Қоңырбастар тұқымдас тармағы

Қоңырбастар тұқымдас тармағы
Масақшасының 2 масақтық қабықшасы болатын көпгүлді немесе біргүлді өсімдіктер. Бұл тұқымдастармағына эконо-микалық жағынан маңызы аса зор тамаққа пайдаланылатын жарма алынатын жөне нан пісіруге қажетті ұн алынатын, сонымен бірге малға азық болатын өсімдіктер жатады.
 
Бидай туысы (пшеница). 19 түрі бар, олардың тек 4-уі ғана табиғи жағдайда белгілі, қалғаңдары мәдени жағдайда өсетін немесе жабайы жағдайға ауысқан өсімдіктер больш келеді. БОР-дьщ территориясында 13 түрі бар, негізінен Грузияда (түрлерінің ең көп кездесетін орталығы, бидайдьщ шыққан жері болуы да мүмкін). Өмірлік формасы – біржылдық – және екіжылдық шөптесін өсімдіктер. Жел арқылы өздігінен және айқас тозаңцанатьш өсімдіктер. Масағы жалғыздан, оның 3-тен 7-ге дейін гүлі болады. Дәндері әдетте 2—3 төменгі гүлдерінен пайда болады. Гүлшоғыры күрделі масақ. Дүниежүзінің ауылшаруашылық өндірісінде негізгі нан өнімдерін беретін дақыл. 4 мыңнан астам сорттары белгілі.
Кұртты бидай (твердая пшеница — Т.сшгат) — мәдени жағдайда аса кең таралған түрлердің бірі, өсіресе БОР-дың оңтүстік аудандарында, (Еділ бойында, Кавказда, Батыс Сібірде), көптеп себіледі. Олардан үнтақ жарма, макарон, үн алуға қажетті сапасы өте жоғары дән алынады. Жұмсақ бидай (пшеница мягкая) (254, А- сурет) егістік көлемі жағынан бірінші орынды алады. Ол негізінен шөлейт аймақта және жартылай орманды жерлерде себіледі, сонымен бірге солтүстік жаққа да біршама жылжыған (Ленинград облысы, Сібір). Екі дәнді бидай (пшеница двузернянка — Т. (Исоссшп) жаздық сорттар, сондықтанда оларды аз мөлшерде себеді (Закавказья республикаларында, Татарстанда). Кррабидай туысы (рожь — 8еса1е). Оның қоңыржай климатты облыстарда, әсіресе солтүстік ендіктің таулы аудандарында кең таралған 8 түрі бар. БОР-дың флорасында 5 түрі кездеседі, олар негізінен Кавказда шоғырланған. Жабайы қарабидайдың (рожь дикая — 8.8у1уе8іге) ареалы кең (ТМД-елдерінің европалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда), ол көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, масағы екі гүлді, гүлдің төменгі қабықшасының қылтығы болады, дәнінің сыртын түктері айқын қаптап түрады. Мәдени бидайды (рожь посевная — 8.сегеа1е) бір және екіжылдық
(күздік) дақыл ретінде БОР-дың европалық бөлігінде, Сібірде себеді; оңтүстік аудаңдарда ол көпжағдайда арамшөп ретінде кездеседі. Күрделі масағының әрбір масақшасыңда 2 жақсы жетілген, және 1 толық жетілмеген гүлі болады. Қарабидай желмен тозаңданатын өсімдік. Оның дәні әрі жіңішке, өрі үзын болады. Қарабидайдың дәнінен алынған ұнның түсі қоңыр болады. Одан қарабидай нанын (ржаной хлеб) пісіреді.
Арпа туысы (ячмень — Ногдеит). Туысұың құрамында 26 түр бар, оның 12-сі Қазақстанда кездеседі. Жабайы түрлері Қырымда, Кавказда, Орта Азияда өседі. БОР-дың территориясында, соның ішіңде Қазақстаңда екі түрі көптеп себіледі: қосқатар арпа (ячмень двурядньш ) және кәдімгі арпа (ячмень обыкновенный.
Арпаның гүл шоғыры күрделі масақ. Масақтың өсінің әрбір кертпегінде 3 біргүдді масақша орналасады. Арпа гүлдеген кезде өздігінен тозаңданады, бірақ әрі ыстық, әрі құрғақ жазда айқас тозаңдануыда мүмкін. Қосқатар арпаның үш масақшадан түратын тобының, тек ортаңғысыңда ғана қосжынысты гүл жөне дән пайда болады, ал кәдімгі арпаның барлық үш масақшасының гүлдері түгелдей гүлдеп дән байлайды. Арпа ерте пісетін дәнді дақыл. Оның дәндерінен арпа жармасын дайындайды және сыра ашытады. Сонымен бірге арпа мал азығы ретінде де пайдалы дақыл, оның дәнімен жылқыны, ірі қарамалды, шошқаны және құстарды семіртеді.
Сұлы туысы (овес — Аұепа). 33-тей түрі бар, олар негізінен Жерорта теңізі жағалауыңдағы елдерде кең таралған өсімдіктер. БОР-дың территориясында 18 түрі, ал Қазақстанда 7 түрі кездеседі. Оның шашыраңқы болып келетін гүлшоғыры сыпырғы деп аталынады. Сыпырғының бұтақшаларында масақшалар орналасады, олардың әрқайсысында 2—4 гүл бар. Олар өздігінен тозаңданады. Кейбір арамшөп ретінде өсетін түрлері, мысалы қарасүлы (овсюга) дүниежүзінің барлық құрлықтарында кең таралған өсімдік. Сүлы суыққа төзімді дақыл. Мәдени жағдайда егістік
Қоңырбас туысы (мятлик – Роа). Туыстың қоңыржай және салқын климатты зоналарда өсетін 200-дей түрі бар. БОР-дың территориясында 110 түрі бар, ал Қазақстаңда 38 түрі кездеседі. Олардың кейбіреулері космополиттер. Мал азығы ретінде құнды өсімдіктер. Сондықтанда олардың кейбір ерекше қүндыларын мөдени жағдайда себеді. Мысалы жуашық қоңырбасын шалғын қоңырбасын (Роа ргаіешік) көп жерде отырғызады. Жабайы түрлерінен аса құндыларының бірі болып бір жылдық қоңырбас табылады (Роа ашша).
Бидайъщ туысы (пырей — А§горугоп). Жершарының екі бөлігінің де, негізінен қоңыржай климатты зоналарында өсетін 70-тей түрі бар. БОР-дың флорасыңда 60-тай түрі, ал Қазақстаңда 44 түрі кездеседі. Олар горизонталь бағытта өсетін ұзын тамырсабақты немесе қысқа тамырсабақты, қалың болып түптенетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлшоғыры тік өсетін жекелеген күрделі масақтан тұрады. Күрделі масақтың өсіне жалпақ жағымен 3-тен 13-ке дейін гүлі бар масақша орналасады. Жатаған бидайық (пырей ползучий — А.гереш) өте өзгергіш түр, көп жағдайда ол егістіктің күресуге қиын арамшөбі, әсіресе оның қылтығы бар формалары.
Арпабас туысы (костер — Вготш). Солтүстік еңдіктің қоңыржай климатты облыстарында кең тараған өсімдіктер. Олар Оңтүстік Америкада және тропикалық елдердің таулы аудандарыңда да өседі. БОР-дың территориясыңда 44 түрі, ал Қазақстанда 20 түрі кездеседі. Гүлшоғыры агрегатты сыпырғы түзеді, олардың масақшалары біршама ірі больш келеді. Мал азығы ретінде аса құңды өсімдіктер. Кейбір түрлері мәдени жағдайда аралас шөптер өсіруге пайдаланылады. Қылтанақсыз арпабас (костер безостый — В.тегтіз) көпжылдық көген-тамырлы өсімдік, ылғалдың аздығына және төменгі температураға шыдамды. Тарақбоз, арпаған (костер кровельный — В.іесюгшті) ылғалы жеткіліксіз (құрғақшылық) аудаңдарда өсетін біржылдық өсімдік, әсіресе БОР-дың Европалық бөлігінде Кавказдың, Орта Азияның егістіктерінде кең таралған өсімдіктер. Қарабидай арпабасы (костер ржаной — В.зесаііпш) егістіктің күздік және жаздың арамшөбі, өсіресе қарабидаймен сүлы егілген жерлерде ол көптеп кездеседі.
Басқа туыстарынан мына түрлер көңіл аударарлық: су бетегесі (овсяница луговая — Ғекпдса ргаіешіз), шалғынның өсімдіктер қауымының негізгі компоненті, мал азығы ретінде өте құнды өсімдік; шашыраңқы аккылтан (белоус торчащий тығыз түптенетін, көп жерлердің өсімдіктер қауымында басым болып келетін (ландшафтное) көпжылдық өсімдік, өсіресе Карпат тауының субальпі белдеуіңдегі шалғыңдарда ол айқьгн басымдық көрсетеді. Кавказда бұл өсімдік қышқыл, нашар жетілген топырақтарда малдың шамадан тыс артық жайылғандығын көрсетеді; Қыздырма ұйбидайық (плевел опьяняющий) жаздық бидайдың біржылдық арамшөбі, БОР-дың ормаңды және жартылай орманды аудандарында өседі, космополит, саңырауқұлақпен зақымданған дәндерінде темулин деген алколоид пайда болады. Ол бас ауруын және летаргия (ұйқыға ұқсас қалге ұшыратады) ауруын туғызады; шалғын аткрнағы (тимофеевка луговая ) — тамырсабағы қысқа больш келетін көп жылдық шөптесін өсімдік, гүл шоғыры сұлтан деп аталъшады, әдет жайылма шалғындарда және ылғалы орташа болъш келетін шалғындарда өседі. Мал азығы ретінде ең құнды өсімддктердің бірі, көпжағдайда оны (люцерна) бедемен араластырьш себеді.

Дата: 2012-10-09 Просмотров: 3518 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: