Агранулоцит

Агранулоцит(гр. а’ — жоқ және лат. granulum — дән, дәнше, түйіршік; лат. kytos — қуыс үяшық, жасуша) — қанның дәншесіз ақ қан жасушасы (лейкоциті); дәнсіз лейкоцит қанның ақ клеткалары олардың цитоплазмасы дәнсіз (гранула жоқ). Көптеген омыртқасыз жануарлардың агранулоциттері бір түрлі – амебациттер – ал омыртқалы жануарларда екі түрлі лимфоциттер және моноциттер.
Агранулоцитке қан жасушаларының лимфоциттері және моноциттері жатады. Бұлардың цитоплазмасында арнайы бояулармен боялатын дәншелер болмайды. Лимфоциттер — организимдегі түрліше иммунологиялық реакцияларға белсенді қатысатын маңызды қан жасушалары. Олар қан лейкоциттерінің жалпы санының 20- 40% құрайды. Адам мен жануарлар организмдерінде лимфоциттердің екі түрі: Т және В лимфоциттер болады. Т лимфоциттер (тимусқа тәуелді лимфоциттер) жасушалық иммунитетке, В лимфоциттер (лат. bursa — қапшық) сұйықтық (гумаральдық) иммунитетке жауапты. Т лимфоциттер жүйесінде әсерлі (эффекторлы) жасушалардың үш популяциясы болады. Олар: Т киллерлер (цитотоксикалык лимфоциттер), Т хелперлер (көмекшілер) және Т супрессорлар (баяулатқыштар). В-лимфоциттер жүйесінің эффекторлы жасушарына плазмобласттар мен плазмоцитгер (иммундыглобулиндер бөлетін жасушалар) жатады. Қан моноциттері — ұлпалар мен мүшелер макрофагтарының (ірі жемір жасушалар) бастама ізашар жасушалары.

Дата: 2012-10-10 Просмотров: 2078 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: