Алаөкпе

Алаөкпе (Pleuropneumonіa, грек. pleura — бүйір, қабырға және pneumonіa — өкпе қабынуы) — жұқпалы індет. Көбінесе онымен сиыр, кейде қой-ешкі ауырады. Аурудың белгісі 8 күн ішінде, кейде 3-4 айдан соң білінеді. Ауырған ірі қара малдардың өкпесі мен плеврасы жаппай қабынып, ыстығы көтіріліп, жөтел, демігу, сырыл пайда болады, ал плеврит қабаттасқан жағдайда осы белгілер едәуір күшейеді. Ауру малдың өкпесі ала болып қанталап, көкірек қуысына сары су толып кетеді. Ақырында мал титықтап арықтайды. Сауын сиырлардың сүті кемиді. Алаөкпеге шалдыққан малды емдеу оның түріне қарай сараланады. Ауру малдарды жаз айларында көлеңкеде, ашық ауада, қыс пен күзде жылы, таза қорада ұстап құнарлы азықпен азықтандырады. Алаөкпеге қарсы сульфаниламид және антибиотиктер қолданылады. Қоралар тазартылып, дезинфекцияланады. Ауру байқалған жерге карантин жарияланып, күзет қойылады.

Дата: 2012-10-10 Просмотров: 2057 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: