Онтогенез туралы реферат

Онтогенез туралы реферат. Онтогенез дегеніміз өсімдіктің зиготадан бастап табиғи жолмен қурап өлгенге дейінгі аралықтағы дербес дамуы. Онтогенез үш кезеңнен тұрады: ұрыққа дейінгі (проэмбрио-нальды), ұрықтық (эмбриональды), ұрықтан кейінгі (постэм-бриональды).
 
Тұқымды өсімдіктерде онтогенез әдетте тұқымның өсе бастаған кезінен бастап, өсімдік толық өліп қурағанға дейінгі аралықта байқалады.
Онтогенездің ұзақтығы өсімдіктердің әртүрлі систематикалық топтарыңда бірдей болмайды: бактерияларда ол оншақты минутқа, ал баобабалар мен секвойяларда мыңдаған жылдарға созылады.
Онтогенезде вегетативті органдардың өсуі мен дән байлауьшың ара қатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Бүткіл өмірінде бірақ рет дән байлайтын монокарпты өсімдіктер мен бірге бірнеше рет дән байлайтын — поликарпты өсімдіктер де болады. Монокарпты өсімдіктерге бір жылдық, өмірінің екінші жылында ғана гүлдейтін екі жылдық шөптесін өсімдіктер (сәбіз, қызылша) және тіптен вегетативтік органдары бірнеше жыл өсіп, үлкен мөлшерге жеткеннен соң барып гүлдейтін көп жылдық өсімдіктер жатады (агавалар мен бамбуктер). Монокарпты өсімдіктер гүлдеп болған соң өледі. Поликарпты өсімдіктерге жыл сайын гүлдеп дән байлайтын, көп жылдық өсімдіктер жатады. Өсімдіктердің бұл тобының вегетативтік органдары жыл сайын өсіп отырады.
Онтогенездің барысыңда өсімдіктер жүйелі түрде белгілі бір фазалардан өтеді. Өсімдіктердің әртүрлі топтарында бұл фазалар әртүрлі болуы мүмкін, сол топқа ғана тән болуы мүмкін. Мысалы, бір жылдық қос жарнақтыларда мынадай фазаларды белгілейді: дәннің өсуі, өскіннің пайда болуы, нағыз жапырақтың алғашқы жұбының түзілуі, өркеннің пайда болуы, бітеу гүлдің (бутон) түзілуі, гүлдеуі, дән байлауы, ал бір жылдық астық тұқымдастарында -тұқымның өсуі, өскіннің пайда болуы, түптенуі, түтіктің түзілуі, бас байлауы, гүлдеуі, дөннің толысуы және дәннің пісуі. Жыныссыз көбейгенде онтогенез аналық организмнің бөлінуінен немесе маманданған клетканың пайда болуынан немесе клеткалардың тобының түзілуінен (мысалы, өнім бүршіктері) басталады. Олардан жаңа организмнің бастамасы (зачаток) пайда болады.
Себілетін өсімдіктер үшін, онтогенезде олардың жеклеген органдарының пайда болуының заңдылықтары мен қалыптасуының мезгілін білудің маңызы үлкен. Ф.М.Куперман мен оның ғылыми қызметкерлері өсімдіктердің жекелеген органдарының пайда болуы мен қалыптасуының жүйелілігін және қарқындылығын, басқаша айтқанда оргоногенездің кезеңдерін фундаменталдық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, оларды бақылаудың тәсілдерін жолға қойған. Осы тәсілді пайдалана отырып, агроном астықтың түсімінің қалыптасуы туралы мәліметтер алады және оргоногенездің қарқыңдылығын жеделдетуге немесе тежеуге қажетті шешім қабылдауға мүмкіндік алады.

Дата: 2012-10-09 Просмотров: 4729 Загрузок: 57 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: