
 
Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен балдырлар да денесінде хлорофилл болғандықтан қарапайым қосылыстардан — көмір қышқыл газдан — күрделі органикалық заттар түзу процесінде күн сәулесінің қуатын пайдаланады.
 
Кейбір Аутотрофты организмдер витаминдер мен өсуіне қажетті өзге де заттарды қоршаған ортадан алып отырады.
Аутотрофты организмдердің басым көпшілігі СО2-ні қалыптастырғыш пентозофосфаттық жол арқылы, ал бактериялардың кейбір түрлері (мысалы, метан түзушілер) СО2-ні басқа жолмен сіңіреді. Осыған байланысты көміртегі көзі ретінде метанды пайдаланатын бактерияларды да Аутотрофты организмдерге жатқызу жайлы пікірлер бар.
 
Аутотрофты организмдердің табиғатта маңызы өте зор. Олар адам мен жануарлар түзе алмайтын органикалық заттарды жинақтайды.
Аутотрофты организмдер — биосферадағы органикалық заттардың бастапқы өндіргіштері (продуценттері). Табиғатта фотосинтездеуші Аутотрофты организмдер ерекше орны алады, себебі олар биосферадағы органикалық заттардың басым бөлігін (жылына шамамен 162×109 т), ал оның 2/3-ін жер бетіндегі өсімдіктер түзеді. Басқа Аутотрофты организмдер үлесі онша көп емес.
Аутотрофты организмдер әрекеті басқа организмдердің тіршілігіне және де табиғаттағы заттардың биогеохимиялық айналымына маңызды ықпал етеді. Аутотрофты организмдер тағамдардық заттарды бүлдірмейді.

Дата: 2012-10-10 Просмотров: 1895 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: