Агар

Агар немесе агар-агар (малай тілінде агар-агар – балдыр) – кейбір қызыл теңіз балдырларынан алынатын полисахаридтер қоспасы; құрамына полисахаридтер енетін, қызыл балдырлардан алынатын өсімдік қоллоиды; судағы ерітіндісін суытқанда тығыз сірне түзеді; биологияда, медицинада және кондитер, цемент өндірісінде қолданылады; Микроағзаларды және бактерияларды өсіру үшін дақылдық орта дайындау үшін қолданылады.
Агар Тынық және Үнді мұхит жағалауларымен Үлкен Зонд аралдарынан Жапонияға дейінгі аралықта өндіріледі. Құрамы балдырлардың түрлеріне байланысты әрқалай болады: полисахаридтер 60 – 80%, су 10 – 20%, минералдық заттар 1,5 – 4% мөлшерінде кездеседі. Полисахаридтердің өзі негізінен агарозадан және агаропектиннен тұрады. Агар суық суда ерімейді, ал ыстық суда жылдам ериді. Агардың 1,5%-дық судағы ерітіндісі 32 – 36°С-қа дейін суытқанда қоймалжың кілегей (гель) түзеді, ол 85°С-та балқиды. Агардың кілегей (гель) түрінде түзілу қабілеті құрамындағы агароза мен агаропектиннің көбеюіне байланысты азайып, тіпті жоғалып та кетеді. Агар тамақ, әсіресе кондитер өндірісінде (конфет, мармелад, суфле, зефир, т.б.), сондай-ақ микроорганизмдер мен бактериялар өсіру үшін микробиологияда қолданылады.

Дата: 2012-10-10 Просмотров: 1872 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: