Фитоценология туралы

Фитоценология туралы. Фитоценология — экологиялық географияның ең жас жөне шарықтап дамьш келе жатқан саласы. Оның негізгі мақсаты өсімдіктер кауымдастықтарьш зерттеп, олардың қалыптасуы мен дамуының себептерін ашу және шаруашылықта пайда-лануының жолдары мен тәсілдерін анықтау больш табылады.
 
Сонымен бірге фитоценология өсімдіктер қауымдастықтарының қайта қалпына келуін де зерттейді. Ботаникалық географияның басқа салаларымен бірге фитоценологияньщ ауылшаруашылық практикасында маңызы үлкен. Әсіресе шалғындарды, ормандарды, шөлдерді, шөлейтті, батпақты жерлердің және т.б. өсімдіктер жабыньш жан-жақты зерттеу және оларды шаруашылықта пайдалануды белгілі бір ғылыми жүйеге қою фитоценологияның жетістіктерімен байланысты. Фитоценоз — бұл белгілі бір территорияның бір тектес участоктерінде кездесетін өсімдіктердің тарихи қалыптасқан үйлесімді қарым-қатынасы болып табылады. Бұл анықтамада көңіл аударатын нәрсе мынау, фитоценоз -өсімдіктердің кездейсоқ жиынтығы емес, ол белгілі бір территориямен, басқаша айтқанда сыртқы ортаның факторымен байланыста болатын, өмір сүріп отырған ортасына бейімделушіліктің негізінде қалыптасқан, ұзақ уақыттар бойы жүрген тарихи дамудың жемісі. Бір ғана түрден тұратын фитоценоздар бар. Мұндай фитоценоздарды ерекше орталарда, түрлердің біреуінің бейімделушілік қасиетінің жоғары болуының нәтижесінде, басқа түрлерден айқын артықшылығы болатын жағдайда кездестіруге болады. Бұған сор топырақтарда солянкалардың кейбір түрлерінің калың болып өсуі, қара өлеңшөптің (камыша озерного) жер асты суының жақын жатқан жерлерінде қалың қопа түзуі мысал болады. Тұрақты система ретінде, фитоценоздың ең маңызды қасиеттерінің бірі – оның өздігінен қалпына келуге қабілеттілігі. Өсімдіктердің өздігінен қалпына келуге қабілетсіз үйлесімділігінің фитоценоздардан айырмашылығы сол, оларды өсімдіктердің топтары (группировки) деп атайды. Фитоценоздарды универсалды бағдарламамен зерттейді. Ең алдымен олардың структурасын зерттеуге: түрлерінің құрамына, ярустығына (жер беті бөлігі мен тамыр системаларының), осы фитоценоздың түзілуіне жекелеген түрлердің қатысына, жекелеген түрлердің өмірлік формаларына және басқа да параметрлеріне көңіл бөледі. Фитоценологтардың басты мақсаты шалғындарды, ормаңдарды, тундраны, шөлейтті, шөлдерді және өсімдіктер жабынының басқа типтерін (оның ішінде мысалы, ауылшаруашылық дақылдары мен ағаштардың көшеттерімен ауыстырылғандары да бар) тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Фитоценологтар агрономдармен, топырақтанушылармен, экологтармен, өсімдік шаруашылығын жақын арада қалайда жолға қоюдың жоспарын жасау үстінде. Олар шөлді және шөлейт аймақтарда, қорықтарда жұмыс жүргізуде. Сонымен бірге олар ауылшаруашылығына пайдалы жерлерді дұрыс жоспарлауға (пландауға) және үлкенді-кішілі қалаларды, елді мекендерді, үлкен кен орындарын игеруге байланысты бүлінген жерлерді (террикондарды, золоотвалдарды, хвосто-хранилищелерді) көгалдандырудың жоспарларын жасауға қатысады.

Дата: 2012-10-10 Просмотров: 2900 Загрузок: 7 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: